Жоспарлары

2016 жылға ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ

logo museum kz

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ

«Ә. ҚАСТЕЕВ АТЫНДАҒЫ ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ӨНЕР МҰРАЖАЙЫ» РМҚК

Көркемсурет мұражайы социумның мәдени-білімдік белсенділігін, ғылыми қызметті арттыруда, еліміздің бет-бейнесін, туристік ажарын қалыптастыру ісінде мәдени және тарихи ескерткіштерді сақтауда маңызды әлеуетке ие әлеуметтік-мәдени институт болып есептеледі. Заманауи мұражай – өнер, ғылым, білім, байланыс, мәдени ақпарат және шығармашылық инновация ордасы. Ә. Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер мұражайының стратегиясы еліміздің бірегей мәдени көркемдік мұрасын коллекциялау, зерттеу, сақтау және репрезентациялау (ол туралы қайта мәлімет беру) сияқты мұражайдың басты міндеттерін жүзеге асыруға бағытталған. Мұражайдың басты мақсаты әлемдік өнер туындыларын сақтауға және қалың көрермен аудиториясына таныта түсуге бағытталған қызметтің алуан түрін (қор, экспозиция, ғылыми, ақпараттық және  т.с.с.) кешенді жоспарлы орындаудан тұрады

Басты мақсаттары мен міндеттері:
 мұражай коллекциясын зерттеу және насихаттау, туындылардың ғылыми атрибуциясын жасау,
 қоғамдық мәні зор мәдени жобаларды ұйымдастыру,
 қалың көрермен аудиториясын тарту,
 жеке ғылыми тақырыптарды дайындау, оларды одан әрі жүзеге асыру (жарияланым, ғылыми жобалар, конференциялар),
 мұражай экспозициясының барлық бөлімі бойынша әдістемелік құрал дайындау,
 коллекцияны насихаттау мақсатында жаңа уақытша тақырыптық көрмелер дайындау,
 мұражайдың қорытынды каталогымен жұмыс жүргізу,
 мұражайды жаңғыртуды жүзеге асыру, т.с.с.

Ә. Қастеев атындағы ҚР МӨМ қызметіндегі

2016 жылғы маңызды оқиғалар

2016 жыл мемлекеттік ауқымдағы тарихи даталарға толы. Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер мұражайы мұражай қызметінің түрлі формасын – көрме, дөңгелек стол, ғылыми пікірталас және т.с.с. қолға алып, белсене араласуға дайын.

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы 2016 жылғы басты атаулы күн Республика Тәуелсіздігінің 25 жылдығы болмақ. Бұл күнді мерекелеу аясында мұражай бірнеше іс-шараны қолға алып отыр. Осылардың ішіндегі аса маңыздысы – тарихи тақырыптағы көркемдік деңгейі жоғары бейнелеу өнері туындыларын жазуға арналған, аса ауқымды «Бабалар аңсаған Тәуелсіздік» («Независимость, завещанная предками») Ұлттық конкурсын ұйымдастыру. Конкурс еліміздің тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналып, «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының құндылықтары контексінде еліміздің біртұтас мәдени кеңістігін қалыптастыруға бағытталған. Қатысушы суретшілер жоба аясында қазақ мемлекеттігінің қалыптасуындағы маңызды сатылары көрнекті түрде көрсетілген тарихи тақырыптағы мәңгілік авторлық туындылар жасайтын болады.

Конкурстың мақсаты мен міндеттері: патриоттық тәрбиеге көркемдік-образдық түсіндіру құралдарымен ықпал ету және мемлекетіміздің маңызды тарихи оқиғалары мен тұлғаларын көрсету. Суретшілерге бәсекелестік ортасын тудырып, бейнелеу өнері шеберлерінің кәсіби көркемдік деңгейін көтеріп, жетілдіру. Тарихи жанрды әлемдік өнер тарихындағы маңызды жанрлардың бірі ретінде одан ары дамуына қозғау салу. Мұражай коллекциясын Қазақстан халқы тарихының беттерін жаңаша ашатын қондырғылы кескіндеме туындыларымен толықтыру міндетінің де маңызы аз емес.
Іске асыру кезеңдері: іріктеу кезеңі (бір жыл ішінде), конкурстың қорытындысы бойынша көрме, дөңгелек стол, қатысушыларды марапаттау (желтоқсан). Конкурстың соңында, 2016 жылдың 15 желтоқсанында Ә. Қастеев атындағы ҚР МӨМ-де көрменің салтанатты ашылу рәсімі өтеді. Көпшілікті хабардар ету үшін Ұлттық конкурсты жариялауға байланысты баспасөз конференциясының өтетін мерзімі 2 ақпан деп белгіленді.

Жыл сайынғ өтетін «Қастеев оқулары-2016» ғылыми-практикалық конференциясын «Тәуелсіздік образдары. Егеменді Қазақстан өнері» тақырыбына арнау жоспарланды. Конференцияға қатысуға өнертанушылар, мәдениеттанушылар, жоғары қоу орындарының оқытушылары, сондай-ақ мұражайдың ғылыми қызметкерлері өздерінің ғылыми ізденістерін алып шығады – күз айлары.

Көп жылдардан бері жыл сайын мұражай қабырғасында өтетін Қазақстан Суретшілер одағының көрмесі 2016 жылы «Жасампаздық пен жеңістің 25 жылдығы» деген атпен жарияланып, ол да осы атаулы күнге орайлатырылды. Қазақстан Суретшілер одағы мүшелерінің ауқымды ұлттық экспозициясы 2016 ж. желтоқсан айына жоспарланды.

Түрлі жастағы категориялар үшін мұражай дәрісханасында «Тәуелсіз Қазақстан өнері» дәрістерін дайындалып, оқу жыл ағымында жүргізіледі.

«Мен Тәуелсіз Қазақстанның суретін саламын» атты балалар суретінің конкурсын өткізу де жоспарда бар, соның қорытындысы бойынша көрме болады. Мұражайда ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған бейнелеу өнерін оқыту аясында жобаға бастама жасалды. Жоба алда болатын оқиға туралы хабарландыру жасалған уақытта, 26 ақпан – 6 наурыз аралығында жұмысын бастайды. Жыл бойы жүргізіліп, конкурстың қорытындысы бойынша 5 желтоқсаннан бастап аталған тақырып аясындағы үздік туындылар қойылатын қорытынды көрме өткізіледі.

5-25 наурыз аралығында болатын «Менің Қазақстаным» фотокөрмесі де Тәуелсіздікті мерекелеуге бағытталған.

Алматының 1000 жылдығы

Тағы бір маңызды дата – Алматының 1000 жылдығы. Қазақстан авторларының шығармашылығындағы Алматы қаласы тақырыбына арналған мұражай жинақтамасындағы туындыларды көрсететін көрме жобасы әзірлену үстінде. Көрме 2016 жылдың 3-тоқсанында өтуі мүмкін. Жоба аясында мұражай дәрісханасында «Алматы Қазақстан суретшілерінің шығармашылығында» тақырыбына дәріс оқылатын болады.

Мұражайды жаңғырту

Мұражайды жаңғырту жоспары аясында мұражай қалың көрермен аудиториясына мұражай жинақтамасындағы Қазақстанның көрнекті суретшілерінің шығармашылығын ұсынады. 2016 жылы мұражайда есімдері кәсіби бейнелеу өнері тарихына енген, мерейлі жасқа келген бірқатар суретшілердің көрмесін өткізу жоспарланды. Олардың ішінде:
 Сергей Калмыков – 125 жас;
 Абрам Черкасский, Қазақ КСР Халық суретшісі – 130 жас;
 Исаак Иткинд, Қазақ КСР Еңбек сіңірген өнер қайраткері – 135 жас;
 Сахи Романов – Қазақ КСР Халық суретшісі – 90 жас;
 Исатай Исабаев, Қазақ КСР Еңбек сіңірген өнер қайраткері – 90 жас;
 Арий Школьный, Қазақ КСР Еңбек сіңірген өнер қайраткері – 90 жас;
 Тұрсын Абуов, ҚР Еңбек сіңірген өнер қайраткері – 80 жас.

Мұражай жұмысының тиімділігі мұражай қызметінің барлық түрін қамтуды қамтамасыз ететін барлық құрылымдық бөлімшелердің жоспарлы және ретке келтірілген жұмысының (қор, экспозиция, ғылыми, ақпараттық және т.с.с.) нәтижесінде құрылады.

МҰРАЖАЙДЫҢ ҚОР ЖҰМЫСЫ
Мұражайдың басты міндеті мұражай жинақтамасын жинақтау, құру және сақтау болғандықтан мұражайдың қор жұмысы мұражай қызметінің басты бөлігі болып табылады. Мұражайдың қор жұмысына көркем туындыларды есепке қою, сақтау және реставрациялау кіреді.

ЕСЕПТЕУ-САҚТАУ ЖӘНЕ РЕСТАВРАЦИЯЛАУ ЖҰМЫСЫ

1. Экспонаттарды тұрақты сақтауға қабылдау жыл ағымында.
Хаттама жасау, жұмыстарға сипаттама жасау, сақталу күйін сипаттау, таңбалау (белгілеу)
Экспонаттарды мұражайдың Түсу кітабына тіркеу (жазу қолмен жүргізіледі). Негізгі, жалпы және авторлық картотекаларға карточкалар енгізу.
2. Қор-сатып алукомиссиясының жиналысы Мұражайдың жалпы жоспарына сәйкес жыл ағымында.
3. Экспонаттарды уақытша сақтауға қабылдау жыл ағымында.
4. Жұмыстарды уақытша сақтауға, мұражайдан тыс көрмелерге беру мұражайдың жоспарына сәйкес
 Қазақстан бейнелеу өнері (кескіндеме, графика) Мәскеу, мамыр.
 Қазақстан бейнелеу өнері (кескіндеме, графика) Астана, шілде.

Көрмеге жұмыстарды іріктеу. Фотосуреттерімен қоса алдағы көрмелердің тізімін жасау. Шығармалардың жақтауларын ауыстыру, сақталу күйін сипаттау. Жәшіктерге тапсырыс беріп, мөлшері бойынша орналастыру. Орау-қаптау жұмыстарын жүргізу. Көрмені құру және жинау. Қажетті құжаттар мен беру актілерін жасау.
5. Жыл бойы мұражай залдарында өтетін көрмелерге жұмыстарды іріктеп, беру:

  • С. И. Калмыковтың көрмесі - жыл ағымында;
  • Г. Чернощеков пен Н. Таңсықбаевтың мерейтой көрмесі- қаңтар;
  • Орыс өнері залының тұрақты экспозициясы - қаңтар-ақпан;
  • «Ою-өрнектер» көрмесі - ақпан;
  • Бапановтардың жеке көрмесі - наурыз;
  • Р. Базарбаеваның жеке көрмесі - наурыз;
  • «Шығыстың қола аңызы»- сәуір;
  • Журавлев пен И. Яреманың көрмесі - мамыр-маусым;
  • «Куинджи және оның шәкірттері» - маусым;
  • Т. Әбуовтың мерейтой көрмесі - маусым;
  • Тыңға арналған қордан ұйымдастырылған көрме - маусым;
  • А. Черкасский мен И. Иткиндтің мерейтой көрмесі - маусым;
  • «Ертегілер Қазақстан суретшілерінің иллюстрацияларында» көрмесі - шілде;
  • О.Д. Кужеленконың мерейтойқ көрмесі - шілде;
  • «Шай ішу дәстүрі – Шығыс өнері» көрмесі - тамыз;
  • Сахи Романовтың мерейтойлық көрмесі - тамыз;
  • А.Г. Школьныйдың жеке мерейтой көрмесі - желтоқсан;
  • Мұражайдың Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған жобасы - желтоқсан;
  • И. Исабаевтың мерейтой көрмесі - желтоқсан;
  • Ағымдағы мерейтой көрмелері.

Көрмелерге жұмыстарды алдын-ала іріктеп, қарау

Реставраторлармен бірге профилактикалық байқау жүргізу, реставрациялау, туындының сақталу күйін сипаттау
Қажетті құжаттар мен мұражай ішілік қозғалыс актілерін жасау
6. Мәдени құндылықтарды сақтау жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес қорда жыл сайын интентаризация жүргізу (заттарды түгендеу).
Бөлімдер бойынша қордағы бар затты салыстырып тексеру: зергерлік бұйымдар (күміс), киіз, мүсін, тоқыма, ағаш, қыш
7. Орталықтардың қызметкерлеріне инвентарлық сипаттама жазу үшін жұмыстар беру жыл ағымында.
8. Сипаттамаларды инвентарлық кітаптарға түсіру, туындыларды белгілеу.
9. Мұражай қорындағы жұмыс картотекаларын ғылыми орталықтар: Қазақстан кескіндемесі, тоқыма және сәндік-қолданбалы өнер, ежелгі орыс өнері, орыс және Батыс Еуропа өнері қорларындағы картотекалармен салыстыру.
10. Мұражайдың жалпы каталогымен жұмыс: С. Калмыковтың каталогы, Қазақстан кескіндемесі каталогы, Қазақстан графикасы каталогы, қазіргі заман сәндік-қолданбалы өнері каталогы, Шығыс өнері каталогы.
11. Қорларды фотосуретке түсіру.
12. Телевизиялық түсірілімдер: «Мәдениет», «Хабар», «Алматы», «Қазақстан» және т.б. телеарналар.
13. Облыстық мұражайлардың, училищелердің, Әл-Фараби ат. ҚазҰУ және Т. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА тәжірибе жинаушыларымен жұмыс.
14. Мұражайдың Реставрациялық кеңесін, Қор-сатып алу комиссиясын ұйымдастырып, өткізу.
15. Реставрациялауға жұмыстарды іріктеп, беру. Туындыларды реставрациялау: Кескіндеме – 80 (тазалау және бекіту – 200 эксп.);
Графика – 75;
Металл, тері – 20;
Жұмсақ инвентарь – 15; 
Мүсін - 15.
16. Қордағы туындыларды профилактикалық байқау.
17. Кескіндеме туындыларын шаңнан тазарту – 3 000 экспонат.
18. Қорды жоспарлы дезинсекциялау: тоқыма, киіз, кілем, жұмсақ инвентарь және т.б.
19. Арнайы әдебиеттермен жұмыс, конференция, семинар, көрмелерге қатысу - жыл ағымында.

ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫ

Мұражай көркемдік ұйым ғана емес, ғылыми-зерттеу орталығы ретінде қызмет ететіндіктен, ғылыми жұмыс мұражай қызметінің басты басым бағыттарының бірінен саналады. Ғылыми-зерттеу жұмысының мақсаты мұражай коллекциясын зерттеу. Оған суретшілер мен оның заманы туралы деректі мәліметтерді жинау, атрибуция бойынша зерттеу жұмысын жүргізу, жиналған мәліметтерді түйіндеу жұмыстары жатады. Теориялық зерттеулер ғылыми және көпшілікке дәріптеу мақсатында басылымдарда, конференцияларда айтылып, жеткізіліп, практикалық қолданысқа ие болады, сондай-ақ экскурсия, дәріс және әдістемелік жұмыстар дайындаған кезде пайдаланылады.

Мұражайдың ғылыми-зерттеу жұмысын мемлекеттік өнер мұражайының ғылыми қызметін жетілдіру, сонымен бірге Қазақстан мен шет елдердің ғылыми, шығармашылық және педагогикалық қоғаммен байланысын нығайтып, кеңейтуді басты мақсат еткен мұражайдың Ғылыми кеңесі басқарады. Ғылыми кеңес кешенді даму бағдарламасын әзірлейді, ғылыми қызметтің басты бағыттары мен проблемалары бойынша өзгерістер енгізеді, мақсатқа сай келетіндігі жайлы қорытынды жасап, баспадан шығаруға дайындалған ғылыми, ғылыми-анықтамалық және ғылыми-көпшілік сипаттағы жұмыстарды қарап шығады, т.с.с.
Мұражай қызметіндегі ғылыми-зерттеу бағытының басты бағыты – бас каталогтармен жұмыс. Бұл жұмыс оның мәні мен ролін анықтау және түрлі елдер мен дәуірлердің тарихи және көркемдік ахуалдарын талдау мақсатында коллекциядағы барлық бұйымдарды егжей-тегжейлі зерттеуге негіз болады. Бұл – түпкі мақсаты мұражай коллекциясының коллекциясының тақырыптық тараулары бойынша каталог шығару болып табылатын мұражай жинақтамасын егжей-тегжейлі зерттеліп, жүргізілетін ұзақ жылдық процесс. Әрбір ғылыми орталық ғылыми каталогтармен жұмыс істейді, қызметкерлер қор бөлімдерімен бірлесе отырып, картотека мен электрондық базадағы салыстырылған каталогтық мәліметтерді бір жүйеге келтіреді. Мұражай каталогының таралымдық басылымы мұражай коллекциясының құрамын рәсімдеп белгілеу ғана емес, мұражайды және оның жинақтамасын қайта таныстырудың сенімді формасы.

Мұражайдың сараптама кеңесі жұмысы аясында мұражай қорындағы, сонымен бірге жеке жинақтамалардағы көркем туындыларды сараптап, атрибуттау – мұражайдың ғылыми қызметінің ажырамас бөлігі.

Бұл жұмыс мұражайда 2015 жылы басқа орталықтардың ғылыми қызметкерлерін тарту арқылы құрылған ғылыми сараптама орталығы атқарады.

Мұражайға келушілер өнер тарихынан дәріс курсы оқылатын «Кіші өнер академиясының» беделі зор. Академия 2016 жылы ауқымын жаңартып, кеңейтеді. Курс жарты жылға есептелген, ол наурыз айында жұмысын бастайды.

2016 жылы мұражай өз қызметкерлерінің біліктілігін артыру мақсатымен бірнеше ғылыми семинар өткізуді ойластыруда.
Мұражай басшылығы мұражай қызметкерлері мен сырттан шақырылған мамандардың бірлескен авторлық тақырыптық монографиялары сериясын дайындап, жұмыс істеуге бастама көтерді. Бұл жұмыс мұражай жұмысының преспективалық жоспарына енгізілді, оның орындалу мерзімі 3 жылға есептеліп отыр.

Әрбір ғылыми қызметкер жеке ғылыми тақырыбын анықтайтын мұражай коллекциясы бөліміндегі нақты бір материалға ыңғайланып маманданады. Ғылыми жұмыстың практикалық ерекшелігіне мыналар жатады: ғылыми тақырып бойынша материалды жинап, зерттеу, өнер бұйымдарын атрибуттау, ғылыми-практикалық конференцияларға арналған мақала, баяндамалардың мәтіндеріндегі зерттеулер нәтижесін пайдалану, сондай-ақ оларды дәрістер мен экскурсияларды ғылыми талдауға, әдістемелік талдауларға пайдалану.

Қазақстан бейнелеу өнері ғылыми орталығы
«Қазақстан бейнелеу өнері: тарих және қазіргі заман» ғылыми тақырыбымен жұмыс істейтін мұражайдағы ірі ғылыми орталықтардың бірі. Орталықтың қызметі: Қазақстан суретшілерінің шығармашылығын зерттеу, жеке және жалпы стилистикалық ерекшеліктерін анықтау, Қазақстан бейнелеу өнері кәсіби мектебінің түрлі даму сатысындағы тарихи кезеңдердің көркемдік ерекшеліктерін анықтау.

Жеке ғылыми тақырыптар

Мамытова С.М.
Орталық жетекшісі «Қазақстан графикасы. Негізгі даму кезеңдері».
Тақырыпша: С. Романов және И. Исабаев шығармашылығындағы кітап графикасы.

Ақышева Г.Ә.
Кескіндеме және театр декорациясы өнері секторының меңгерушісі.
«Ұлттық кескіндеме мектебінің қалыптасуы және дамуы. Қазақстанның көркемдік өмірі Ұлы Отан соғысы жылдарында».

Көбжанова С.Ж.
Графика және мүсін секторының жетекші ғылыми қызметкері, өнертану ғылымының кандидаты.
Тәуелсіз Қазақстан өнері әлемдік көркем мәдениетте.

МұқажановаК.Ж.
Кескіндеме және театр декорациясы өнері секторының аға ғылыми қызметкері (жарты еңбек күні)
«ХХ ғ. Қазақстан бейнелеу өнеріндегі жанрлық картинаның дамуы». Тақырыпша: 1950-жж. тұрмыстық картинаның ерекшелігі.

Жадайбаев Ә.Ж.
Кескіндеме және театр декорациясы өнері секторының жетекші ғылыми қызметкері,
өнертану ғылымының кандидаты «В. Эйферттің өмірі мен шығармашылығы» монографиялық зерттеуін аяқтау. Д. Әлиевтің шығармашылығы жайлы монография. Ә. Қастеевтің шығармашылығы жайлы монография.
Материалдарды мұрағатқа қою.

МырзабековаС.К.
Графика және мүсін секторының ғылыми қызметкері (декреттік демалыс).

Әли Ғалия
Графика және мүсін секторының кіші ғылыми қызметкері (декреттік демалыс).

Халықаралық, ұлттық конференцияларға, семинарларға, дөңгелек столдарға қатысу

Баяндамасы мен сөйлейтін сөзінің тақырыбы Конференцияның атауы Уақыты мен өткен орны

1950-жж. тұрмыстық картинаның ерекшелігі – Мұқажанова К.Ж. Қастеев оқулары
Күз, 2016 жыл, Ә. Қастеев ат.ҚР МӨМ.

Сахи Романов шығармашылығындағы кітап графикасы. «Қырық өтірік» топтамасы – Мамытова С.М. Қастеев оқулары Күз, 2016 жыл, Ә. Қастеев ат.ҚР МӨМ. 

Көбжанова С.Ж. – тақырыбын анықтауда Қастеев оқулары Күз, 2016 жыл, Ә. Қастеев ат.ҚР МӨМ.

Жадайбаев Ә.Ж. – тақырыбын анықтауда Қастеев оқулары Күз, 2016 жыл, Ә. Қастеев ат.ҚР МӨМ.

Орталықтың басты жұмысы – мұражай коллекциясындағы ең саны көп бөлім – Қазақстан бейнелеу өнері қоры бойынша ғылыми каталог әзірлеу. Қазақстан бейнелеу өнері каталогының 1-томы (А-К) аяқталуға жақын – экспонаттарды салыстыру, жетпейтін мәліметтерді енгізу, кіріспе мақаланы редакциялау және т.с.с.

Сергей Калмыковтың шығармашалығы каталогы да аяқталуға жақын. Жинақта автордың Қазақстан өнерінде маңызды орын алатын мыңнан аса кескіндемелік және графикалық жұмыстары бар. Қазақстанның түпнұсқа графикасы каталогымен жұмыс жалғасуда: түсірілген фотоматериалдарды жүйелеу, кіріспе мақаланы редакциялау, жаңартылған каталогтық мәліметтерді енгізу керек. Қазақстанның баспа графикасы каталогы бойынша да осындай жұмыстар кезекте тұр.
Орталықтың бүкіл қызметкерлері «Бабалар аңсаған Тәуелсіздік» Ұлттық конкурсын жүзеге асыруға ат салысуда.
Қызметкерлер қордағы экспонаттардың ғылыми сипаттамасын жазуда. 2016 жылы әрбір қызметкер 50 экспонатқа, жарты еңбек төлемінде жұмыс істейтін қызметкерлер 30 экспонатқа ғылыми сараптама жасау жоспарланды. Жалпы саны мұражай қорындағы 230 кескіндеме, графика, мүсіндік туындыға сипаттама жазу көзделіп отыр.

Мұражай қызметкерлері жыл ағымында бірнеше ғылыми жарияланым дайындайды, сонымен бірге орыс, қазақ, ағылшын тілдерінде экскурсия жүргізіп, дәріс оқуға жұмылдырылған. Орталықтың ғылыми қызметкерлері өздерінің тақырыптық бөлімдері бойынша әдістемелік талдама дайындауда. Орталық аудиогидке материал дайындаумен белсенді жұмыс жүргізуде.
Орталық қызметкерлері уақытша көрмелерлі ұйымдастыру және өткізу кезінде дайындық пен экспозицияны құрастырудың барлық сатысына белсене араласып, жетекшілік жасайды. Үстіміздегі жылы осы орталықта 15 көрмеге жетекшілік жұмыс жоспарда тұр. Орталықта ғылыми қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыру жұмысы жүргізіледі. Мұражай студенттік практика жүргізуге көмек көрсетсе, қызметкерлер қызметтің осы түрін атқаруға белсене араласады.

Қазақстан қолданбалы өнері ғылыми орталығы

Орталықтың жалпы тақырыбы – Қазақтың халықтық қолданбалы өнерінің көркемдік дәстүрлеріндегі стильдің іргелі принциптері – қолданбалы өнер туындыларының көркемдік-стильдік ерекшеліктерін, түрлі материалды өңдеудің ерекше техникаларын зерттеу, олардың, түрлік және аймақтық ерекшеліктерін табу.

Жеке ғылыми тақырыптары

Жұмабекова Г.М.
Орталық жетекшісі. Қазақ әйелдерінің ұлттық бас киімдері. Семантикалық-стилистикалық талдау.

Ажарова Н.Б.
Аға ғылыми қызметкер. Қазақ кестесінің көркемдік және стильдік ерекшеліктері. Қазақстандағы зерлеп тігу.

Баженова Н.А.
Аға ғылыми қызметкер. Қазақтың көркем тоқымасы – XIX-XX ғасырлардағы көркемдік құбылыс.

Жұбаниязова Г.К.
Аға ғылыми қызметкер Қазақ гобеленінің дамуы мен қалыптасуы.

Орталықтың негізгі жұмысы – мұражай қорының ғылыми каталогын әзірлеу. Қазақстан зергерлік өнерінің және Қазақстан сәндік-қолданбалы өнерінің каталогтары шығып қойды. Қазір Қазақстан заманауи қолданбалы өнерінің каталогына материал жинастырылуда. Орталық қызметкерлері «Қазақ ісмерлерінің ою-өрнек ойластырудағы дәстүрлі тәсілдері», «Қазақ тоқымасы – пайда болғаннан қазіргі кезге дейін» тақырыптарында ғылыми жарияланымдар дайындауда.
Қызметкерлер экскурсия жүргізіп, дәріс оқиды, сонымен қатар жұмыстың осы түрінде жаңа тақырыптар әзірлейді. Қызметкерлер мұражайдағы уақытша көрмелерге жетекшілік етеді, 2016 жылы орталыққа 4 көрме өткізу белгіленген.

Шет ел өнері ғылыми орталығы

Мұражай қоры XVI ғасырдан бастап бүгінгі күнге дейінгі шет ел өнері коллекциясын қамтиды. Жинақтаманың ееркшелігі энциклопедиялық сипатта болғандықтан, мұражай әлемдік өнердің түрлі бағыттары мен стильдерін көрсете алады. Жинақтамада Ресейдің, Батыс Еуропа, Шығыс, Америка және Африка елдерінің өнер туындылары бар. Коллекцияның осы бөлімінде 80 жыл бойы жиналған Орталық Азиядағы ең үздік бірегей туындылар орын алған.

Жеке ғылыми тақырыптары

Сырлыбаева Г.Н.
Орталық жетекшісі. Орыс суретшілері Қазақстанда. 1920-1940-жж.
Ә. Қастеев ат. ҚР МӨМ орыс өнері коллекциясы.

Копелиович М.М. Аға ғылыми қызметкер Ә. Қастеев ат. ҚР МӨМ коллекциясындағы Шығыс өнерінің семантикалық-символикалық сипаты. Ә. Қастеев ат. ҚР МӨМ еоллекциясындағы туындылардың атрибуциясы және сараптамасы

Құлмғамбетова Д.Е.
Кіші ғылыми қызметкер Қазақстан мен жақын шет елдердің қазіргі өнері

Мұражайдың ғылыми жұмысы экспонаттарды ғылыми зерттеуді талап етеді. Қызметкерлер Құлмағамбетова мен Пен Батыс Еуропа гравюрасынан әрқайсысы 50-ден 100 экспонатқа сипаттама жүргізуді, Копелиович Шығыс өнері қорынан 10 экспонатқа ғылыми өңдеу жасауды ұйғарып отыр.

Туындыларды ғылыми атрибуттау: Сырлыбаева: Борисов-Мусатовтың «Әйел портретімен», Копелиович: Штраухтың «Сәбиімен» жұмыс жүргізуде.

«Ежелгі орыс өнері», «Орыс өнері: Кескіндеме, түпнұсқа және баспа графика, мүсін», «Заманауи шет ел өнері. Кескіндеме, мүсін, қолданбалы өнер», «Шығыс өнері» (екі том), «Батыс Еуропа өнері. Кескіндеме», «Батыс Еуропа өнері. Баспа графика» маңызды бөлімдерін қамтитын мұражай қорының ғылыми каталогымен жұмыс жалғасуда. Мәліметтерді анықтау, мақалаларды редакциялап, олардың бірнеше тілге аударылуын ұйымдастыру.

Конференцияларда сөйлеуге және жариялауға ғылыми мақалалар әзірленуде. Сырлыбаева: «Шығармашылық өмірбаянды қайта құру тәжірибесі», «Харьков көркемсурет институтының суретші-ұстаздары».
Қордан тақырыптық көрмелер ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр: «Ертегілер қазақ суретшілерінің иллюстрацияларында» – Сырлыбаева, «Шығыстың қола аңызы», «Шай ішу дәстүрі» – Копелиович.
Ғылыми орталықтың қызметкерлері экскурсия жүргізіп, дәріс оқиды, экспозицияның тақырыптық тараулары бойынша әдістемелік талдама дайындауда. 2016 жылы орталық қызметкерлеріне 15 көрменің экспозициясына жетекшілік ету жүктелген.

Ғылыми сараптама орталығы

Ғылыми сараптама ғылыми-зерттеу орталығы мұражайда 2015 жылы ғана ашылған жаңа орталық. Оның жұмысы туындылардың түпнұсқа екендігі мен олардың авторлығын анықтау мақсатымен өнер туындыларын зертеудің жоспарлы процесіне бағытталған. Бұл орталықтың жұмысының концепциясы оның құқық аясына негізделуімен, түрлі зерттеу әдістемелерін және құжат толтыру процедурасын меңгерумен байланысты. Ғылыми сараптама орталығының кадр құрамы – К.В. Ли, орталық жетекшісі, сараптама комиссиясының хатшысы – Г.Б. Молдашева.

Орталық жұмысының алғашқы жылы көркемдік-ғылыми сараптаманы толықтай жүргізудің басты стратегиясын анықтады. Осыған байланысты жүргізілетін жұмыстар:
– жеке коллекциялардың мәліметтер базасын құру (мәліметтер базасының концепциясы мен құрылымы жетілдірілуде, фотосуретке түсірілуде, микроскоптың көмегімен зерттеу және микроскоптан көрінген көріністі мәліметтер базасына түсіру);
– ҚР МӨМ қорындағы туындылар бойынша суретшілер Н. Хлудов, Ә. Қастеев, С. Калмыков, Ж. Шәрденовтің мәліметтер базасын құру.
Орталық қызметінің аясында өнер бұйымдары атрибутталады.
Орталық жетекшісіне 2016 жылы 2 көрмеге жетекші болу жүктелді.

Сыртқы байланыс және менеджмент орталығы

Орталығының жетекшісі - Клара Исабаева

Мұражай қызметінің заманға сай тағы бір қыры – оның қоғаммен, көрермендермен өзара тығыз байланысы болмақ. Орталықтың басты міндеттерінің бірі – мұражай қызметінің барлық түрін, оның коллекциясын, бүкіл әлемдік өнерді, тұтастай алғанда, мұражайда өтіп жатқан барлық оқиға туралы ақпараттық хабарлар арқылы дәріптеп, кеңінен таныту. Орталық қызметі көрермендерге мұражайдың мәдени-білім беру қызметі дәріс оқу, экскурсия жүргізу, мұражай мерекелері, шығармашылық кездесулер, тақырыптық кештер, семинарлар және т.б. сияқты жұмыстың түрлі формалары арқылы жүзеге асыруға бағытталған. Мәдени-білім беру қызметі аудиториямен бір рет қана байланыс орнатып қоймай, ұзақ уақыттық әрі оларды мұражайға жүйелі түрде келтіруге мақсатталуы тиіс. Орталықтың міндеті – мақсатты аудиторияның түрлі сегменттерімен жұмыс істеу. Орталық қызметкерлері бұл бағытта келушілердің тұрақты контингентін қалыптастырудан әдістемелік және мақсатты жұмыс жүргізуді жоспарлауда.

Орталық қызметінің бағыттарына кіретіндер:
 баспасөзбен жұмыс, мұражайдағы оқиғалармен құлағдар ету;
 мұражай оқиғаларын талдау және жүзеге асыру;
 мұражайдың мақсатты мәдени-әлеуметтік жобалар мен бағдарламаларды тиімді түрде жүзеге асыруға бағытталған шығармашылық-өндірістік қызметін жарнамалық-маркетингтік және ақпараттық қолдауын жүзеге асыру;
 заманауи экономикалық және мәдени-әлеуметтік жағдайларда мұражайды жетілдіру міндеттерін орындауға жаңа маркетингтік тәсілдерді зерттеу;
 БАҚ-пен және интернет-ресурстармен белсенді өзара әрекет ету;
 бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін жергілікті және шет елдік мәдениет ұйымдарымен, халықаралық ұйымдармен, дипломатиялық миссиялармен, шет елдік корпорациялармен байланыс орнату, алдыңғы қатарлы шет елдік тәжірибелермен танысып, соларды қолдану;
 Ынтымақтастық туралы келісімге отыруға және оқушыларды, мектеп оқушылары мен студенттерді мұражайға тарту үшін қаланың оқу орындарымен ынтымақтастық орнату;
 мұражай сайтын демеу;
 мұражай мүддесіне демеушілік қолдауға қаражат көзін іздеу.

2016 жылы мұражайда жоспарланған іс-шараларда орталықтың атқаратын қызметі:
 «Бабалар аңсаған Тәуелсіздік»Ұлттық конкурсының PR-кампаниясын ұйымдастыру;
 5 баспасөз конференциясын, 7 баспасөз турын ұйымдастыру;
 5 дөңгелек стол ұйымдастырып, жария ету;
 12 «Музыкалық вернисаж» өткізу;
 4 мұражай көрмесіне, оның ішінде шет елдік көрмелерге жетекші болу;
 мұражайдың жұмысы жайлы сұхбат беру;
– мұражайдың мақсатты мәдени-әлеуметтік жобалар мен бағдарламаларды тиімді түрде жүзеге асыруға бағытталған шығармашылық-өндірістік қызметін жарнамалық-маркетингтік және ақпараттық қолдауын жүзеге асыру.

Дөңгелек столдар, семинарлар, шығармашылық кездесулер

2015 жылы бірқатар көрмелер мен жобалар, оның ішінде дөңгелек стол ілесе жүретін халықаралық жобалар мен көрмелер болады. Пікірталас орын алатын алаңның бұл форматы талқылау барысында заман ахуалы контексіндегі суретшінің ролін анықтайтын, оның көркемдік тәсілін жақсы түсінетін мамандарды, суретшілерді, оқушылар мен БАҚ өкілдерінің басын қосады. Дөңгелек стол мұнымен қоса тыңдаушылардың көңілін өзіне аударып, айтулы ақпарат болары сөзсіз.
Дөңгелек столдар мұражай жобасында белгіленген мемлекеттік ауқымдағы барлық оқиғалар аясында өткізу жоспарланған. Мынадай маңызы зор көрмелердің талқылауы болады:
 «Бабалар аңсаған Тәуелсіздік» Ұлттық конкурсының басталғанын хабарлау – ақпан;
 негізгі халықаралық көрмелер.

ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫС

ҚР Мемлекеттік Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайында бес Кеңес құрылған, олар ұйым қызметінің негізгі бағыттарын реттейді: Көркемдік-әдістемелік кеңес, Ғылыми кеңес, Сараптамалық кеңес, Реставрациялық кеңес, Қор-сатып алу комиссиясы.
Мұражайдың көрме-әдістемелік жұмысына көркемдік-әдістемелік кеңес басшылық етеді. Ол – мұражай қызметінің негізгі түрлерін жоспарлап, ұйымдастыруды үйлестіретін алқалық, консультативтік, кеңесші орган. Көркемдік-әдістемелік кеңес қызметі аясында бірқатар маңызды мәселелер шешіледі, оның ішінде мұражайдың құрылымдық бөлімшелерінің жоспарлау-есеп беру қызметінің жүзеге асуын, мұражайдың дәрістік-экскурсиялық жұмысының стратегиясын жасайды, ғылыми қызметкерлердің, қор сақтаушылардың, экскурсия жүргізушілердің, дәріскерлердің ғылыми принциптерді, нақтылықты, көрнекілікті, көркемдікті сақтауын және берілетін мұаражай ақпараттарының жоғары сапалы болуын қадағалайды.
2016 жыл ағымында Көркемдік-әдістемелік кеңес жиналыстарын жүйелі түрде өткізу мынадай мақсаттар бойынша жоспарланды:
 Мемлекеттік мұражайдың ғылыми жұмыстарының перспективалық жобалары мен бір жылдық жоспарларының жүзеге асуын бақылау;
 экскурсияны жүйелі тыңдау, ғылыми-ағарту жұмыстарының тәжірибесін талқылау және қорытындылау;
 мемлекеттік өнер мұражайының концепцияларының, құрылымдарының, тақырыптық-экспозициялық жоспарлары мен тұрақты экспозицияларының және оның көрмелерінің жобаларын дайындау;
 экскурсия жүргізуші мен ғылыми қызметкерге ғылыми-ағарту жұмысын жүргізуге (экскурсия жүргізуге, дәріс оқуға) рұқсат беру мүмкіндігін талқылау;
 ғылыми қызметкердің атқаратын қызметіне лайықтылығы туралы баға беру және аттестацияға ұсыну, ғылыми қызметкердің сынақ мерзімінен өткені туралы кепілдемелер, қызметкердің біліктілігін арттыру туралы ұсыныстар мен кепілдемелер беру;
 мұражайдың мәдени іс-шараларының жетекшісін белгілеп, жобасының алғашқы концепциясын әзірлеп, жоспарын бекіту;
 ғылыми-зерттеу жұмыстарының, сондай-ақ инновацияларды енгізудің нәтижелілігін арттыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
 ғылыми құжаттама жобаларын: зерттеу жобалары мен бағдарламаларды (қорларды, экспедицияларды, іссапарларды, шет елдік тағлымдамаларды, гранттарды жасақтау), экспозиция және көрме концепцияларын, тақырыптық-экспозициялық жоспарларды, экскурсия жүргізушіге көмек ретінде мәтіндерді, дәріс мәтіндерін, мақалаларды, ғылыми баяндамаларды, есептерді, әдістемелік зерттеулерді, жаңа экскурсиялар мен лекциялардың мәтіндерін, мәдени-көпшілік шараларды, білім беру бағдарламаларын, үйірмелер мен студия жұмысының жоспарларын қарастыру.

ҒЫЛЫМИ-ДӘРІПТЕУ ЖҰМЫСТАРЫ

Мұражайдың 2016 жылға жоспарында:

  • экскурсия, дәріс өткізу – 700
  • келуші көрермендер саны – 100 800 адам
  • көрме өткізу – 50