Біліктілік талаптары: Қаржы-экономикалық бағыт бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім; жұмыс өтіліне талап қойылмайды. Немесе тиісті бағыт бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, белгіленген бағдарлама бойынша арнайы даярлық және есеп пен бақылау саласында кемінде 3 жыл жұмыс өтілі болуы тиіс.
Еңбекақы төлеу шарттары: Лауазымдық жалақысы 200 000-250 000 теңге аралығында.

