Оқиғалар

«2021 жылдағы - МЕРЕЙ ЖАСТАҒЫ СУРЕТШІЛЕРДІҢ»

2021 жылдың 11 маусымынан бастап, Ә. Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейінің қорынан алынған «2021 жылдағы - МЕРЕЙ ЖАСТАҒЫ СУРЕТШІЛЕРДІҢ» шығармашылығына арналған көрме ашылады.

Экспозицияға 2021 жылы мерейтойлық жыл болған суретшілердің туындылары қойылған. Олардың есімдері елімізде және шетелде де кеңінен танымал. Шеберлердің шығармашылық жолы ХХ ғасырға, яғни Қазақстанның көркемсурет мектебінің қалыптасу кезеңіне тура келді. Өнерге жалпылама тән «адам және әлем», «адам және уақыт» тақырыбы суретшілерге адам болмысының негізгі құндылықтарын ұғынуға және көрсетуге мүмкіндік береді. Олардың шығармашылығында адамдардың бейнелері мен өзгешеліктері, жердің рухы, табиғаттың қайталанбастығы, қаланың ерекше атмосферасы шебер берілген. Бұл суретшілер тағдырдың кейбір керемет өзгерістері бар бай өмірбаянға ие болды. Олардың кейбіреулері үшін Қазақстан екінші отанға айналды, бірақ біріншісінен кем емес сүйікті жері болды.   

125 жыл – Крутильников Николай Иванович

120 жыл – Чекалин Борис Алексеевич

110 жыл – Кужеленко Ольга Дмитриевна, Сухов Сергей Яковлевич

100 жыл – Гаев Николай Степанович, Дроздов Александр Петрович, Есіркеев Райымқұл, Говорова Татьяна Николаевна, Антоненко Петр Кузьмич

90 жыл – Ержанов Мэлс Төлекұлы, Калимов Мұхит Ғалымұлы, Ярема Ирина Зеновьевна

80 жыл – Әйнеков Марат Өмірсерікұлы.

Көрме шілде айының соңына дейін жалғасады.

yubilyary-2021-002
yubilyary-2021-001
yubilyary-2021-004
yubilyary-2021-003
yubilyary-2021-005
yubilyary-2021-006