Қастеев оқулары-2023

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
«Қастеев оқулары-2023» атты жыл сайынғы
ғылыми-практикалық конференциясы
МУЗЕЙДІҢ ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ МИССИЯСЫ

2023 жылы Ә. Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік өнер музейі «Қастеев оқулары-2023» атты жыл сайынғы ғылыми-практикалық конференциясын ұйымдастырады. Конференция әлемдегі қарқынды өзгеріс жағдайындағы мәдени мұраны дамыту және сақтау мүмкіндіктерін талқылайтын пікірталас алаңына айналуды көздейді. Жаңа сыртқы саяси және әлеуметтік-мәдени жағдайлар қазіргі кезеңде қоғамның мәдени мұрасы мен рухани жаңғыруын өзектендіру қажеттілігін талап етеді. Музейлер қазіргі жағдайдың өзгерістеріне және барысына жауап бере отырып, мәдени мұраны сақтау, зерттеу және насихаттау бойынша негізгі миссиясын жалғастыруда.