Есептер

2016 жылы АТҚАРҒАН ЖҰМЫС ЕСЕБІ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ

Ә. ҚАСТЕЕВ АТЫНДАҒЫ ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ӨНЕР МУЗЕЙІ

logo museum kz

Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің қызметі коллекцияны жинақтау және есебін алу, ғылыми-зерттеу жұмысы, реставрация, қалың көрермендер аудиториясына әлемдік өнер туындыларын насихаттау сияқты қызметтің сан алуан түрінен тұратын музейдің басты міндеттерін орындауға бағытталған.

2016 жылы Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі мынадай шараларды ұйымдастырып, өткізді:

  • Көрме – 78:Олардың ішінде уақытша көрме – 66, тұрақты экспозиция – 12, ОКЗ-да – 17. 
  • Дөңгелек стол - 16: 

1. «Бабалар аңсаған тәуелсіздік» ұлттық конкурсы бойынша – 2 ақпан.
2. 2016 жыл, 17 ақпан, сағ. 15.00 де Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі мен Ә. Қастеевтің музей-үйі «Атамұра» корпорациясы ЖШС-нің демеушілігімен 2015 жылдың соңында «Атамұра» баспасынан жарық көрген «Ә. Қастеев. Ою-өрнектер» атты альбом-кітабының таныстырылымы.
3. Музей қызметінің перспективалық жоспарын талқылауға Парламенттің Мәжіліс депутаты Г. Ықсановамен кездесу.
4. Қазақ ою-өрнегінің феномені туралы дөңгелек стол және Ерлан Қожабаевтың «Қазақ ою-өрнектері тәңіршілдік мәдениетінің пиктограммасы және олардың заманауи дизайндағы модульдерінің комбинаторикасы» авторлық кітабының таныстырылымы.
5. Петр Фролов пен Наталья Турдың «Саквояж» көрмесі – 11 ақпан.
6. Алғыс күніне арналған «Мың тағдыр – бір халық» көрмесі аясындағы көрме – 1 наурыз.
7. Белгілі грузин фотодокументалисі Юрий Мечитовпен шығармашылық кездесу «Параджанов феномені және Тбилиси» – 7 сәуір. 
8. Наргис және Вагиф Рахмановтардың көрмесі бойынша дөңгелек стол – 13 мамыр.
9. «Қастеев және қазіргі қазақ кескіндемесі» атты дөңгелек стол, Қастеев музей-үйі, 30 мамыр.
10. Журналистер күніне – 28 мамыр.
11. Рустам Сардаловтың «Уақыт сұлбалары» көрмесі бойынша (Ресей) – 17 тамыз. 
12. Ольга Кройтордың «Тепе-теңдікті қоспағанда» көрмесі бойынша (Россия) – 13 қыркүйек. 
13. Философия, саясаттану және дінтану институтының қызметкерлерімен бірігіп «Қазіргі заман өнері рухани мағынаны іздестіруде» тақырыбына дөңгелек стол – 17 қараша.
14. Исатай Исабаевтың 80 жылдығына көрме, шығармашылық альбомының таныстырылымы
15. Зитта Сұлтанбаева мен Ася Нуриеваның «Арт-атмосфера Алматы» кітабының таныстырылымы – 24 қараша.
16. «Сидоркин-Ысмайыловтар әулеті» көркемсурет альбомының таныстырылымы және дөңгелек стол – 9 желтоқсан.

otchet 2016 3

otchet 2016 2otchet 2016 1

 

 

 

 

 

 

Семинар – 1:
Суретшілер мен теоретик-тарихшылардың, өнертанушылар мен социологардың қатысуымен «Бейнелеу өнеріндегі тарихи жанрдың образдық сипаттары» семинары, 2016 ж. 2 наурыз.  

Ғылыми-практикалық конференция - 1:

1. ҚР Тәуелсіздігінің 25жылдығына «Тәуелсіздік бейнелері. Егемен Қазақстан өнері»тақырыбына «Қастеев оқулары» – 13-14 қазан;

Баспасөз туры – 11:
1. Нұрбек Таңсықбаев пен Григорий Черношековтың мерейтойлық көрмелері бойынша
2. Игорь Вовнянконың «Менің Қазақстаным» көрмесі бойынша,
3. «Кара Гюрла» антикварлық салонының «Кеңес елінің өнері» көрмесі бойынша
4. Дитер Зайттың «Виртуалдық ландшафтар» көрмесі бойынша
5. «Паула Модерзон-Бекер және Ворпсведе суретшілері. Суреттер мен гравюралар / 1895 – 1906» көрмесі бойынша,
6. швейцарлық фотограф Жан Паоло Минеллидің «Қалалардың терісі, қалалықтардың терісі» көрмесі бойынша,
7. Алматының 1000 жылдығына арналған «Алма» көрмесі бойынша,
8. «Архип Куинджи және оның шәкірттері» көрмесі бойынша,
9. Зорикто Доржиевтің «Дала хикаяттары» көрмесі бойынша,
10. Сакен Нарыновтың көрмесі бойынша,
11. Дэмиен Херстың «Жаңа дін» көрмесі бойынща.

Ә. Қастеев атындағы ҚР МӨМ қызметіндегі 2016 жылғы атаулы оқиғалар

2016 жыл мемлекеттік ауқымды тарихи мәні зор атаулы күндерге толы. Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі музей қызметінің түрлі формалары – көрме, дөңгелек стол, ғылыми пікірталас т.б. өткізуді қолға алып, белсенді жүргізіп келеді.

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы

2016 жылғы басты атаулы күні – Республика Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Тәуелсіздіктің 25 жылдығын мерекелеу мемлекеттікті, «Мәңгілік ел» құндылығы төңірегіне халықтар мен бүкіл қазақстандық бірлестіктердің бірлігін одан әрі нығайтуға септігін тигізеді. Еліміздің көркемдік өмірінің орталығы іспеттес музейлер осы мақсатқа жету жолында еліміз бен халқымыз үшін маңызды датаны жүзеге асыруда маңызды үлес қосып жатқан сала екені рас.

Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің жыл басында «Бабалар аңсаған Тәуелсіздік» («Независимость, завещанная предками») ұлттық конкурсын ұйымдастыруы маңызды бастама болды. Конкурс еліміздің Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналып, «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының құндылықтары контексінде еліміздің біртұтас мәдени кеңістігін қалыптастыруға бағытталған. Жоба аясында оған қатысатын суретшілер кескіндеме және мүсін аталымдарында тарихи тақырыпқа арналған авторлық туындыларын жасады. Жобаның қазақ мемлекеттігінің қалыптасуының ең маңызды кезеңдеріне көркемдік мағына беруді маңыз етіп алды. Жоба екі турдан тұрды, біріншісі эскиздерді іріктеу болса (100-ден аса өтініш келіп түсті), екіншісі солардың материалда орындалуы болды.

Нәтижесінде экспозицияға 57 шығарма ілікті, олардың ішінен үш жеңімпаз бен екі ынталандыру бәйгелерін белгіледік. Қорытынды көрме Астана мен Алматыда өтеді. Көрме тарихи мерейтойлық датаға орайластырылып, 14 желтоқсанда Астана қаласындағы ҚР Ұлттық музейінде өтті.

Конкурс жеңімпаздары деп танылған туындылар Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің қорына алынды. Жобаның басты мақсаты – өнер арқылы патриоттық тәрбиеге ықпал ету, көркемдік ортаны оңтайландыру және тарихи жанрды дамытуға жағдай жасап, музей қорын қазіргі Қазақстан суретшілерінің туындыларымен толықтыру.
Өткізу сатылары: іріктеу туры (жыл ағымында), конкурс қорытындысы бойынша көрме, дөңгелек стол, қатысушыларды марапаттау (желтоқсан). Жобаның соңғы нүктесі 2016 ж. 15 желтоқсандағы көрменің ашылуы болды, онда жеңімпаздар жарияланып, үздік туындылар музейге салтанатты түрде тапсырылды.

Жобаны жүзеге асырудың келесі сатылары ойдағыдай өтті:

  • Ұлттық конкурстың жариялануы туралы баспасөз конференциясы, 2 ақпан 2016.
  • Семинар: «Бейнелеу өнеріндегі тарихи жанрдың образдық сипаттамалары». Оған суретшілер мен теоретик тарихшылар, өнертанушылар мен әлеуметтанушылар қатысты, 2 наурыз 2016.
  • Бірнеше тур өткізілді, оған 100-ден аса туынды түсіп, оның ішінде 70 шақты эскиз материалда орындау үшін келесі турға қатысуға қабылданды. 

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орайластырылған ендігі бір оқиға – жыл сайын өткізілетін «Қастеев оқулары» ғылыми-практикалық конференциясы. Оның 2016 жылғы тақырыбы «Тәуелсіздік бейнелері. Тәуелсіз Қазақстан өнері» деп аталады (13-14 қазан 2016). Конференция 40 шақты қатысушының басын қосты, оған музей мамандары мен өнертанушылар ғана емес, Алматы, Астана, Атырау, Павлодар қалаларынан мәдениеттанушылар мен әлеуме,ттанушылар да келді. Конференцияға мәскеулік, тарих ғылымдарының докторы Анна Шевцова баяндамасымен қатысып, конференция халықаралық дәреже алды.

Қазақстан Тәуелсіздігін мерекелеу аясында «Мен Тәуелсіз Қазақстанды бейнелеймін» деп аталатын балалар суретінің конкурсын өткізу жоспарланды. Ол бірнеше кезеңнен тұрды. Жобаның бірінші кезеңі 29 ақпаннан 6 наурыз аралығында «Менің жалауымдағы аспан мен күн» деген атаумен өз жұмысын бастады. Көрменің екенші кезеңі «Алтын күн аспаны» Астана күніне арналып, 1 маусымнан 20 маусымға дейңнгң аралықта өтті. Өткізілген конкурстың шешуші кезеңі 13 желтоқсанда өтіп, қатысушылар мен жеңімпаздарды марапаттау салтанаты болды. Жобаны қолдаушы «Шеврон» компаниясы. Жобаның мақсаттарының бірі – 2015-2016 жылдарға қала, аудан, Астана, Алматы және облыстардағы елді мекендердегі мемлекеттік символдарды пайдалану жүйесін жаңғырту және ілгері бастыру.

Ә. Қастеев атындағы ҚР МӨМ-нің ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына өткізген шараларының жалпы тізімі

1. Қазақстан өнеріне арналған «Әсем әлем» дәрістер курсы – қыркүйек 2016-ақпан 2017.
2. «Мың тағдыр – бір халық» – саяси қуғын-сүргінге ұшыраған суретшілердың туындыларының көрмесі және Алғыс күніне дөңгелек стол. 1-30 наурыз.
3. Азат Әкімбектің коллекциясынан «Верный-Алматы. 1887-1963 жылдар» ретро-фотосуреттерінің фотокөрмесі – 15 қыркүйек – 9 қазан.
4. «Атамұра». Азат Әкімбектің коллециясынан ХІІ-ХІХ ғасырлардағы қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері мен 1940-70 жылдардағы Қазақстан кескіндемесінің көрмесі – 30 қыркүйек-23 қазан.
5. Қала күніне және ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына «Алматы даңғылдарындағы Верный кварталдарынан» Алматы қаласына экскурсия – 1 қазан.
6. Сәкен Нарыновтың «Иллюзия және арман» көрмесі – 21 қазан-13 қараша 2016. 
7. Исатай Исабаевтың «Жанымды арнадым халқыма» кескіндемесі мен графикасынан ретроспективтік көрме – 12 қазаннан. 
8. Музейге 2016 ж. 14 қарашадан 30 қарашаға дейін тегін кіруді ұйымдастырған Сбербанктің акциясы.
9. Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Президент күні құрметіне арналған «Қазақ вальсі» музыкалық вернисажы. Халықаралық конкурстардың лауреаты Ақалтын Бекболатова (вокал) мен Әлия Исабаева (рояль) қазақ операларынан ариялар, Күләш Байсейітова, Бибігүл Төлегенова, Роза Бағлановалардың репертуарларынан, т.б. әндер орындады – 1 декабря
10. Жас таланттардың «Мен Қазақстанды бейнелеймін» көрме-конкурсы –14 желтоқсаннан.
11. «Бабалар аңсаған Тәуелсіздік» Ұлттық конкурсы. Қорытынды көрме ҚР Ұлттық музейінде – 14 желтоқсаннан.
12. Г. Ысмайылова, Е. Сидоркин, В. Сидоркин туралы дөңгелек стол және «Қазақстанның ұлттық игілігі. Суретшілер әулеті» альбомының таныстырылымы – 9 желтоқсан 2016.
13. Ұлт-азаттық көтерілісінің 100 жылдығына арналған «Тәуелсіздік үшін!» көрмесі – 9 желтоқсаннан.
14. Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Алматы қаласының 1000 жылдығына арналған Жұмахмет Мырзахметұлының жеке көрмесі – 2016 ж. 24 қарашадан. Орталық көрме залы.
15. ҚР Суретшілер одағының Ә. Қастеев атындағы ҚР МӨМ-мен бірлесіп өткізген көрмесі – 17 желтоқсаннан.

Алматының 1000 жылдығы

Алматы қаласының 1000 жылдық мерейтойын музей іс-әрекетіндегі маңызы зор атаулы даталардың бірі болды. 3 маусым күні ашылған «Алма» көрмесінде көрермендерге музей қорынан Алматы қаласының басты символы алманы басты объекті етіп алған қазақстандық суретшілердің кескіндемелік, графикалық, мүсіндік жұмыстары көрсетілді. Көрме екі айға ұзартылып, оған көрермендер аудиториясы жылы лебіздерін білдірді.
1. Алматының басты символына арналған «Алма» көрмесі – 3 маусым – 31 шілде
2. Музей ғимаратын сәулеттік жарықтандыру (қала Әкімдігінің қолдауымен) – 7 қыркүйектен
3. Азат Әкімбектің коллекциясынан «Верный-Алматы. 1887-1963 жылдар» ретро-фотосуреттерінің фотокөрмесі – 15 қыркүйек – 9 қазан
4. Қала күніне және ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына «Алматы даңғылдарындағы Верный кварталдарынан» Алматы қаласына экскурсия – 1 қазан
5. Жас таланттардың «Мен Қазақстанды бейнелеймін» көрме-конкурсы - жыл ағымында.

Музейлік жаңғырту

Музейлік жаңғырту жоспары аясында музей көрермендер аудиториясын кеңейтумен қатар бюджеттен тыс қаржы көзін тартумен де белсене айналысып келеді. Келесі жұмыс түрлері осының мысалы.
Қосымша қаражат көзін тарту жұмысы, соның ішінде 2015 жылы құрылған музейдің Қамқорлық кеңесінің қызметі арқасында белсенділік танытып тұр. Осылайша, 2016 жылы солардың қолдауының арқасында ірі жобалар, атап айтқанда, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Бабалар аңсаған Тәуелсіздік» ұлттық конкурсы, сондай-ақ Зорикто Доржиевтің «Дала хикаяттары» халықаралық көрмесі жүзеге асырылды. Сонымен бірге Қамқорлық кеңесінің араласуымен музейден басты магистральға тартылатын жылу трассасы ауыстырылды.

Мүшелік билеттері иесіне бірқатар жеңілдіктер әкеліп, музейдің қолдауына мүдделі нақты өнер сүйер қауымды қалыптастыратын Музей достарының клубы өз жұмысын жалғастырып келеді.  Ә. Қастеев атындағы ҚР МӨМ – өзіндік кәдесый өнімдерін шығаруды қолға алған алғашқы музей. Бұл жұмыс өз жалғасын табуда.

Техникалық инновациялар саласында 2016 жылы іске қосылғандар:
1. Үш тілді – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін қамтыған көптілді мобильдік аудиогидтер. Қытай және француз тілдеріндегі аудиогидтер әзірленуде.
2. 2. izi.travel сайтында музей залдары бойынша онлайн тур – тегін мобильдік аудиогид әлемдегі ірі музейлердің коллекциялары мен экспозицияларына виртуалды түрде қол жеткізеді.
3. QR-кодтар смартфондар үшін мобильдік үстеменің көмегімен экспонаттар жайлы ақпарат (аудио, визуалдық, мәтіндік) алуға мүмкіндік береді.
4. Музей экспозициясы бойынша бағыт-бағдарды, музейдегі тұрақты және уақытша көрмелерді, тұтастай алғанда музей коллекциясы жөніндегі жалпы ақпаратты кеңінен аша түсетін мультимедиялық ақпараттық дүңгіршектерді іске қосудан жұмыстар атқарылуда – 2017 жылы жұмысын бастайды.

Музей бұлардан басқа көрермендер аудиториясын кеңейтуге және қосымша табыс көзін табуға бағытталған коммерциялық жобаларды да атқаруда. Олардың ішінде:

  • «Музыкалық вернисаж» – музей экспозициясы фонында өткізілетін ай сайынғы тақырыптық концерт.Шараның билеттері музей арқылы сатылып, түскен қаржының бір бөлігі музыканттарға беріледі. 
  • Шығармашылық шеберлік сабақтары. Музей суретшілердің шеберлік сабақтарын ұйымдастырады. Оның билеттерін сатып, түскен қаржының бір бөлігін кескіндемешіге гонорар есебінде береді.
  • «Әсем әлем» өнер академиясы – қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан өнерінен дәрістер курсы. 2016 жылы Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналды. 
  • «Ғажайып шам» фестивалі – мектеп каникулы кезінде балалардың бос уақытын ұйымдастыру: шығармашылық шеберханалар, кіші және орта жастағы балаларға арналған ойын сабақтары және жетілдіруші сабақтар.

Мерейтойлық көрмелер

2016 жылы музейде кәсіби бейнелеу өнері тарихына есімдері кіріп, мерейлі жасқа жеткен суретшілердің көрмелері өтті. Сол жоспарланған көрмелердің ішінде бірнеше мерейтой көрмесі болып өтті:

  • Тұрсын Әбуов, ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері – 80 жас.
  • Абрам Черкасский, Қазақ КСР халық суретшісі – 130 жас. 
  • Ольга Кужеленко – 105 жас. 
  • Н. Таңсықбаев пен Г. Чернощеков – 90 жас.
  • Исатай Исабаев. «Жанымды сыйладым халқыма» көрмесі және суретшінің шығармашылығы жайлы альбомның таныстырылымы – 80 жас.
  • Сәкен Нарынов – 70 жас.
  • Павел Шорохов – 70 жас. 
  • Қадыржан Хайрулин – 60 жас.

КЕЛУШІЛЕРМЕН ЖҰМЫС

Музейге жыл бойына келген адамдардың саны: 102 050 адам.
2016 ж. бірінші жарты жылдығы – 49 700 адам.,
Екінші жарты жылдық – 52 350 адам.
18 мамыр Халықаралық музей күніне арналған «Арт-мистерия. Музей түні» іс-шарасына 4 мыңнан астам көрермен келді.

Сбербанктің музейге келушілерге жасаған тегін кіру акциясы бойынша 12 қарашадан 30 қарашаға дейін 13 781 адам келді. Дэмьена Херст пен Зорикто Доржиевтің халықаралық көрмелеріне келушілердің саны көп болды.

ЭКСКУРСИЯЛЫҚ-ДӘРІСТІК ЖҰМЫС

2016 жылы музейде 702 экскурсия мен дәріс жүргізілді:
Қамқорлық – 192, оның ішінде шет ел тілінде де.
Оқушылар мен студенттерге – 276, ересектерге – 148, оның ішінде шет ел тілінде де дәріс – 74. 
Музей қонақтарына қала және қала маңына экскурсия (қамқорлық) – 12.

«Әсем әлем» өнер академиясы
Авторлық дәрістер курсын Қазақстанның алдыңғы қатарлы өнертанушылары тартымды әрі танымдық формада дәріс әзірлеп, музейге келушілерді әлемдік көркемдік мәдениетпен таныстырады.

МУЗЕЙДІҢ ҚОР ЖҰМЫСЫ

Музейдің тұрақты сақтау қорына 140 бұй ым келіп түсті, қосымша қорға тұрақты сақтауға 11 зат қабылдап алынды.
Енгізілген карточкалар – 1285 дана, тұрақты түсім кітабына енгізілгендер – 150 экспонат, қосымша материалдар кітабына – 11.

Орталық қызметкерлері тексеріп-салыстыру, мұрағаттау, туындылардың ахуалын алдын-ала салыстырып тексеріп тұру және реставрациялауды қажет ететін жұмыстарды алып шығу жұмыстарын ұдайы жүргізіп отырады. Қордағы күмістен жасалған бұйымдар тексерілді. 466 бұйымға акт жасалды. Қазақстан сәндік-қолданбалы өнер қорына (киіз) салыстырып тексеру жүргізіліп, қордағы заттардың 325-іне акт жасалды. Қазақстанның мүсіні және ежелгі өнері қорына салыстырып тексеру жүргізіліп, 788 бұйымға акт жасалды. Қарап шығуға және музей залдарында көрмелер ұйымдастыруға 1476 экспонат іріктеліп алынды. Музей залдарына акт бойынша 600 экспонат беріліп, оның 537-сі қорға қайтарылды. Инвентарлық сипаттамаға 230 экспонат беріліп, инвентарлық кітапқа 178-і тіркелді.

Туындыларды реставрациялау жұмыстары жүргізілуде. 2016 жылы 142 экспонат беріліп, реставрациядан 129-ы өтті. Қорлар мен залдардағы бүлінген жұмыстарды реставрациялау және консервациялауға шағару мақсатымен 2153 жұмыс алдын-ала қаралды.

Уақытша және тұрақты экспозицияға берілген жұмыстар қадағаланып отырады, қордағы сақтауда тұрған заттардың орналасу топографиясын сақтау есебі жүргізіледі. Экспонаттар фотосуретке түсіріледі.
Нұсқаулықты талқылау және оған толықтырулар енгізу жөнінде Астанаға ҚР Мәдениет министрлігіне М.К. Мырзабекова іссапарға барды.

С. Калмыковтың кескіндеме және графика каталогымен жұмыс – 487 экспонат.
«Қастеев оқуылары-2016» ғылыми-практикалық конференциясына қатысты. И.А. Школьная мен Ә. А. Мұсағалиева туындыларға ғылыми атрибуция жасады. Стажерлармен және практиканттармен жұмыс – 15 адам.

ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫС

Музейдің ғылыми орталықтары Қазақстан бейнелеу өнері, Қазақстан сәндік-қолданбалы өнері, классикалық және замануи шет ел өнері қорларының өз бөлімдерінің бағыты бойынша жұмыс жүргізеді. Әрбір ғылыми қызметкердің ғылыми тақырыбы бар, олар соларға зерттеу жасайды, мақалалар жазады. Ғылыми қызметкерлер экскурсия жүргізіп, дәріс оқиды. Ғылыми қызметкерлердің тікелей белсенді араласуымен «Бабалар аңсаған Тәуелсіздік» конкурсы өткізілді.
Қорларды каталогтау және экспонаттарға ғылыми сипаттама жасау жұмысы жалғасуда. 2017 жылы мамыр айында шығару жоспарланған Сергей Калмыковтың кескіндеме және графика каталогы әзірленуде.
Музейдің ішкі шараларынан басқа да конференциялар мен дөңгелек столдар өтіп тұрады, ғылыми қызметкерлер ғылыми-практикалық конференциялар мен стажировкаларға белсене қатысады, шет елдерде болып жатқан конференциялар мен стажировкаларға да қатысады.

Ә. Қастеев атындағы ҚР МӨМ-де 13-14 қазанда жыл сайынғы «Қастеев оқулары-2016» конфренциясы болды, ол Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналды. Оның тақырыбы «Тәуелсіздік бейнелері. Егемен Қазақстан өнері» деп аталды. Биылғы жылы конференция пәнаралық зерттеуге бағытталғандықтан, конференцияға өнертанушылар мен музей қызметкерлері ғана емес, оған мәдениеттанушылар да, философтар да қатысты. Конференцияға 50 шақты маман ат салысты. Конференцияның қорытындысы бойынша жинақ шығару дайындалуда.
Музейдің ғылыми қызметкерлері ұдайы тұрақты және уақытша көрмелерге жетекшілік етеді.
Музей қызметкерлерінің конференциялар мен форумдарға қатысуы:

  • «Ғани Иляев. Өмірлік және шығармашылық жолы». К.Ж. Мұқажанованың Шымкенттегі конференциядағы баяндамасы, 18-19 ақпан.
  • Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Қ.Т. Жүргенов атындағы ҚаҰӨА «Бейнелеу өнерінің теориясы мен тарихы» кафедрасының 25 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция. 5-6 сәуір 2016 ж., Т. Жүргенов ат. ҚазҰӨА – Алматы. 
  • Бүкіл дүниежүзілік түрікмен қолөнер кілемдерін жоғары бағалаушылар қауымдастығының XVI конференциясы, Ашхабад, 27-28 мамыр 2016.
  • ҚР Ұлттық музейінде Түркия делегаттарымен халықаралық туризм жайлы семинары, 2-3 маусым, Астана.
  • Ұлы Отан соғысы жылдарындағы көшірілгендер мен босқындарды зерттеу жөніндегі VIII Халықаралық ғылыми-практикалық тарихи конференция. Орталық Мемлекеттік мұрағат, 16 қыркүйек – Сырлыбаева Г.Н.
  • «Қытай, Қазақстан, Ресей қазақстандық кескіндемеші К. Муллашевтың шығармашылығында» Санкт-Петербургтегі ғылыми конференцияда, 7-8 қараша.
  • Г.К. Шалабаева мен Е.И. Резникованың «Мәдениет пен өнердің дәстүрлері мен қазіргі жағдайы» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысу – 24-25 қараша 2016 ж.

ҒЫЛЫМИ САРАПТАМА ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ

Ғылыми сараптама орталығы 120 өтінімді қарады, оның 82-сіне сараптамалық қорытынды жасалды.
2016 жылы наурызда Қастев музейінің кескіндеме, мүсін, графика, СҚӨ туындылары, баспа басылымдары, кәдесыйлар мен басқа да материалдық мәдениет бұйымдарынан тұратын 1000-ға тарта жеке коллекцияға өнертанушылық зерттеу жүргізді. Барлық экспонат тізімделіп, осы жинақтама туралы туралы жалпы статистикалық мәлімет жасалды.
Орталық қызметкерлері алып шығу жөніндегі комиссияға да белсене араласады – 27 хаттама жасалып, 80-нен астам туынды қаралды.

БАСҚА МУЗЕЙЛЕРМЕН ӨЗАРА ҚАТЫНАСЫ

Атырау қаласындағы Ш. Сариев атындағы облыстық көркемсурет музейіне тұрақты сақтауға 64 туынды берілді. 18-19 тамызда салтанатты тапсырылу рәсімі болды. 2017 жылы қарашада Ә. Қастеев атындағы ҚР МӨМ ынтымақтастықты нығайтуға және бірлескен көркемдік жобаларды жүзеге асыруға ықпал ететін Минскідегі Беларусь Ұлттық көркемсурет музейімен Меморандумға қол қойды.

ҚОҒАМ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ БАЙЛАНЫС БОЙЫНША ЖҰМЫС

Менеджмент және сыртқы байланыс орталығы БАҚ-да музейдегі түрлі іс-шараларды өткізуде, ұйымдастыруда және жарықтандыруда белсенді жұмыс атқарады: көрмелер, жарияланымдар, конференциялар, дәрістер мен экскурсиялар бойынша. Музей туралы баспа, телевизиялық және электрондық материалдардың шығуына  ықпал ете отырып, БАҚ-н тығыз байланыс орнатады. Музейдің пиар-науқанының және жарнамалық науқан бойынша келушілерді тарту жұмыстарын жүргізеді және үнемі насихаттап отырады, сонымен қатар, музей  коллекциялары мен іс-шараларын БАҚ-та жариялап отырады. Музейдің электрондық парақшаларын жүргізеді: веб-сайт, Facebook, Twitter, телевизиондық канал YouTube, Instagram, ВКонтакте, Одноклассники. 2016 жылы орталық 8 баспасөз-конференциялары мен 11 пресс-турларын ұйымдастырды. Орталықтың жетекшісі Клара Исабаева көрмелер мен басқа да іс-шаралар жайында музейдің жетекші қоғамдық-саяси және Қазақстанның әдеби журналдарында "Байтерек", "Достык", "Женщины Восток-Запад", "Простор" және т.б. 14 мақала жариялады, сондай-ақ қазақстан-ресей әдеби альманахында "Тәуелсіз Қазақстанның бейнелеу өнері» атты мақаласы жарыққа шықты. 2016 жылы қазанда, Клара Исабаева Мәскеудегі Қазақстан Елшілігі ұйымдастырған Ресей мен Қазақстан жазушыларының кездесуіне қатысқан болатын.

2016 жылы музей туралы материалдар осындай ақпараттық портал сайттарында тұрақты түрде жарияланып тұрды: Tengrinews, Казинформ, Today.kz, Мәдениет Министірлігі сайтында, Almaty Life, YaPresident, Afisha.kz, BAQ.kz, kazmuseum.kz және т.б; республикалық және халықаралық газеттерде - «Казахстанская правда», «Деловой Казахстан», «Литер», «Курсив», «Время», «Новое поколение», «ЭкспрессК», «Вечерний Алматы», “Deutsche Allgemeine” неміс тілді газетінде, «Ана тілі», «Қазақ әдебиеті», «Алматы Ақшамы», «Түркістан». «Байтерек», «Достык. Дружба», «Простор», «Женщины Восток.Запад», «Жер Жиһан» және т.б. журналдары да бар. 

Менеджмент және сыртқы байланыс орталығының белсенді жұмыс жасауының нәтижесі бойынша БАҚ-та музей жайында 2002 жуық материалдар шықты.

БАСПА ҚЫЗМЕТІ

Музейдегі барлық көрмелер Ақпарат және баспа қызметі орталығы дайындап, басып шығарған полиграфиялық өнімдермен өтеді. 2016 жылы 360 грамота және диплом, 152 аннтотация, толық түсті А3 481 афиша, 2684 түрлі түсті билет, 2390 буклет, 120 жинақ, 1362 құжат басылды.
2017 жылы он-лайн режимінде жұмыс істейтін 3D-галереяның жұмысының басталуы ірі жоба болып отыр. Галерея толық көлемде, жоғары бейнелік сапасымен көруге болатын музей қорындағы мүсін үлгілерімен таныстырады. http://www.gmirk.kz/index.php/ru/lang-kz-m-sin-3d-katalog-lang-lang-ru-3d-katalog-skulptury-lang-lang-en-sculpture-3d-catalog-lang
2016 жылдың басында музей 2015 жылы 25 қарашада өткен жыл сайынғы «Қастеев оқулары-2015» ғылыми-практикалық конференциясының жинағын басып шығарды.

ДИЗАЙН ЖӘНЕ КӘДЕСЫЙЛАР МЕН ПОЛИГРАФИЯЛЫҚ ӨНІМДЕРДІ ШЫҒАРУ

Музейде атқарылып жатқан барлық іс-шаралар өзінің полиграфиялық өнімдерімен қатар жүреді, олар: афиша, шақыру билеттері, буклеттер, кейбір көрмелерге арнайы каталогтар шығарылады. Мерекелерге арнап құттықтау хаттары әзірленіп, таратылады. Өз күшімізбен полиграфия өнімдерін әзірлеуге өндірістік-техникалық база едәуір ұлғайтылды.
Музей коллекциясын дәріптеу мақсатымен тарту-таралғы өнімдерінің әр түрін (футболкалар, сумкалар, телефон қаптары, кілемшелер, саптыаяқтар, металл және қыш магниттер) жасап шығару музей қызметінің жаңа түріне айналды.

Ә. ҚАСТЕЕВ МУЗЕЙ-ҮЙІ

1. Ә. Қастеев атындағы МӨМ директорының бұйрығы (№ 61, 27.10.2015) бойынша құрылған комиссияның қатысуымен Ә.Қастеев Музей -үйінде сақталып, экспозицияға қойылып келген тұрмыстық бұйымдар мен жеке заттар, туындылардың, құжаттар мен фото-суреттердің көшірмелерінің (138-жүз отыз сегіз) қысқаша сипаттамалары жазылып, музей жәдігерлері ретінде 20.01.2016 жылы «Ә.Қастеев атындағы МӨМ» РМҚК- ның тізіміне және Ә.Қастеев музей-үйінің қызметі барысында уақытша сақтау қорына алынды.
2. 02.02.2016 ж. Е.Нұразхан «Хабар», «Қазақстан», «Алматы ТВ» телеарналарына «Бабалар аңсаған тәуелсіздік» конкурсына байланысты, «Білім және Мәдениет» арнасына Н.Таңсықбаев туралы сұхбат берді.
3. 17.02.2016 ж. Ә. Қастеевтің отбасылық мұрағатынан алынған материалдары бойынша «Атамұра» баспасы шығарған «Ою-өрнектер» альбом-кітабының тұсаукесері өткізілді. Оған өнертанушылар, журналистер, суретшілер қатысты. «Білім және Мәдениет», «Қазақстан», «Алматы ТВ» телеарналарына сұхбаттар берілді. «Алматы ақшамы» (23.02.2016ж.) газетінде «Суретші Әбілхан Қастеевтің ою өрнектері», «Деловой Казахстан» (26.02.2016ж.) газетінде «Все изменяется, орнаменты тоже» деген материалдар жарияланды.
4. 01.03.2016 ж. Е.Нұразхан «Білім және Мәдениет» телеарнасына Ә.Қастеевтің музей-үйі және Ә.Қастеевтің шығармашылығы туралы сұхбат берді.
5. 27.05.2016 ж. Е. Нұразхан «Білім және Мәдениет» арнасының «Ғылыми кеңес» хабарында «Бейнелеу өнеріндегі постмодернизм» деген тақырыптағы отырысына қатысты.
6. 10.01.2016 ж. Физика ғылымдарының кандидаты Жеңіс Хамитұлы бастап келген 10 адамға экскурсия жүргізілді. Сонымен қатар О. Таңсықбаев атындағы Сәндік қолданбалы өнер коледжінен 22 студент келіп Музей- үймен танысты.
7. 20.02.2016 ж. Суретшілер Марат Көмеков пен Асқар Мәуленов бастаған 13 адамға экскурсия жүргізілді.
8. 02.03.2016 ж. С. Асфендияров атындағы Мемлекеттік медицина университетінен 27 студенті келіп Ә. Қастеевтің өмірі мен шығармашылығы туралы мағұлмат алды.
9. 03.04.2016 ж. «Walking Almaty» телеорталығының журналисі, Америка азаматы Денис Кин музей-үймен танысты.
10. 28.04.2016 ж. Оңтүстік Қазақстан обл. Сарыағаш ауданынан бір топ демалушылар (12 адам) келіп, суретшінің өмірі мен шығармашылығы жөнінде ақпараттар алды.
11. 10.05.2016 ж. Алматы қаласы мәслихатының депутаты, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Матыжанов Кенжехан мен Алматы қаласындағы С.Мұқанов пен Ғ.Мүсірепов музей-үйлері кешенінің директоры Қайырбеков Әділғазы музей-үймен танысып, сұхбаттасты.
12. 30.05.2016 ж. Ә.Қастеев музей-үйінде «Ә. Қастеев және бүгінгі қазақ реалистік кескіндемесі» деген тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге белгілі суретшілер, өнертаушылар, журналистер қатысты. «Қазақстан», «Алматы ТВ», «Хабар» телеарналарында көрсетіліп, «Алматы ақшамы» газетінде (№68, 09.06.2016 ж.) Е. Нұразханың «Реалистік кескіндеменің келешегі қандай» деген мақаласы жарияланды. Дөңгелек үстелге қатысушыларға (17 адамға) Бәтиза Әди экскурсия жүргізді.
13. 14.06.2016 ж. ҚР Кітап палатасының директоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Асқаров Әлібек пен Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Тұрабаев Батырбекке және медицина университетінің 7 студентіне экскурсия жүргізілді.
14. Ә. Қастеев Музей-үйіне арналған буклет 3 тілде жарық көрді.
15. 17.06.2016 ж. О.Таңсықбаев атындағы сәндік-қолданбалы өнер колледжінің ұстаздары мен студенттеріне (12 адам) экскурсияны Е.Нұразхан, Б.Әди жүргізді.
16. 05.07.2016 ж. қала тұрғындары мен күзет қызметкерлеріне экскурсия жүргізілді (6 адам).
17. 08.2016 ж. белгілі суретші Қанат Әбдікәрім мен № 33 емхананың дәрігерлеріне экскурсия жүргізілді (11 адам).
18. 03.09.2016 ж. Музейге келген 11 адамға Б.Әди экскурсия жүргізді.
19. 13-14.09.2016 ж. Е.Нұразхан, Б. Әди Ә. Қастеев оқулары атты ғылыми практикалық конференцияға қатысып, баяндамалар жасалды.
20. «Жұлдыз» журналының 9- шы санына Е.Нұразханның «Өкініш», «Арман» деген әңгімелері жарық көрді.
21. 14.10.2016 ж. Т. Жүргенов атындағы ҚҰӨ академиясының 3 курс студенттеріне (жетекшісі – А. Жаңбыршиева) Е. Нұразхан экскурсия жүргізді (8 адамға).
22. 01.11 - 21.11.2016 ж. Т.Жүргенов атындағы ҚҰӨ академиясының көрме залында Е.Нұразханның ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Кімге күлеміз?» атты жеке көрмесі өтті.
23. Е.Нұразхан жыл бойында өткен көрмелердің аннотацияларына, баспасөз мәлімдемелеріне жазылған мәтіндерді аударысты. Арнайы хаттарды, альбомдар мен каталогтардың алғысөздерін редакциялады.
24. 21.11.2016 ж. Т. Жүргенов атындағы ҚҰӨ академиясының 1 курс студенттеріне (9 адамға) Б. Әди экскурсия жүргізді.
25. 02.12.2016 ж. «Қазақ әдебиеті» газетінде Б.Әдидің И.Исабаев туралы «Тарих тереңіне бойлаған» (№ 49, 02.12.2016) атты мақаласы жарық көрді .
26. 09.12.2016 ж. « Тәуелсіздік үшін!» атты қазақ халқының 1916 жылғы Ұлт азаттық көтерілісіне 100 жыл толуына және Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған көрмесін ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді (кураторы – Е. Нұразхан, көмекшісі Б.Әди).
27. «Тәуелсіздік үшін!» атты көрме туралы «Вечерный Алматы» (№ 150, 13.12.2016ж.) газетіне Е. Соколованың «Портрет эпохи» деген мақаласы жарық көрді.
28. 22.12.2016 ж. «Алматы ақшамы» газетінде Б. Әдидың «Тәуелсіздік үшін!» атты көрмеге жазылған «Тәуелсіздік жолындағы жарқын бейнелер» (№150, 22.12.2016) деген мақаласы жарияланды.
29. Музей экспозицияларын таныстыруға арналған «Аудиогид» аппаратына арналған мәтіндерді қытай тіліне аударылуына орталықтың кіші ғылыми қызметкері Бәтиза Әди белсене атсалысты.
30. «Алматы ақшамы» (№153, 27.12.2016ж.) газетіне Б.Әдидің жас суретші Алмас Нұрғожаевтың шығармашылығы туралы «Дала рухын таныған» деген мақаласы жарық көрді.
31. Е.Нұразхан жыл бойы музейде өткен көрмелерге модераторлық қызмет атқарды.

Әкімшілік-шаруашылық орталығының жұмысы

2016 жылы әкімшілік-шаруашылық бөлімі материалдық-техникалық базаны нығайту мәселелерімен, музей қызметкерлерін қауіпсіз және пайдалы еңбек жағдайымен қамтамасыз ету жөніндегі кешенді шараларды іске қосумен, сондай-ақ музейдегі ұйымдастыру-техникалық және санитарлық-эпидемиялық шараларды жасаумен айналысады.

Есептік кезеңде атқарылған жұмыстар:
- диаметрі 150 мм, 2 желілі болат құбыр тартып, ұзындығы 105 метрлік сыртқы жылу жүйесін жөндеу;
- музей ғимаратын сәулеттік жарықтандыру;
- сыртқы су құбыры жүйесінің бөлігін ағымдағы жөндеу;
- сыртқы кәріз жүйесін тазалау және жуу;
- музейдің, Орталық көрме залының және Ә. Қастеев музей-үйінің жылу жүйесін жуу және қысымын тексеру;
- апаттық айыру генераторын ағымдағы жөндеу;
- жазғы уақытқа ауаны салқындату жүйесінің 2 насосын жөндеу;
- музей аумағын көгалдандыру жұмысы (ағаш, бұта, гүл отырғызу, газондық жабынды ауыстыру;
- ішкі ауладағы айналма галереяның терезе ойықтарына жарықты қайтаратын пленка жапсыру;
- ауладағы жасыл көшеттерді суғаратын құбыр жүргізу;
- Орталық көрме залының үй астындағы жайларында ағымдағы жөндеу-қалпына келтіру және электр монтаждау жұмыстары;
- Музей аумағында түнде көру үшін қосымша 4 видеокамера орнатылды және т.б.

Нормативтік-құқықтық актілерге сай Музейді оргтехникамен және құрал-жабдықтармен, шаруашылық құрал-саймандарымен және кеңсе жабдықтарымен, бланкілермен, өндірістік қажеттілік пен жұмысқа қажетті приборлармен және материалдармен қамтамасыз ету бойынша Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын құрып, жүзеге асыруға қатысты.
Музейде өтіп жақтан іс-шараларды (конференция, семинар, көрме және т.б.) қажетті жабдықтармен және материалдармен, қонақүймен және автокөлікпен қамтамасыз ету, күзет және өрт дабылы жабдығының, видеобақылаудың техникалық ахуалын ішкі бақылауды іске асыру, музей қызметкерлерінің қолданыстағы нормаларды, ережелер мен нұсқаулықтарды сақтауын қадағалау, музейдің өміршеңдігін байланыс, көлік және басқа коммуникациялармен қамтамасыз ету, сондай-ақ тауарлық-материалдық құндылықтарды инвентаризациялап, есепке алу жұмыстарын да атқарып келеді.

Инженерлік-техникалық қызмет және ғимаратқа қызмет көрсету және күтіп-баптау бөлімінің қызметкерлері жыл бойы құқық бұзушылық көрсетіп, жұмысқа енжарлық танытқан жоқ. Музей ішінде және оған жапсарлас аумақтарда тиісті тәртіп сақталды, жасыл көшеттер суғарылып, күтімде болды. Бөлім қызметкерлері музей ғимаратының ахуалын, кеңсе жиһаздарын, шаруашылық құрал-саймандарын, тауарлық-материалдық құндылықтарды ағымдағы жөнделуі мен сақталуын қарап-қадағалап отырады, тиеу-түсіру жұмыстарын атқарады, картиналарға жақтаулар мен көрмелерді тасымалдау үшін жәшіктерді дайындауға қатысады.

Өртке қарсы қызметтің жұмыскерлері ұдайы алдын-ала ескерту щараларын жүргізіп отырады. Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар аясында музей қызметкерлерінің теориялық білімі мен практикалық әдетін жетілдіру мақсатымен сабақтар жүргізіліп, өрт кезінде көшіру, алғашқы медициналық жәрдем, ТЖ кезінде аман қалудың мәселелері қозғалады.

Шаруашылық бөлімі қызмет және өндірістік бөлмелердің кілтін беру және қабылдауды, музей мүлкінің сақталуын, музейге кірудің рұқсаттық тәртібін, қор сақтау қоймаларында, экспозиция залдарында, қойма орындарында, шеберханалар мен машина залдарын насекомдар мен зиянкестерден арнаулы дәрілермен санитарлық тазалау жұмыстарының жүргізілуін қадағалап отырады.