facebook-logo  youtube logo  logo-insta  vk logo
logo gmi-ru

e-gov-kz-banner

  • Открытые данные

    open data logo

  • MYD Production

    MYD-logo-bl-sm

  • ҚР Президентінің ресми сайты

    banner7

  • ҚР Мәдениет және спорт министрлігі

    min-kult

  • Министрліктің жаңалықтары

    min-kult

  • Алматы қаласының Әкімдігі

    akimat-almaty

  • ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАРЫНА ҮНДЕУ ХАТ

    aikyn logo

giosi 1Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер мұражайы Джози Береттаның (Италия) «Қайталама ономатопея. Екінші бөлім» атты халықаралық жеке көрмесін ұсынады. Экспозицияға 24 авторлық кескіндемелік композициясы қойылды. Көрме 2016 ж. 5 ақпанда сағат 16.00-де ашылып, 28 қаңтарға дейін ұсынылады. Көрменің музыкалық безендірілуі: Әлия Машкеева (альт) мен Әмина Машкеева (фортепиано), Музыка және театр университетінің студенттері (Грац қ., Австрия). Көрме Динара Машкееваның белсене араласуымен өткізілді.

Джози Беретта 1943 жылы Италияда дүниеге келді. Бордо қаласында тұрып, еңбек етеді.
Оның әкесі Джакомо постимпрессионизм стиліндегі кескіндемеші, ал анасы Мария-Луиза ақын, жас суретшілерді музыканы сезініп, өздерінің эмоцияларын шығармашылық арқылы көрсетуге үйретеді. Джозидің шығармашылық отбасында дүниеге келуі оның болашақ кәсіпті таңдауына жол ашты. Бұл кескіндеме мен графикалық дизайнның авторлық бейнелеу формаларында көрінген мәдени қор еді. Мұнда әрдайым сюрреализмге тән прото-кубизм стилистикасында бейнелілікпен визуалды түрде жүзеге асқан музыка қатысады.

Карло Карраның досы әкесі Джози Миланда көркемсурет мектебінде (Scuola d’Arte di Brera)giosi 3 жалаңаштанған натурадан сабақ беріп, Pietro Cascella ательесінде жұмыс істеді.
Бірнеше агенттіктің арт-директоры болған Джозидің өзі Миланда графика және жарнама саласында бірнеше жыл еңбек етті. Ұзақ жылдар бойы ол сюрреализм мен кубизмнің негіздерін біріктірген өзінің авторлық стилін тудырды.
Оның өнерінің әуелдегі мақсаты графика мен жарнама ғана болатын. Біртіндеп майлы бояу кескіндемесін игеріп алды. Кескіндеме мен графиканың байланысын мұқият қадағалай отырып, уақыт пен кеңістікке саяхат жасап шығады.
Джози кескіндеме жазғанда ноталар мен реңдерді қоса отырып, классикалық музыка мен операдан шабыт-жігер алады. Оның басты мақсаты аппақ бос кенепке жан бітіріп, оны теңгерім мен үйлесім басымдық алған кеңістікке айналдыру. «Қайталама ономатопея» көрмесінің атауының идеясы дыбыс шығаруды жанама тәсілдермен беруге, яғни музыка дыбыстарын кескіндеменің визуалдық тәсілдері арқылы бейнелеуге ұмтылыстан туған.
Джози Беретта дәстүрлі кескіндемені инновациямен ұштастыруға болатын көркемдік тәсілдерді табу жолын қарастырады. Сонымен қатар ол шығармашылығында нақ бір артқа қарай өткен заманға және қазіргі заманға символикалық саяхат жасағандай, заманауи электрондық құрылғыларды да аз қолданбайды. Бұл – оның Хокниден кейін жиі пайдаланып жүрген қызықты мүмкіндіктердің шексіз-шетсіз әлемі. Джози Беретта – шынайы өмірді көрсетуге түрлі оптикалық құрал-жабдықтармен тәжірибе жасай отырып, көркемдік тәсілдің осындай түрін бірінші болып дамыта бастаған белгілі кескіндемеші.
Джози Беретта 2014 жылы Миланнан Бордоға (Франция) көшіп келіп, онда өзінің кесіндемеші әрі мүсінші досы Вальтер Нотцпен бірге еңбек етуде.

giosi 2Джози Береттаның басты жеке көрмелері:
2013, сәуір – «Сюрреалистік натюрморт» көрмесі, Милан;
2013, маусым – «Интерьер-пейзаж» көрмесі, Торно (Комо көлі);
2013, қазан – «Музыкадағы сюрреализм» көрмесі, Милан;
2014, мамыр – «Қайталама ономатопея» көрмесі, Милан;
2014, қазан – «Қайталама ономатопея» көрмесі, Нью-Йорк;
2015, ақпан – «Қайталама ономатопея» көрмесі, Бордо;
2015, сәуір – «Музыкадағы сюрреализм. Екінші бөлім» көрмесі, Париж;
2015, маусым – «Қайталама ономатопея» көрмесі, Бордо.