RESEARCH

Тоқыма өнері

Мұхамед Д.Д.

ҚР Мемлекеттік Ә. Қастеев атындағы
өнер мұражайының қолданбалы өнерін зерттеу орталығының сектор меңгерушісі

   Қазақстан жерінде жүннен әртүрлі бұйымдар тоқу ерте заманнан белгілі болған. Алтай жеріндегі археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған тоқыма бұйымдар осыны дәлелдейді. Белгілі ғалымдар М. П. Грязнов пен С.В. Киселев сол заттардың сыртына салынған өрнектер қазіргі алтайлықтар мен қазақтардың, тяньшандық қырғыздардың оюларына өте жақындығын атап көрсеткен.
 Коллекция тоқыма өнерінің Қазақстанда дамуы мен қалыптасуын, жер-жерге таралу аймағын толығынан көрсетіп, жасалу уақытының ХIХ ғасырдың соңы мен 1980-шы жылдар аралығы екенін айғақтап отыр.
Қазақ халқы түкті кілемді жоғары бағалаған. Экспонаттар жинау мақсатымен жүргізілген экспедиция кезіндегі ғылыми жұмыстардың нәтижесінде мұражай қызметкерлеріне Қазақстанның барлық жерінде түкті кілем тоқу ХХ ғасырдың 30-шы жылдарына дейін сақталып келгені мәлім болды. Қазақтың белгілі ғалымы Әлкей Марғұланның «Қазақтың халық қолөнері» атты кітабында бұрынғы кездегі түкті кілемнің бірнеше түрінің болғандығын айтады. Олар: орта ғасырлардан бері ақсүйектердің еншісі болып келген – орда кілем, көлемі өте үлкен – қалы кілем, тығыз тоқылған – масаты кілем, сүттей аппақ – ақ кілемдер мен қоңырқай түсті немесе сұрғылт түсті кілемдердің болғанын баяндайды. Түкті кілемдер тігінен қойылған өрмектерде тоқылады. Астыңғы арқау жіп үстіңгі арқау жіппен қоса қабат шалынып отырып тоқылады да, екі рет өткерме жіп жүргізіледі. Кілем түгі 4-7 см болады. Кілем тоқитын жүнді алдын-ала әртүрлі өсімдіктердің тамырынан, жапырығынан алып дайындалған табиғи түсті бояулармен бояп, реңі қанық, түсі тұнық түрлермен кілем бетін құбылтып, үндестік шешімінің көркемдік сұлулығын аша білген.
Музей қорында сақталған түкті кілемдер қорының көпшілігін Оңтүстік Қазақстан шеберлерінің туындылары құрайды. Әсіресе, жаппай кілем тоқу оңтүстік өңірінде ХХ ғасырдың 60-шы жылдарында тіпті халықтық сипат ала бастады. Кілем тоқуда өрнектік құрылымдар жаңаша өзгеріске ұшырады. Солардың бірі ел арасына кең тараған, орталық бөлігіне бір немесе екі қатар етіп қара иә болмаса қара көк, қою жасыл түсті жұлдызөрнегін орналастыру тәсілі болды (483-тқ). Мұндай кілемдердің оюлары ірі әрі көрер көзге тартымды болып келеді.
Мұражай қорына сүйене отырып, түкті кілемдерді өрнектеудің үш түрінің кең тарағанын байқауға болады. Біріншісіне жұлдызды кілемдерді жатқызсақ, екінші түріндегі кілемдердің орталық бөлігіне төртбұрышты немесе қиықша шаршылардың екеу-үшеуі қатар қойылады да, әртүрлі өрнектік құрылымдармен толықтырылады. Үшінші топқа баспалдақтанып келген немесе көркемдік құрылымы толық көпбұрышты шаршылы кілемдер жатады. Қазақ кілемдері Орталық Азия елдерінің түкті кілемдерінен оюларының ірілігімен және көзге бірден түсетін бір, көбінесе екі қатар жиек жолақтарын түсірілуімен ерекшеленеді, сонымен қатар 7-8 түрлі түстің үйлесіммен қайталануы бір реттілікпен тепе-теңдікті сақтап отырады.
Әсіресе, ХХ ғасырдың соңына қарай түкті кілемдердің көркемдік шешімінде еркін орын алған жаңа ою түрлері пайда болды. Олар: бидай, (517-тқ), шемішкегүл (506-тқ), жебе (508-тқ) және жиек оюларының жеке құрылымы Әсия шет (531-тқ) оңтүстіктің кілемдерінің жеке тұрпатын сараландырып, көркемдік құнын арттыра түсті. Заманның ыңғайы мен халықтың сұранысына қарай дәстүрлі ою-өрнек қатарына гүлдердің, ақ тиіннің, құстардың, аққудың, халық аузына іліккен кинофильмдердің сүйікті кейіпкерлері, басқа елдердің қолөнер туындыларының көшірмесі орын ала бастады ( 529-тқ). Бұл сұранысқа сәйкес өтімді сәнділіктің белең алғаны және тоқымашының жекелеген өнерпаздыққа бой ұрғанын анық байқауға болады. Өтпелі кезең белгісі ретінде мұндай кілем түрлерінің музей қорында бірнеше түрі сақталуда.
Музей қорындағы Батыс өңірінен әкелінген өзінің көркемдік құндылығы жағынан баға жетпес кілем түрі – өресі биік өнер шеберінің нағыз шығармашылық шарықтауының жемісі болып есептелінеді (681-тқ). Кілем өрнегі жіңішкеленіп түскен. Негізгі түстері қызыл, сары және сұрғылт көкшіл. Кілемнің тығыздығы, аз ғана түстің өзара үйлесімі оның тоқылған уақытының ХІХ ғасырдың аяғы екенін дәлелдейді. Алқызыл кілем бетіне түскен байыпты геометриялық ою жолдарынан тиянақты ой толғауы биік шебердің өзіндік талғамын сезгендей боласыз.
1960-1970-ші жылдары халық арасында кілемге деген үлкен сұраныс тоқымашылық өнердің Қазақстанның басқа жерлерінде кеңінен тарауына әсер етті. Әсіресе орталық, солтүстік аймақтарда тақыр кілемдер тоқу өріс алды. Жекелеген халық шеберлерін біріктерген тоқыма орталықтары ұйымдастырылып, артельдер құрыла бастады. Жаппай кілем тоқу барысында ұлттық дәстүрді қатаң сақтау ғана емес, өзекті талғамын игеру арқылы биік өнерге қол жетері анық еді. Бұл жерлерде кең тараған орама тоқуымен халық арасында үлкен сұранысқа ие болған – алтыауыл, қараман, торғай, арабы, баднас кілем түрлері көп тоқылды.
Қазақстанның оңтүстік және батыс өңірлерінде арнайы құрылған орталықтар болмағанмен, бірнеше шебер бірігіп әртүрлі тақыр кілемдер тоқып, халық сұранысын өтеуге ұмтылды. Бұл жерлерде үлкен сұранысқа ие болған арабы кілем мен бескесте кілемі еді. Арабы кілем өзінің жолақ-жолақ болып келген көркемдік құрылымымен ерекшеленіп, алабас, омыртқа өрнегі кілемнің өзгермейтін танымал белгілерінің бірі болды.
Тоқыма түрінің атауымен аталған бескесте кілемі орталық бөлігінің ою-өрнегінің бедерленіп түсуімен көз тартса, қошқар мүйіз, кілт мүйіз өрнегінен тұратын ірі торкөздер қатары байыпты тиянақтылықты білдіреді (465-тқ). Өрнек салуға қатысқан жіптер кілемнің теріс жағында кесте жіптері сияқты кесіліп бос қалады.
Орталық бөліктен және бірнеше жиек оюларынан тұратын үлкен кілемдер ішінен өзінің нәзік көркемдік шешімімен келген алашалар – өздерінше ерекше бір дүниелер. Олар тұрмыстық қажеттілікте кеңінен қолданылады. Алашаны ұзын жалпақ жолақтармен тоқиды да, оларды кесіп, бір ұзындықта біріктіріп тігіп, жерге төсейтін немесе керегеге ілетін кілемше ретінде де ұсталынады. Алаша жасауда тоқудың бірнеше түрлерін пайдалану арқылы шебер бұйымның ою-өрнегін түрлендіру арқылы құлпырта түседі. Алаша тоқудың негізгі заңдылығы  ою-өрнектің тек жолақтарға түсуі, тоқу әдісінің сырына бағынышты болса керек. Жергілікті жердің шеберлерінің қолданатын тоқу әдісіне, өрнекті жолақтарды реттеп орналастыруына қарап алашалардың қай жерлерде тоқылғанын ажыратуға болады. Мысалға, оңтүстік елдерінде алаша тоқуда кежім теруді жиі қолданады. Кежім теруде оюдың беті тегіс болып түседі де, оюға түспеген жіптер теріс жағында бос қалып отырады. Қос мүйіз, сыңар мүйіз, сырға оюларының жалғасынан тұратын өрнек тізбектері көңіл көтеретін әуен жолдарындай ерекше сезімге жетелейді. Халық шебері Жайлауованың алашасының реттілік құрылымында қара-ала өрнектердің тепе-теңдікті ұстаудағы ұтымдылығы көркемділіктің тұтастығына ие етіп тұр (419-тқ).
Ал, Шығыс Қазақстан жерінің алашаларының термелеп тоқыған өрнекті жолақтары араларына жүргізілген ені әр түрлі, бірі жіңішке, бірі жалпақ болып келген тықыр жолақтары бытыраңқы орналасады (420-тқ).
Солтүстік Қазақстанның алашаларының бетіне түсірілген күрделі ою-өрнек құрылымы олардың көркемдік жүйесінің байыпты біртұтастығын көрсетеді. Алаша тұтасымен терме тәсілімен тоқылады. Әртүсті төрт-бес жолақ үстіне тұтас түскен бір реңді ою жолдары бірыңғай шешімге жүгінеді (452-тқ). Терме алашалар басқаларға қарағанда тығыз да, қалыңдау келеді. Негізгі ою бет жағында бедерленіп, айқындалып көрініп тұрады да, теріс жағында көлденең жолақтар қалып қояды.
Орал облысының шебері Дәулетова Түния терме алашасында жалпақ жолақтар арасына жіңішке қара күңгүрт түстерді жүргізу арқылы композициялық шешімінде іріленген көлемді сипат алып, керемет шеберлілігін көрсете білген (400-тқ).
Музей қорында теңдесі жоқ тамаша өнер туындысы болып саналатын алашалардың бір тобы бар. Оларды сана-сезімнің биік сатысында белең алатын көркем шығармашылық шабыттың нәтижесі деуге болады ( 398-тқ , 445-тқ , 404-тқ , 402-тқ ).
 Көркемдік сипаты жағынан баға жетпес ақ басқұрлар мен ақ баулар киіз үйдің сәндік келбетін жандандырып, ерекше салтанат құрады. Ақ түстің үстіне түскен түкті оюлар заттың көркемдік бағасын арттырып, туындылық сатысын биіктетеді. Ақ басқұрлар киіз үйдің архитехтоникалық құрылымында кереге мен уықтардың біріккен жерін тұтастырып, өзінше жеке сәндік жүйе құрайды. Киіз үй интерьерінің ішкі сипатымен үндесіп, түстік қарама-қайшылыққа түспей, бір қалыпты жарасым табады. Ақ басқұр тоқуда кеңінен қолданылатын бәйтерек ағашының өрнегі әртүрлі құбылыста берілген. Ол төгілген жапырағының немесе шешек атып келе жатқан бүршіктерінің, жай ғана жас шыбықтарының таң қаларлықтай шындыққа жақындығы адамды табиғаттың ұлылығына тәнті етеді.

Ғасырдан ғасырға, атадан балаға өзінің өміршеңдігімен үзілмей жетіп, жетіліп отырған қасиетті тоқыма өнерінің баға жетпес айтулы туындылары – кеше мен бүгіннің ертеңге қалдырар асыл мұрасы.

Latest Instagram News

Instagram
Өнері өрнекке, еңбегі ел құрметіне айналған гобелен өнерінің биігін бағындырған шебер

⚜️Құрметті Бәтима Есмұратқызы!

Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінің ұжымы Сізді Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоғары наградасы — «Отан» орденімен марапатталуыңызбен шын жүректен құттықтайды!

Бұл жоғары марапат — Сіздің ұлттық өнерге арнаған сан жылдық еңбегіңізге, қазақ гобелен өнерінің дамуына қосқан айрықша үлесіңізге және шығармашылық жолдағы биік жетістіктеріңізге берілген лайықты баға.

Сіз қазақ гобелен өнерінің өзіндік көркемдік тілін қалыптастырған, ұлттық дәстүрді заманауи көркемдік ізденістермен шебер сабақтастырған көрнекті шеберсіз. Сіздің шығармаларыңызда халқымыздың тарихи жады, туған жерге деген сүйіспеншілігі, табиғат пен адам болмысының үндестігі көрініс табады.

«Керуен», «Байтақ дала», «Дала аруы», «Мәңгілік өнер», «Күй», «Жастық» сынды туындыларыңыз қазақ гобеленінің көркемдік мүмкіндігін кеңейтіп, ұлттық өнердің құнды қорын толықтырды. Олардың әрқайсысы — қазақ халқының дәстүрі мен дүниетанымын, даланың кең тынысын өзіндік көркем тілмен жеткізген шығармалар.

Сіздің өнеріңіз Қазақстан шеңберінен асып, халықаралық көрмелер арқылы шетелдік көрерменге де жол тартты. Бүгінде шығармаларыңыздың музейлер қорында сақталуы — ұлттық мәдениетке қосқан үлесіңіздің маңызын айғақтайды.

«Отан» ордені — Сіздің ел мәдениеті мен ұлттық өнерге сіңірген еңбегіңіздің биік бағасы.

Осы айтулы марапатыңыз құтты болсын! Сізге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, шығармашылық шабыт, отбасыңызға амандық тілейміз. Өнеріңіз өркендеп, ұлттық мәдениетімізді байытқан шығармашылық мұраңыз кейінгі ұрпаққа рухани құндылық болып қала берсін💐 Өнері өрнекке, еңбегі ел құрметіне айналған гобелен өнерінің биігін бағындырған шебер ⚜️Құрметті Бәтима Есмұратқызы! Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінің ұжымы Сізді Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоғары наградасы — «Отан» орденімен марапатталуыңызбен шын жүректен құттықтайды! Бұл жоғары марапат — Сіздің ұлттық өнерге арнаған сан жылдық еңбегіңізге, қазақ гобелен өнерінің дамуына қосқан айрықша үлесіңізге және шығармашылық жолдағы биік жетістіктеріңізге берілген лайықты баға. Сіз қазақ гобелен өнерінің өзіндік көркемдік тілін қалыптастырған, ұлттық дәстүрді заманауи көркемдік ізденістермен шебер сабақтастырған көрнекті шеберсіз. Сіздің шығармаларыңызда халқымыздың тарихи жады, туған жерге деген сүйіспеншілігі, табиғат пен адам болмысының үндестігі көрініс табады. «Керуен», «Байтақ дала», «Дала аруы», «Мәңгілік өнер», «Күй», «Жастық» сынды туындыларыңыз қазақ гобеленінің көркемдік мүмкіндігін кеңейтіп, ұлттық өнердің құнды қорын толықтырды. Олардың әрқайсысы — қазақ халқының дәстүрі мен дүниетанымын, даланың кең тынысын өзіндік көркем тілмен жеткізген шығармалар. Сіздің өнеріңіз Қазақстан шеңберінен асып, халықаралық көрмелер арқылы шетелдік көрерменге де жол тартты. Бүгінде шығармаларыңыздың музейлер қорында сақталуы — ұлттық мәдениетке қосқан үлесіңіздің маңызын айғақтайды. «Отан» ордені — Сіздің ел мәдениеті мен ұлттық өнерге сіңірген еңбегіңіздің биік бағасы. Осы айтулы марапатыңыз құтты болсын! Сізге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, шығармашылық шабыт, отбасыңызға амандық тілейміз. Өнеріңіз өркендеп, ұлттық мәдениетімізді байытқан шығармашылық мұраңыз кейінгі ұрпаққа рухани құндылық болып қала берсін💐 ⚜️В Центральном выставочном зале Национального музея искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева проходит выставка «КИСТЬ, ГОВОРЯЩАЯ С ВЕРШИНАМИ», сообщает телеканал Qonaev Media.

Экспозиция приурочена к 70-летнему юбилею деятеля культуры Республики Казахстан, академика Академии художеств Республики Казахстан Нурболата Искакова.

Выставка объединяет произведения художника, созданные в разные годы, и позволяет проследить основные этапы его творческого пути. Центральное место в экспозиции занимает образ пика Хан-Тенгри — главная и сквозная тема творчества Нурболата Искакова. На протяжении многих лет художник вновь и вновь обращается к величественной вершине, раскрывая её как символ родной земли и передавая в каждом произведении новые цветовые и эмоциональные грани этого образа.

📌Экспозиция будет открыта до 18 августа.
​​​​​ ⚜️В Центральном выставочном зале Национального музея искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева проходит выставка «КИСТЬ, ГОВОРЯЩАЯ С ВЕРШИНАМИ», сообщает телеканал Qonaev Media. Экспозиция приурочена к 70-летнему юбилею деятеля культуры Республики Казахстан, академика Академии художеств Республики Казахстан Нурболата Искакова. Выставка объединяет произведения художника, созданные в разные годы, и позволяет проследить основные этапы его творческого пути. Центральное место в экспозиции занимает образ пика Хан-Тенгри — главная и сквозная тема творчества Нурболата Искакова. На протяжении многих лет художник вновь и вновь обращается к величественной вершине, раскрывая её как символ родной земли и передавая в каждом произведении новые цветовые и эмоциональные грани этого образа. 📌Экспозиция будет открыта до 18 августа. ​​​​​ ✨ «Жад бедері / Matter of Memory»

Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейі Гаухар Бисенғалиеваның (Арухан) «Жад бедері / Matter of Memory» атты көрмесіне шақырады.

Бұл кеңістікте далаға айрықша мән беріледі. Дала — ішкі жадтың мекені, адам қайта-қайта оралатын кеңістік. Дала да жад секілді: бір жағынан өткеннің ізін сақтаса, екінші жағынан уақыт өте келе сол іздерді өшіреді.

📍 Көрме 24 тамызға дейін жалғасады.

Уақыт пен жадтың көркемдік үндестігін сезініңіздер. ✨

✨ «Жад бедері / Matter of Memory»

Национальный музей искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева приглашает вас познакомиться с выставкой Гаухар Бисенгалиевой (Арухан) «Жад бедері / Matter of Memory».

Особое место в этом пространстве занимает степь — место внутренней памяти и пространство, к которому человек вновь и вновь возвращается. Подобно памяти, степь, с одной стороны, сохраняет следы прошлого, а с другой — со временем стирает их.

📍 Выставка продлится до 24 августа.

Откройте для себя художественный диалог времени и памяти. ✨ ✨ «Жад бедері / Matter of Memory» Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейі Гаухар Бисенғалиеваның (Арухан) «Жад бедері / Matter of Memory» атты көрмесіне шақырады. Бұл кеңістікте далаға айрықша мән беріледі. Дала — ішкі жадтың мекені, адам қайта-қайта оралатын кеңістік. Дала да жад секілді: бір жағынан өткеннің ізін сақтаса, екінші жағынан уақыт өте келе сол іздерді өшіреді. 📍 Көрме 24 тамызға дейін жалғасады. Уақыт пен жадтың көркемдік үндестігін сезініңіздер. ✨ ✨ «Жад бедері / Matter of Memory» Национальный музей искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева приглашает вас познакомиться с выставкой Гаухар Бисенгалиевой (Арухан) «Жад бедері / Matter of Memory». Особое место в этом пространстве занимает степь — место внутренней памяти и пространство, к которому человек вновь и вновь возвращается. Подобно памяти, степь, с одной стороны, сохраняет следы прошлого, а с другой — со временем стирает их. 📍 Выставка продлится до 24 августа. Откройте для себя художественный диалог времени и памяти. ✨ ⚜️10 тамыз - Абай күніне орай Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейі көрермен назарына ұлы ойшылдың рухани мұрасын бейнелеу өнері арқылы танытуға арналған бейне ролик ұсынады. 

🔹Бейнероликте суретші Серікбай Әлжанов өзінің «Абай қара сөздері» атты триптих туындысы туралы баяндап, шығарманың жазылу тарихы, идеялық мазмұны мен көркемдік ерекшеліктерімен таныстырады. Ол Абайдың қара сөздеріндегі адамгершілік, білім, еңбек, руханият және ұлттық сана секілді мәңгілік құндылықтарды көркем тіл арқылы жеткізуге ұмтылған. Үш бөліктен тұратын шығарма ұлы ақынның терең ойлары мен философиялық дүниетанымын бейнелеу өнері арқылы жаңаша пайымдауға мүмкіндік береді.

🔸«Абай қара сөздері» туындысы суретшінің шығармашылығындағы маңызды еңбектердің бірі. Аталған шығарма «XI Республикалық «Тәуелсіздік толғауы» байқауында» І орынға ие болып, жоғары бағаланған.

Абай мұрасы – уақыт өткен сайын мәні тереңдей түсетін рухани қазына. Оның қара сөздерінде айтылған ойлар бүгінгі қоғам үшін де өзектілігін жоғалтқан жоқ. Білімге ұмтылу, еңбек ету, адамдық қасиетті сақтау, өзін-өзі жетілдіру – әр ұрпақ үшін маңызды құндылықтар.

Абайды тану – өзіңді тану!

@madeniet__aqparat__ministrligi 
@qaz.culture ⚜️10 тамыз - Абай күніне орай Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейі көрермен назарына ұлы ойшылдың рухани мұрасын бейнелеу өнері арқылы танытуға арналған бейне ролик ұсынады. 🔹Бейнероликте суретші Серікбай Әлжанов өзінің «Абай қара сөздері» атты триптих туындысы туралы баяндап, шығарманың жазылу тарихы, идеялық мазмұны мен көркемдік ерекшеліктерімен таныстырады. Ол Абайдың қара сөздеріндегі адамгершілік, білім, еңбек, руханият және ұлттық сана секілді мәңгілік құндылықтарды көркем тіл арқылы жеткізуге ұмтылған. Үш бөліктен тұратын шығарма ұлы ақынның терең ойлары мен философиялық дүниетанымын бейнелеу өнері арқылы жаңаша пайымдауға мүмкіндік береді. 🔸«Абай қара сөздері» туындысы суретшінің шығармашылығындағы маңызды еңбектердің бірі. Аталған шығарма «XI Республикалық «Тәуелсіздік толғауы» байқауында» І орынға ие болып, жоғары бағаланған. Абай мұрасы – уақыт өткен сайын мәні тереңдей түсетін рухани қазына. Оның қара сөздерінде айтылған ойлар бүгінгі қоғам үшін де өзектілігін жоғалтқан жоқ. Білімге ұмтылу, еңбек ету, адамдық қасиетті сақтау, өзін-өзі жетілдіру – әр ұрпақ үшін маңызды құндылықтар. Абайды тану – өзіңді тану! @madeniet__aqparat__ministrligi @qaz.culture ✨10 тамыз — Абай күні

🖌️Ұлы ойшыл, ақын және ағартушы Абай Құнанбайұлы — асыл ойдың, даналық пен әділдіктің мәңгілік символы. Оның өсиетке толы сөздері мен жүрекке жетер жырлары адамзатты мейірімге, білімге және рухани биіктікке жетелейді. 
 🔹Біз, өткен мен келер ұрпақ өкілдері, оның мол рухани мұрасын ардақтаймыз әрі дәріптейміз.
🔹Еліміздің руханиятын байытатын мерекелеріміз көбейе берсін!

✨10 августа — День Абая

🖌️ Великий поэт, мыслитель и просветитель Абай Кунанбайулы — символ благородной мысли, мудрости и справедливости, который навсегда живёт в сердцах народа. Его мудрые слова и стихи призывают нас к добру, знаниям и человечности, воспитывая сознание каждого поколения.
🔹Мы, как предыдущие и как последующие поколения, чтим духовное наследие великого мыслителя.
🔹Пусть будет больше праздников, вносящих вклад в духовное развитие нации! ✨10 тамыз — Абай күні 🖌️Ұлы ойшыл, ақын және ағартушы Абай Құнанбайұлы — асыл ойдың, даналық пен әділдіктің мәңгілік символы. Оның өсиетке толы сөздері мен жүрекке жетер жырлары адамзатты мейірімге, білімге және рухани биіктікке жетелейді. 🔹Біз, өткен мен келер ұрпақ өкілдері, оның мол рухани мұрасын ардақтаймыз әрі дәріптейміз. 🔹Еліміздің руханиятын байытатын мерекелеріміз көбейе берсін! ✨10 августа — День Абая 🖌️ Великий поэт, мыслитель и просветитель Абай Кунанбайулы — символ благородной мысли, мудрости и справедливости, который навсегда живёт в сердцах народа. Его мудрые слова и стихи призывают нас к добру, знаниям и человечности, воспитывая сознание каждого поколения. 🔹Мы, как предыдущие и как последующие поколения, чтим духовное наследие великого мыслителя. 🔹Пусть будет больше праздников, вносящих вклад в духовное развитие нации! ⚜️Абай даналығын дәріптеу мақсатында музей кеңістігінде ерекше интерактивті инсталляция ұсынылды. Ұлы ойшылдың нақыл сөздері ашықхаттарға түсіріліп, музей келушілеріне ой салатын шағын рухани аялдамаға айналды.

▫️Әрбір даналық сөздің артқы бетінде музей қорындағы Абай бейнесі бейнеленген көркем туындылар ұсынылды. Келушілер ашықхаттар арқылы ақынның тағылымды ойларымен танысып қана қоймай, оның өлеңдерін жалғастырып, ұлы ақын мұрасын бірге жаңғыртты.

Бұл бастама – Абай сөзінің уақыт пен ұрпақ арасындағы рухани көпірге айналғанын көрсететін шағын, бірақ мағыналы мәдени жоба. 

⚜️В рамках популяризации мудрости Абая в музейном пространстве была представлена особая интерактивная инсталляция. Цитаты великого мыслителя были оформлены в виде открыток, превратившись в небольшие точки духовного общения и размышления для посетителей музея.

▫️На оборотной стороне каждой открытки были представлены произведения из музейного собрания с изображением Абая. Знакомясь с мудрыми словами поэта, посетители не только обращались к его философским размышлениям, но и продолжали строки его стихотворений, вместе оживляя и переосмысливая литературное наследие великого Абая.

Эта инициатива стала небольшим, но символичным культурным проектом, показывающим, что слово Абая и сегодня остаётся духовным мостом между поколениями. ⚜️Абай даналығын дәріптеу мақсатында музей кеңістігінде ерекше интерактивті инсталляция ұсынылды. Ұлы ойшылдың нақыл сөздері ашықхаттарға түсіріліп, музей келушілеріне ой салатын шағын рухани аялдамаға айналды. ▫️Әрбір даналық сөздің артқы бетінде музей қорындағы Абай бейнесі бейнеленген көркем туындылар ұсынылды. Келушілер ашықхаттар арқылы ақынның тағылымды ойларымен танысып қана қоймай, оның өлеңдерін жалғастырып, ұлы ақын мұрасын бірге жаңғыртты. Бұл бастама – Абай сөзінің уақыт пен ұрпақ арасындағы рухани көпірге айналғанын көрсететін шағын, бірақ мағыналы мәдени жоба. ⚜️В рамках популяризации мудрости Абая в музейном пространстве была представлена особая интерактивная инсталляция. Цитаты великого мыслителя были оформлены в виде открыток, превратившись в небольшие точки духовного общения и размышления для посетителей музея. ▫️На оборотной стороне каждой открытки были представлены произведения из музейного собрания с изображением Абая. Знакомясь с мудрыми словами поэта, посетители не только обращались к его философским размышлениям, но и продолжали строки его стихотворений, вместе оживляя и переосмысливая литературное наследие великого Абая. Эта инициатива стала небольшим, но символичным культурным проектом, показывающим, что слово Абая и сегодня остаётся духовным мостом между поколениями.
VIRTUAL RECEPTION