facebook-logo  youtube logo  logo-insta  vk logo
logo gmi-ru

e-gov-kz-banner

  • Открытые данные

    open data logo

  • MYD Production

    MYD-logo-bl-sm

  • ҚР Президентінің ресми сайты

    banner7

  • ҚР Мәдениет және спорт министрлігі

    min-kult

  • Министрліктің жаңалықтары

    min-kult

  • Алматы қаласының Әкімдігі

    akimat-almaty

  • ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАРЫНА ҮНДЕУ ХАТ

    aikyn logo

muz-ver-january 1Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер мұражайы 2016 жылы 7 қаңтарда музыкалық вернисажға шақырады!

Рождестволық концерт Гвидо Рени, Якоппо Негретти, Мол Пьер Франческо, Луки Камбьязо, Кіші Франс Поурбус, Мартен Пепейн және тағы басқалардың жұмыстары қойылған XVI-XIX ғасырлардағы Батыс Еуропа өнері залында өтеді.

Белгілі Қазақстан пианисі Анна Антипина мен қазақтың дарынды саксофоншысы Алпамыс Бисенғалиев Модест Мусоргскийдің «Көрме суреттерін» орындайды.

Модест Мусоргский – белгілі орыс композиторы, muz-ver-january 2«Борис Годунов», «Хованщина», «Сорочинск жәрмеңкесі» сияқты басқа да көптеген опералардың авторы, «Могучая кучка» шығармашылық одағының мүшесі. 

Мусоргскийдің 1874 жылы фортепианоға арнап В.А. Гартманның акварельдеріне музыкалық иллюстрация-эпизод ретінде жазған пьесалар циклы үздік шығармалар қатарына жатады. Мусоргскийдің көрмені аралауы көрме галереясында елестеген музыкалық «серуеннің» тууына түрткі болатын.

muz-ver-january 3Сөйтіп, көрген туындыларының кейбірін еске түсіретін музыкалық картиналар топтамасы дүниеге келді. Жалпы алғанда, композитордың пьесалары – оның сергек фантазиясының еркін самғауының нәтижесі. «Көрме» негізінде Мусоргский Гартманның «шет елдік» суреттерін, сонымен бірге орыс тақырыбындағы екі эскизін алды.

Жүргізушілер – музыка зерттеуші Юрий Петрович Аравин және мұражайдың қоғаммен байланыс жасау және сыртқы байланыс жөніндегі маманы Клара Исабаева.

Анықтама телефондары – 394-57-18, 8-705-888-6562.
Билеттің бағасы – 2500 теңге.