facebook-logo  youtube logo  logo-insta  vk logo
logo gmi-ru

e-gov-kz-banner

  • Открытые данные

    open data logo

  • MYD Production

    MYD-logo-bl-sm

  • ҚР Президентінің ресми сайты

    banner7

  • ҚР Мәдениет және спорт министрлігі

    min-kult

  • Министрліктің жаңалықтары

    min-kult

  • Алматы қаласының Әкімдігі

    akimat-almaty

  • ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАРЫНА ҮНДЕУ ХАТ

    aikyn logo

my kazakhstan 12016 жылы 5 наурыз күні сағат 15.00-де ҚР Мемлекеттік өнер мұражайында Игорь Вовнянконың «Менің Қазақстаным» фотокөрмесінің баспасөз туры, сағат 16.00-де ашылу салтанаты болды.

«МЕНІҢ ҚАЗАҚСТАНЫМ» фотосуреттер сериясының көрмесі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, кинорежиссер Игорь Вовнянко шығаруға дайындаған «Қазақстанның этно-сәулеттік және ландшафттық мәдениетінің антологиясы» циклының құрамдық бөлігі.

 Көптеген жылдар бойы кинематограф ретінде тікелей

my kazakhstan 2әрі күн сайын еңбек етудің нәтижесінде білімі және мамандығы бойынша кинооператор И. Вовнянко Қазақстанның этно-сәулеттік және ландшафттық мәдениетінің ұлы тарихи мұрасымен толықтай және жан-жақты танысуына, жақындасуына мүмкіндік беретін әртүрлі кинематографиялық жобаларға қатысуына мүмкіндік алды.

my kazakhstan 3Қазақстанның мәдени мұрасы – ұлан байтақ көрікті мекен – Қазақстан жерінде тұрып, қала құрайтын, рухани байлығы мәңгі жасайтын көп ұлтты, көп конфессиялы қазақ халқының қаны мен тәні.

Ежелден бері жазиралы қазақ Жері бүкіл еуразиялық кеңістіктің мәдени бесігі болған және солай болып бола береді. Мыңдаған жылдар бойы қатар өмір сүріп, бірін бірі өзара байытқан екі көне мәдениет – Көшпенділік пен Отырықшылықтың түйіскен шағында дамыған қазіргі мәдени мұра өзінің байлығымен, көне және жаңа өркениеттердің тарихи куәларының әр алуандығымен таңқалдырады.

«Қазақстанның этно-сәулеттік және ландшафттық мәдениетінің антологиясынан» my kazakhstan 4ұйымдастырылған «Менің Қазақстаным» көрмесінің мақсаты мен міндеті – бүкіл Әлемнің, соның ішінде Қазақстан азаматтарының бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы деп аталатын елді этно-сәулеттік және ландшафттық мәдениеті тұрғысынан ұғынуына, көруіне, естуіне, жете түсінуіне және оның қандай ел екенін білуіне мүмкіндік беру.