Оқиғалар

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Жыл сайынғы «Қастеев оқулары-2022»

ғылыми-практикалық конференциясы

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ МУЗЕЙІ: ЗЕРТТЕУЛЕР, ТӘЖІРИБЕ, ПЕРСПЕКТИВАЛАР

Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік өнер музейі жыл сайынғы «Қастеев оқулары» ғылыми-практикалық конференциясын ұйымдастырады. Конференция әлемдегі қарқынды өзгеріс жағдайындағы мәдени мұраны дамыту және сақтау мүмкіндіктерін талқылайтын пікірталас алаңына айналуды көздейді. Пандемиядан кейінгі жағдай, сыртқы саясаттағы тұрақсыздық, мәдени мұралардың өзектілігін арттыру және қоғамның рухани жаңғыруы өзгерістерді талап етеді. Бұл іске музей де қатысып, қоршаған ортадағы іс-қимылдарға өзінің жауабын беруі тиіс. Сала мамандары үшін бұл конференция музей ісінің теориясы мен практикасын, өнертанудың өзекті мәселелерін талқылауға, ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұсынуға, өңірлік көркемсурет мектептерінің дамуы мен қазіргі заман суретшілерінің шығармашылығы жайлы пікірін білдіруге мүмкіндік береді. Біз Сіздерді конструктивті кәсіби диалогқа шақырамыз!

Конференция 2022 жылғы 20 қазан күні сағат 10.00-18.00 Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде өтеді, Алматы, Қазақстан

Конференцияның мақсаты – қазіргі замандағы даму контексінде мәдени мұраны зерттеу, сақтау және дәріптеу миссиясын жүзеге асырудағы музей қызметінің тиімділігін арттыру үшін ғылыми жұмыстардың нәтижесін көрсету.

Конференцияның міндеттері:

  • Музей ісінің теориясы мен практикасының өзекті мәселелерін талқылау

  • Өнертану теориясы мен тарихының проблемалары

  • Қазақстан бейнелеу өнерінің даму парадигмасын ұғыну (Тәуелсіздік кезеңін қоса алғанда)

  • Мәдени және көркемдік мұраны зерттеу мен жандандырудың тиімді әдістерін іздестіру

  • Музей практикасындағы интерактивтік және ақпараттық технологиялар

  • Музей коллекциясын ғылыми зерттеудегі жаңалықтар

  • Музей мекемелерін дамытудағы инновациялық қызмет

Конференция жұмысының бағыттары: музейтану, мәдениеттану, өнер тарихы, өнер философиясы, музей педагогикасы.

Конференцияға қатысуға шақырылатындар:

Музей мамандары, өнертанушылар, әлеуметтік мәдениеттанушылар, тарихшылар, көркемдік ЖОО оқытушылары, аспиранттар, магистранттар.

Негізгі мәселелер:

  • Қазақстан бейнелеу өнерінің эволюциясы (Іргесі қаланғанан бүгінгі күнге дейінгі)

  • Заманауи көркемдік процестің стиль жасаушы үрдістерін талдау

  • Қазақстан бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнерінің теориясы мен тарихының проблемалары мен үрдістері

  • Заманауи көркемдік процестегі дәстүрлер мен инновациялар.

Конференцияны ұйымдастырушылар конференцияның басталуына дейін мақалалар жинағын бастырып шығаруды ұйғарды. Қатысу үшін өтінімдеріңіз (үлгісі қосымшада) бен мәтіндеріңізді 2022 ж. 12 қыркүйектен кешіктірмей жіберулеріңізді сұраймыз. Айтылған күннен кешіксе, мәтіндер қабылданбайды. Ұйымдастыру комитеті конференцияның ғылыми деңгейіне немесе тақырыбына сәйкес келмесе, жариялау үшін материалды қабылдамауға құқылы.

Жариялаған кезде авторлық редакция сақталады. Мазмұны мен жіберілген қателер үшін автор жауап береді. Мәтінді рәсімдеуге қойылатын талаптардың бәрін сақтауды өтінеміз.

Конференцияның жұмыс тілі – қазақ және орыс тілдері.

Рәсімдеуге қойылатын талаптар:

Редакцияланған мәтін Word, TimesNewRoman мәтіндік редакторында орындалады, қаріп 14, тасымалсыз, жол аралығы – 1, жиектері – 2,0. Мәтін көлемі 8 беттен аспауы тиіс. Мәтінге жалпы саны 6-дан аспайтын иллюстрация қосуға болады.

Парақтың оң жақтағы жоғарғы бөлігінде – ТАӘ (толығымен), қызмет орны, атағы, ғылыми дәрежесі. Баяндаманың атауы дәл ортасында жазылады. Мақала резюмесі негізгі мәтін тілінде жазылуы тиіс (100 сөзге дейін). Соңына жазылатын сілтемелер дереккөз бен беттің реттік нөмірі арқылы көрсетіледі. Пайдаланылған әдебиеттер сілтемелерді рәсімдеуге бекітілген талаптарға сәйкес мәтіннің соңына орналастырылады.

Басқа қаладан келетін мамандар қатысқан жағдайда іссапар шығындары жіберуші Тараптың есебінен өтеледі.

Қатысу үшін өтінім мен материалды мына мекенжайға жіберулеріңізді сұраймыз:

050040 Алматы, Көктем-3, 22/1 немесе электрондық пошта арқылы

Жобаны үйлестіруші: Екатерина Резникова,

Ә. Қастеев атындағы ҚР МӨМ ғылыми хатшысы (727) 394-57-05

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. Факс: (727) 394-55-19

Рәсімдеуге қойылатын талаптар.pdf

Instagram соңғы жаңалықтары

Instagram
⚜️ Бүгін, 1 тамыз күні Гаухар Бисенғалиеваның (Арухан) «Жад бедері / Matter of Memory» көрмесі аясында авторлық экскурсия өтті.

Көрме қонақтары суретшімен тікелей жүздесіп, туындылардың дүниеге келу тарихымен, олардың идеялық мазмұны мен көркемдік ерекшеліктерімен танысты. Экскурсия барысында автор өз шығармашылығының негізгі тақырыптары мен жад, естелік және жеке тәжірибенің өнердегі көрінісі туралы ой бөлісті.

📍 Көрме 24 тамызға дейін жалғасады.

⚜️ Сегодня, 1 августа, в рамках выставки Гаухар Бисенгалиевой (Арухан) «Жад бедері / Matter of Memory» состоялась авторская экскурсия.

Посетители выставки встретились с художницей лично и познакомились с историей создания произведений, их идейным содержанием и художественными особенностями. В ходе экскурсии автор рассказала об основных темах своего творчества, а также поделилась размышлениями о том, как память, воспоминания и личный опыт находят отражение в искусстве.

📍 Выставка продлится до 24 августа. ⚜️ Бүгін, 1 тамыз күні Гаухар Бисенғалиеваның (Арухан) «Жад бедері / Matter of Memory» көрмесі аясында авторлық экскурсия өтті. Көрме қонақтары суретшімен тікелей жүздесіп, туындылардың дүниеге келу тарихымен, олардың идеялық мазмұны мен көркемдік ерекшеліктерімен танысты. Экскурсия барысында автор өз шығармашылығының негізгі тақырыптары мен жад, естелік және жеке тәжірибенің өнердегі көрінісі туралы ой бөлісті. 📍 Көрме 24 тамызға дейін жалғасады. ⚜️ Сегодня, 1 августа, в рамках выставки Гаухар Бисенгалиевой (Арухан) «Жад бедері / Matter of Memory» состоялась авторская экскурсия. Посетители выставки встретились с художницей лично и познакомились с историей создания произведений, их идейным содержанием и художественными особенностями. В ходе экскурсии автор рассказала об основных темах своего творчества, а также поделилась размышлениями о том, как память, воспоминания и личный опыт находят отражение в искусстве. 📍 Выставка продлится до 24 августа. ⚜️2026 жылдың 1 тамыз күні Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде ұлттық бейнелеу өнерінің көрнекті шебері, Қазақстанның халық суретшісі Сахи Романовтың (1926-2002) туғанына 100 жыл толуына арналған «Дала симфониясы» мерейтойлық көрмесінің ашылуы мен іс-шара аясында шығармашылығына арналған дөңгелек үстел өтті.

 🔹Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Ғалымқызы Балаева Сахи Романовтың туғанына 100 жыл толуына арналған «Дала симфониясы» мерейтойлық көрмесінің ашылуына орай құттықтау хатын жолдады. Құттықтау хатында Сахи Романовтың қазақ бейнелеу өнерінде ұлттық кескіндеме мен графиканың дамуына зор үлес қосқан дара суретші екенін атап өтті. Сонымен қатар көрменің суретшінің бай шығармашылық мұрасын жаңаша зерделеп, кейінгі ұрпаққа насихаттаудағы маңызына тоқталып, көрменің табысты өтуіне тілектестік білдірді. Құттықтау хатын музей директоры Жұмабекова Гүлайым Мұсағұлқызы оқып берді.

🔸Халық суретшісі Сахи Романовтың мерейтойлық көрмесі оның кең көлемді көркем мұрасының тек аз ғана бөлігін ғана ұсынады. Бұл келушілерге шығармашылық өсу-өрісінің ауқымын бақылауға және дүниетанымы мен сезімдерін толық жеткізуге тырысқанда қолданған тақырыптары мен стилистикалық тәсілдерінің әлеуетін зерттеуге мүмкіндік береді.

🔺Сахи Романовтың бейнелер әлемі өзінің эпикалық кеңдігімен, көркемдік шеберлігімен, сезім шынайылығымен, ой тереңдігімен және жарқын түстер үйлесімімен көрермендерді баурап келеді әрі Ұлы Дала елінің мәңгілік симфониясын құрайды. ⚜️2026 жылдың 1 тамыз күні Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде ұлттық бейнелеу өнерінің көрнекті шебері, Қазақстанның халық суретшісі Сахи Романовтың (1926-2002) туғанына 100 жыл толуына арналған «Дала симфониясы» мерейтойлық көрмесінің ашылуы мен іс-шара аясында шығармашылығына арналған дөңгелек үстел өтті. 🔹Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Ғалымқызы Балаева Сахи Романовтың туғанына 100 жыл толуына арналған «Дала симфониясы» мерейтойлық көрмесінің ашылуына орай құттықтау хатын жолдады. Құттықтау хатында Сахи Романовтың қазақ бейнелеу өнерінде ұлттық кескіндеме мен графиканың дамуына зор үлес қосқан дара суретші екенін атап өтті. Сонымен қатар көрменің суретшінің бай шығармашылық мұрасын жаңаша зерделеп, кейінгі ұрпаққа насихаттаудағы маңызына тоқталып, көрменің табысты өтуіне тілектестік білдірді. Құттықтау хатын музей директоры Жұмабекова Гүлайым Мұсағұлқызы оқып берді. 🔸Халық суретшісі Сахи Романовтың мерейтойлық көрмесі оның кең көлемді көркем мұрасының тек аз ғана бөлігін ғана ұсынады. Бұл келушілерге шығармашылық өсу-өрісінің ауқымын бақылауға және дүниетанымы мен сезімдерін толық жеткізуге тырысқанда қолданған тақырыптары мен стилистикалық тәсілдерінің әлеуетін зерттеуге мүмкіндік береді. 🔺Сахи Романовтың бейнелер әлемі өзінің эпикалық кеңдігімен, көркемдік шеберлігімен, сезім шынайылығымен, ой тереңдігімен және жарқын түстер үйлесімімен көрермендерді баурап келеді әрі Ұлы Дала елінің мәңгілік симфониясын құрайды. ⚜️2026 жылдың 30 шілдесінде Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейінде «Менің Қазақстаным кадрларда… Біздің өміріміз жазу жолдарында…» атты фотосурет өнері мен әдебиетті тоғыстырған бірегей жобаның ашылуы өтті.

🔹«Менің Қазақстаным кадрларда…» көрмесінде Татьяна Скачконың фототуындылары ұсынылған. Автордың еңбектерінде Қазақстанның табиғаты көркем бейне ретінде ғана емес, ұлттық мәдени және табиғи мұраға деген құрметті қалыптастыратын ерекше кеңістік ретінде көрініс табады.

🔸«Менің Қазақстаным кадрларда…» және «Біздің өміріміз жазу жолдарында…» экспозициялары – мазмұны жағынан дербес болғанымен, мәдени жады, жеке тәжірибе және ұлттық бірегейлік тақырыптары арқылы өзара үндескен екі көрме.

✨ Баршаңызды фотосурет өнері, әдебиет және туған жерге деген сүйіспеншілікті тоғыстырған осы бірегей жобамен танысуға шақырамыз. ⚜️2026 жылдың 30 шілдесінде Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейінде «Менің Қазақстаным кадрларда… Біздің өміріміз жазу жолдарында…» атты фотосурет өнері мен әдебиетті тоғыстырған бірегей жобаның ашылуы өтті. 🔹«Менің Қазақстаным кадрларда…» көрмесінде Татьяна Скачконың фототуындылары ұсынылған. Автордың еңбектерінде Қазақстанның табиғаты көркем бейне ретінде ғана емес, ұлттық мәдени және табиғи мұраға деген құрметті қалыптастыратын ерекше кеңістік ретінде көрініс табады. 🔸«Менің Қазақстаным кадрларда…» және «Біздің өміріміз жазу жолдарында…» экспозициялары – мазмұны жағынан дербес болғанымен, мәдени жады, жеке тәжірибе және ұлттық бірегейлік тақырыптары арқылы өзара үндескен екі көрме. ✨ Баршаңызды фотосурет өнері, әдебиет және туған жерге деген сүйіспеншілікті тоғыстырған осы бірегей жобамен танысуға шақырамыз. ⚜️2026 жылдың 1 тамыз күні сағат 11:00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде ұлттық бейнелеу өнерінің көрнекті шебері, Қазақстанның халық суретшісі Сахи Романовтың (1926-2002) туғанына 100 жыл толуына арналған «Дала симфониясы» мерейтойлық көрмесінің ашылуы мен іс-шара аясында шығармашылығына арналған дөңгелек үстел өтеді.

🔸Сахи Романовтың шығармашылығы мазмұн тереңдігімен және айқын ұлттық сипатымен ерекшеленеді. Суреткер туындыларына бейнелі ойдың эпикалық кең тынысы, жоғары кескіндемелік шеберлік пен адам болмысын терең танып-білуге негізделген айрықша тереңдік тән. Ол 1949 жылдан бастап көрмелерге қатыса бастаған. 1955 жылы Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтын (ВГИК, Мәскеу) тәмамдады. 1958 жылы КСРО Суретшілер одағына, ал 1960 жылы Кинематографистер одағына мүшелікке қабылданды. 1967 жылы оған Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері, 1981 жылы Қазақ КСР-інің халық суретшісі атағы берілді. 1955 жылы институтты тәмамдағаннан кейін Сахи Романов «Қазақфильм» киностудиясында қызмет етті. Қоюшы-суретші ретінде ол «Өмір жолы» (1960), «Алдар көсе» (1964), «Ән қанаты» (1965), «Найзатас баурайында» (1969), «Құлагер» (1971) және өзге де фильмдердің жарық көруіне атсалысты. Көрмеде суретшінің кеңінен танылған графикалық және станоктық туындылары ұсынылған. Атап айтқанда, «Шопанның отбасы» (1969), «Жер туралы декрет» (1970), «Отан аспаны аясында» (1970), «Бұғаудан босау» (1970) секілді т.б.

🔹Халық суретшісі Сахи Романовтың бұл мерейтойлық көрмесі оның кең көлемді көркем мұрасының тек аз ғана бөлігін ғана ұсынады. Бұл келушілерге шығармашылық өсу-өрісінің ауқымын бақылауға және дүниетанымы мен сезімдерін толық жеткізуге тырысқанда қолданған тақырыптары мен стилистикалық тәсілдерінің әлеуетін зерттеуге мүмкіндік береді.

🔺Сахи Романовтың бейнелер әлемі өзінің эпикалық кеңдігімен, көркемдік шеберлігімен, сезім шынайылығымен, ой тереңдігімен және жарқын түстер үйлесімімен көрермендерді баурап келеді әрі Ұлы Дала елінің мәңгілік симфониясын құрайды. ⚜️2026 жылдың 1 тамыз күні сағат 11:00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде ұлттық бейнелеу өнерінің көрнекті шебері, Қазақстанның халық суретшісі Сахи Романовтың (1926-2002) туғанына 100 жыл толуына арналған «Дала симфониясы» мерейтойлық көрмесінің ашылуы мен іс-шара аясында шығармашылығына арналған дөңгелек үстел өтеді. 🔸Сахи Романовтың шығармашылығы мазмұн тереңдігімен және айқын ұлттық сипатымен ерекшеленеді. Суреткер туындыларына бейнелі ойдың эпикалық кең тынысы, жоғары кескіндемелік шеберлік пен адам болмысын терең танып-білуге негізделген айрықша тереңдік тән. Ол 1949 жылдан бастап көрмелерге қатыса бастаған. 1955 жылы Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтын (ВГИК, Мәскеу) тәмамдады. 1958 жылы КСРО Суретшілер одағына, ал 1960 жылы Кинематографистер одағына мүшелікке қабылданды. 1967 жылы оған Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері, 1981 жылы Қазақ КСР-інің халық суретшісі атағы берілді. 1955 жылы институтты тәмамдағаннан кейін Сахи Романов «Қазақфильм» киностудиясында қызмет етті. Қоюшы-суретші ретінде ол «Өмір жолы» (1960), «Алдар көсе» (1964), «Ән қанаты» (1965), «Найзатас баурайында» (1969), «Құлагер» (1971) және өзге де фильмдердің жарық көруіне атсалысты. Көрмеде суретшінің кеңінен танылған графикалық және станоктық туындылары ұсынылған. Атап айтқанда, «Шопанның отбасы» (1969), «Жер туралы декрет» (1970), «Отан аспаны аясында» (1970), «Бұғаудан босау» (1970) секілді т.б. 🔹Халық суретшісі Сахи Романовтың бұл мерейтойлық көрмесі оның кең көлемді көркем мұрасының тек аз ғана бөлігін ғана ұсынады. Бұл келушілерге шығармашылық өсу-өрісінің ауқымын бақылауға және дүниетанымы мен сезімдерін толық жеткізуге тырысқанда қолданған тақырыптары мен стилистикалық тәсілдерінің әлеуетін зерттеуге мүмкіндік береді. 🔺Сахи Романовтың бейнелер әлемі өзінің эпикалық кеңдігімен, көркемдік шеберлігімен, сезім шынайылығымен, ой тереңдігімен және жарқын түстер үйлесімімен көрермендерді баурап келеді әрі Ұлы Дала елінің мәңгілік симфониясын құрайды. ⚜️Бүгінгі «Музей тынысы» айдарының кезекті саны - кураторлық жұмысқа арналады. 

▫️Куратор – көрермен мен суретші арасын байланыстыратын елші, екі жақтың еркін ортада кездесуін ұйымдастыратын, көрменің идеялық және көркемдік тұтастығын айқындайтын басты тұлға. 

✨Сіздерді  4 тамыз күні сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейінде заманауи қазақстандық мүсін өнерінің көрнекті өкілі мүсінші Павел Шороховтың 80 жылдық мерейтойына арналған «ПАВЕЛ ШОРОХОВТЫҢ ҚАЛАСЫ МЕН ДӘУІРІ» атты мерейтойлық ретроспективалық көрмесінің ашылуында күтеміз!

📌Көрме 30 тамызға дейін жалғастырады. 
Көрме жобасының кураторы – Оксана Танская

✨ Очередной выпуск рубрики «Музей тынысы» посвящён кураторской работе.

▫️Куратор — это связующее звено между художником и зрителем, посредник, который создаёт пространство для их свободного диалога и встречи, а также определяет идейную и художественную целостность выставки.

✨ ✨ Ждём вас 4 августа в 16:00 в Национальном музее искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева на открытии юбилейной ретроспективной выставки «ГОРОД И ЭПОХА ПАВЛА ШОРОХОВА», посвящённой 80-летию выдающегося представителя современного казахстанского скульптурного искусства, скульптора Павла Шорохова!

📌 Выставка продлится до 30 августа.

Куратор выставочного проекта — Оксана Танская. ⚜️Бүгінгі «Музей тынысы» айдарының кезекті саны - кураторлық жұмысқа арналады. ▫️Куратор – көрермен мен суретші арасын байланыстыратын елші, екі жақтың еркін ортада кездесуін ұйымдастыратын, көрменің идеялық және көркемдік тұтастығын айқындайтын басты тұлға. ✨Сіздерді 4 тамыз күні сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейінде заманауи қазақстандық мүсін өнерінің көрнекті өкілі мүсінші Павел Шороховтың 80 жылдық мерейтойына арналған «ПАВЕЛ ШОРОХОВТЫҢ ҚАЛАСЫ МЕН ДӘУІРІ» атты мерейтойлық ретроспективалық көрмесінің ашылуында күтеміз! 📌Көрме 30 тамызға дейін жалғастырады. Көрме жобасының кураторы – Оксана Танская ✨ Очередной выпуск рубрики «Музей тынысы» посвящён кураторской работе. ▫️Куратор — это связующее звено между художником и зрителем, посредник, который создаёт пространство для их свободного диалога и встречи, а также определяет идейную и художественную целостность выставки. ✨ ✨ Ждём вас 4 августа в 16:00 в Национальном музее искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева на открытии юбилейной ретроспективной выставки «ГОРОД И ЭПОХА ПАВЛА ШОРОХОВА», посвящённой 80-летию выдающегося представителя современного казахстанского скульптурного искусства, скульптора Павла Шорохова! 📌 Выставка продлится до 30 августа. Куратор выставочного проекта — Оксана Танская. ⚜️Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде өтіп жатқан Гаухар Бисенғалиеваның (Арухан) «Жад бедері / Matter of Memory» көрмесі аясында қазақ мифологиясын зерттеуші, жазушы, киносценарист, философия ғылымдарының кандидаты Зира Наурызбай көрме туралы өз ойымен бөлісті.

▫️Суретші Гаухар Бисенғалиева (Арухан) киіз, дала шөптері мен табиғи материалдар арқылы уақыттың ізін, ұрпақтар сабақтастығын және материалдың өзгеру үдерісін зерделейді. Көрме көрерменді жадтың қалай сақталатыны және уақыттың материалға қандай із қалдыратыны туралы ойлануға жетелейді.

📍Көрме 24 тамызға дейін жалғасады.

⚜️В рамках проходящей в Национальном музее искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева выставки Гаухар Бисенгалиевой (Арухан) «Материя памяти / Matter of Memory» своими впечатлениями поделилась исследователь казахской мифологии, писатель, киносценарист, кандидат философских наук Зира Наурызбай.

▫️Используя войлок, степные травы и другие природные материалы, художница рассматривает время не просто как тему своих произведений, а как активную силу, участвующую в творческом процессе. Разработанная Арухан техника «старения» не стремится ни к реконструкции прошлого, ни к восстановлению традиции. Напротив, материал со временем впитывает следы изменений и превращается в своеобразный материальный архив.

📍Экспозиция продлится до 24 августа 2026 года. ⚜️Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде өтіп жатқан Гаухар Бисенғалиеваның (Арухан) «Жад бедері / Matter of Memory» көрмесі аясында қазақ мифологиясын зерттеуші, жазушы, киносценарист, философия ғылымдарының кандидаты Зира Наурызбай көрме туралы өз ойымен бөлісті. ▫️Суретші Гаухар Бисенғалиева (Арухан) киіз, дала шөптері мен табиғи материалдар арқылы уақыттың ізін, ұрпақтар сабақтастығын және материалдың өзгеру үдерісін зерделейді. Көрме көрерменді жадтың қалай сақталатыны және уақыттың материалға қандай із қалдыратыны туралы ойлануға жетелейді. 📍Көрме 24 тамызға дейін жалғасады. ⚜️В рамках проходящей в Национальном музее искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева выставки Гаухар Бисенгалиевой (Арухан) «Материя памяти / Matter of Memory» своими впечатлениями поделилась исследователь казахской мифологии, писатель, киносценарист, кандидат философских наук Зира Наурызбай. ▫️Используя войлок, степные травы и другие природные материалы, художница рассматривает время не просто как тему своих произведений, а как активную силу, участвующую в творческом процессе. Разработанная Арухан техника «старения» не стремится ни к реконструкции прошлого, ни к восстановлению традиции. Напротив, материал со временем впитывает следы изменений и превращается в своеобразный материальный архив. 📍Экспозиция продлится до 24 августа 2026 года.
ВИРТУАЛДЫ ҚАБЫЛДАУ