Оқиғалар

Дизайн мен заманауи өнердің «Ырғақ сезімі» көрмесі

2021 г. 15–28 қазан аралығында Әбілхан Қастеев атындағы ҚР МӨМ Альфа-Банк пен Étage дизайн студиясы дизайн мен заманауи өнердің «Ырғақ сезімі» көрмесін ұсынады.

БАҚ өкілдеріне арналған өнердің «Ырғақ сезімі» пресс-көрсетілімі 15 қазан күні 16:00-де өтеді.

Көрме ырғақ құбылысын әртүрлі формада және медиада (сәулет, музыка, кескіндеме, бейне және фотосуреттер бойынша эксперименттер арқылы) зерттеу үшін қазақстандық және халықаралық жас суретшілерді, сәулетшілер мен дизайнерлерді біріктірді. Көрме «Түрлену», «Жанасу», «Ырғақты геометрия», «Ұрпақ ырғағы», «Дала ырғағы» атты бес негізгі тақырыпқа құрылған және ҚР Мемлекеттік Әбілхан Қастеев атындағы өнер мұражайының мерзімді басылым залында өтеді.

Көрмеде, сонымен қатар Қазақстанның жаңа тарихындағы қаріптік плакаттардың бірінші экспо-зициясы қойылады – графикалық дизайнерлер ырғақты, динамиканы, қозғалысты және кеңістікті зерттейтін жұмыстарды қосады. Көрмеге келушілер халықаралық дизайнерлердің: жаңадан бастаушылардың да, өз ісінің атақты шеберлерінің де сирек кездесетін туындысын көруге мүмкіндік алады.

«Альфа-Банк» командасы: «Қазақстандағы таланттар мен мәдени бастамаларды қолдау мен дамытуға арналған Альфа-Банк бағдарламасы аясында «Ырғақ сезімі» көрмесін ұсынамыз. Өнерге қатысты бұл жоба арқылы адамдардың барлығын сүйікті ісімен айналысуға, өмірден ләззат алуға шақырамыз».

Étage командасы: «Ырғақты анықтап, оны әртүрлі қалыпта көргіміз келді. «Ырғақ сезімі» — адамның қайталанбас қасиеті. Жерде өмір сүретін барлық тіршілік иелерінің ішінде адамға ғана ырғақты сезіну және оны ұстану қасиеті бұйырған. Ырғақ терең интуитивті деңгейде ерекше ләззат алумен байланы-сты. Ол адамды қозғалысқа итермелейді және сол қозғалыстың ішкі тәртібін орнатады, шығармашылық күш-қуатты оятады».

Пресс-көрсетілім өнердің «Ырғақ сезімі» 15 қазан күні 16:00-де өтеді.

БАҚ өкілдері үшін көрме экскурсиясы және қатысушылармен кездесу

Юрий Гулитов – ресейлік және әлемдік дизайндағы негізгі тұлғалардың бірі, халықаралық байқаулардың лауреаты, оқытушы, ҰЗИ ЭЖМ Дизайн мектебінің Плакат зертханасының меңге-рушісі, «Гулитовдизайн» студиясының негізін қалаушысы және жетекшісі, Ресей Суретшілер және дизайнерлер одағының мүшесі.

Николай Багдасарян – хореограф, биші және қоюшы режиссер, «Точка зрения» хореографи-ялық фестивалінің лауреаты, TНT телеарнасындағы «Танцы» шоуының жартылай финалисі, Александр Могилевтің ресейлік заманауи би компаниясының қатысушысы.

Berkin & Mika – үлкен форматтағы фотография, инсталляция және мультимедиялық өнер жан-рында жұмыс істейтін суретшілер тандемі. / http://bberkin.com

Әділ Әубекеров – суретші, Ресей мен Еуропа көрмелерінің, сурет көрмелері мен VII Мәскеу халықаралық жас өнер биенналесінің қатысушысы. / @adillaubekerov

 Айя Шалкар – инстаграмда танымал болған суретші, графикалық дизайнер, Studio Oneki көпса-лалы дизайн және  өнер студиясының негізін қалаушы. / @aya_shalkar https://www.studiooneki.com

Нұртас Сисекенов – мультимедиялық жанрда жұмыс істейтін креативті директор және суретші. / @mindharassment

Әсел Есжанова – алматылық сәулетші және урбанист, республикадағы шығармашылық проце-стердің белсенді қатысушысы және ұйымдастырушысы, Urban Forum Kazakshtan-ның негізін қалаушы. / https://urbanforum.kz

Шыңғыс Батырбеков – алматылық сәулетші және урбанист, DSTUDIO-ARCHITECTURE архи-тектуралық студиясының негізін қалаушы. / @dstudio_architecture

The Buhars – қазіргі заманғы контексте дәстүрлі қазақ музыкалық аспаптарының мүмкіндік-терімен тәжірибе жасайтын көпжанрлы музыкалық топ. / @thebuhars

Brownfox – халықаралық қаріптік байқаулардың лауреаттары Гаянэ Багдасарян мен Вячеслав Кириленко құрған тәуелсіз қаріптік студия. Brownfox баспа мен экранға арналған, латын және кириллица цифрлық қаріптерін жобалауға маманданған. /https://brownfoxstudio.com/info

Étage – графикалық дизайн, фото және видео өндіруге маманданған Алматы дизайн студиясы. / @etageteam

Баспасөз өкілдеріне арналған байланыс нөмері Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

+7 701 721 2050, +7 701 815 7025

chuvstvo-ritma-001
chuvstvo-ritma-002
chuvstvo-ritma-003
chuvstvo-ritma-004
chuvstvo-ritma-006
chuvstvo-ritma-005
chuvstvo-ritma-007
chuvstvo-ritma-008