Events

ТАҢБАЛЫ. БАБАЛАР КОДЫ

2026 жылдың 2 сәуірі, сағат 15:00 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Алматы қаласындағы Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде «Таңбалы» мемлекеттік тарихи - мәдени және табиғи музей-қорығының ұйымдастырумен «Таңбалы: Бабалар коды» атты халықаралық көрмесі өтеді.

ОРМАННЫҢ АР ЖАҒЫНДА

2026 жылдың 3-ші сәуір күні сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде Қытай кескіндемеші Лу Линьнің «Орманның ар жағында. Құрлық пен теңіздегі саяхаттар» атты көшпелі халықаралық жеке көрмесінің ашылуы өтеді. Экспозицияда майлы бояу техникасында орындалған қытай кескіндемесінің 17 туындысы ұсынылады.

ӘЛЕМ БАЛАЛАРДЫҢ КӨЗІМЕН

2026 жылдың 2 сәуірі күні сағат 16:00-де Қазақстан Республикасы Әбілхан Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейінің Орталық көрме залында «Әлем балалар көзімен» атты балалар шығармашылығы көрмесінің ашылуы өтеді.

«Ұлыстың рухы»

     Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейі баршаңызды «Ұлыстың рухы» атты Наурыз мерекесіне арналған іс-шараға шақырады! Көктемнің шуақты мерекесі – Наурызды бірге қарсы алып, ұлттық дәстүр мен өнердің әсем үйлесімін тамашалауға шақырамыз. Келіңіздер, Ұлыстың ұлы күнін бірге атап өтейік! 

«ҮШ ӘЛЕМ – БІР ҮН»

2026 жылдың 20 наурыз күні сағат 16:00 де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейінде ҚР Суретшілер одағының мүшелері,  ҚР Мәдениет саласының үздіктері, көркемөнер саласының лауреаттары, елімізге танымал үш суретші – КҮЛЖАХАН ОҢҒАРОВА, ГҮЛЬШАТ ДЖУРАЕВА және АЙГҮЛ ҚЫРЫҚБАЕВА шығармашылығын тоғыстырған «ҮШ ӘЛЕМ – БІР ҮН» атты бірлескен шығармашылық көрмесінің ашылу салтанаты өтеді. Экспозицияда 80 жуық туындылар (гобелен, киіз панно, батик) қойылады.

Official Instagram Page