facebook-logo  youtube logo  logo-insta  vk logo
logo gmi-ru

e-gov-kz-banner

  • Открытые данные

    open data logo

  • MYD Production

    MYD-logo-bl-sm

  • ҚР Президентінің ресми сайты

    banner7

  • ҚР Мәдениет және спорт министрлігі

    min-kult

  • Министрліктің жаңалықтары

    min-kult

  • Алматы қаласының Әкімдігі

    akimat-almaty

  • ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАРЫНА ҮНДЕУ ХАТ

    aikyn logo

hungary 32016 жылы 8 қаңтарда сағат 16.00-де Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер мұражайында КОГАРТ венгер Арт-қоры мен Алматыдағы Венгрия Бас консулдығы бірлесіп ұйымдастырған «Венгер өнер шеберлерінің тарихы» көрмесінің ашылу салтанаты болады.

Қазіргі заманғы Венгрия – Орталық Еуропадағы тарихи тамыры тереңге кеткен өнерге жаны құштар жоғары мәдениетті ел. Бүгінгі күні Будапеште 80-ге тарта мұражай мен 100 шақты жеке көрме залдары мен галереялар бар. Заманауи венгер өнерінің аса ірі жинақтамасы Габор Ковач қорынікі. Оның біршама бөлігі Будапешт қаласының орталығындағы Андраши даңғылы бойында орналасқан КОГАРТ жекежайында қойылған. КОГАРТ – Ковач Габор Арттың қысқартылған түрі. Габор Ковач – «Банкар» ірі Орталық Еуропа банкі тобының негізін салушы, МГИМО түлегі, Венгрияның экономикалық өміріндегі алдыңғы қатарлы көшбасшы, Будапештегі Ситибанктің бұрынғы атқарушы директоры әрі Лондондағы Ститибанктің вице-президенті.

Қордың ең басты міндеті – заманауи венгер өнерін халықаралық деңгейде таныту. hungary 2Бүгінгі таңда қор коллекциясында 2500-ден астам картина мен түпнұсқа графикалық туындылар, кітап иллюстрациялары, эскиздер, нобайлар, фотосуреттер мен диапозитивтер, Ковач жинақтамасындағы орны бөлек болып саналатын Тибор Чернуштың жеке заттары мен Париждегі шеберханасында тұтынған заттары бар.

КОГАРТ қоры жыл сайын 8-10 ірі көрме өткізіп тұрады. Венгрияның өзінде 100-ден аса көрме болса, Болгария, Ресей, Қытай, Италияда бірнеше халықаралық көрме ұйымдастырылды. Ал 2016 жылы қаңтар айында Қазақстанда өткізеді. Алматы қаласындағы Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер мұражайында Габор Ковач қоры ұйымдастырған «Венгер өнер шеберлерінің тарихы» көрмесі Лайош Салаи, Тибор Чернуш, Жужа Перели, Мартон Такач, Иштван Орос, Миклош Боршош, Имре Кэри, Петер Пруткаи, Жофия Варга, Рита Kешеяк, Рита Коралевич сынды басқа да венгер суретшілерінің көптеген қызықты туындыларын ұсынады.

Археологиялық қазбалар ерте кезде қатар өмір сүріп, тығыз байланыста болған, бірақ ғасырлар ағымында жолдары ажырап, екі халықта да түрлі дәстүрлер мен наным-сенімдер, әдебиет, музыка және бейнелеу өнері пайда болған қазақ және венгер халықтары өнерінің бұрыннан жақындығы туралы айғақтайды. Біздің ортақ тарихымыз уақыт бұлдырында еріп, сіңіп кетті де, қазір біз бір-бірімізге алыс елдердің өкіліндей қараймыз. Бұл көрменің мақсаты – венгер әдебиетімен, тарихымен, музыкасымен таныстыру арқылы осы олқылықтың орнын толтыру болса, көрменің өзі көрнекті суретшілермен, оқиғалармен және жеке тұлғалармен таныстырып, қазіргі заман адамының маңызды проблемаларымен бөлісуге, олардың таңғажайып шығармашылық әлеміне сүңгуге мүмкіндік берері сөзсіз.

hungary 1Венгер әдебиетіндегі «Ержүрек Янош туралы» ертегісі суретші Жужа Перелидің иллюстрациялар топтамасымен өте әсем безендірілген. Имре Семетидің офорттары осыдан 450 жыл бұрын Венгрия мен Еуропаның оңтүстік шекарасын түріктерден қорғауда опат болған Венгрия батырларын құрметпен еске алуға арналған. Орта ғасырлардағы шаруалар көтерілісі тарихын уәж ретінде пайдаланып, суретші Бела Кондор өзінің «Дожа» (1956) топтамасында тәуелсіздік үшін болған революция мен соғыс мұратын көрсетеді, оның шығармашылығы сонымен бірге венгер графикасындағы контемпораридің пайда болуына прелюдия болады. Имре Кэридің «Караваджо» топтамасы Мартон Такачтың Джованни Баттиста Пиранезиді түсіндіріп баяндағанындай, Еуропа өнерін реинтерпретациялайды.

Көрменің жетекшісі – Петер Фертосоги, КОГАРТ қоры қамқоршылық кеңесінің төрағасы
Бірлескен жетекшісі – Клара Исабаева, мұражайдың қоғаммен байланыс жасау және сыртқы байланыс жөніндегі маманы