Біліктілік талаптары: Мәдениет және өнер, гуманитарлық ғылымдар саласы бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім және мамандығы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі болуы тиіс. Ғылыми дәрежесі бар, докторантураны аяқтаған немесе тағылымдамадан өткен жағдайда жұмыс өтіліне талап қойылмайды. Ерекше жағдайда, жоғары оқу орындарының (факультеттердің) кеңестерінің ұсынымдары негізінде оқу барысында тәжірибе жинақтаған магистратура түлектері кіші ғылыми қызметкер лауазымына тағайындалуы мүмкін.
Еңбекақы төлеу шарттары: Лауазымдық жалақысы 350 000-400 000 теңге аралығында.

