facebook-logo  youtube logo  logo-insta  vk logo
logo gmi-ru

e-gov-kz-banner

  • Открытые данные

    open data logo

  • MYD Production

    MYD-logo-bl-sm

  • ҚР Президентінің ресми сайты

    banner7

  • ҚР Мәдениет және спорт министрлігі

    min-kult

  • Министрліктің жаңалықтары

    min-kult

  • Алматы қаласының Әкімдігі

    akimat-almaty

  • ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАРЫНА ҮНДЕУ ХАТ

    aikyn logo

magic light kz2016 ж. 3–7 қаңтар. Каникулды бірге өткіземіз!

Жаңа жыл мен Рождество – ғажайып қос мереке! Бұл өзі – көкейде жүрген армандардың орындалып, мерекелік қам-қарекеттерді асыға күтетін уақыт. Қастеев мұражайының шығармашылылқ зертханасында сіз де, сіздің балаларыңыз да өз қолдарыңызбен өзіңізге де, мерекеге де көрік беретін өте әдемі әрі таңсық ойыншықтар мен әшекейлер жасап алатындарыңыз сөзсіз.

Өзіңізді де, өзгені де қуантатыныңызға да сеніміңіз кәміл болсын!

 

Фестивальдың бағдарламасы: 

3 қаңтар – жыл символына жан бітіреміз. Барлық белгілері бойынша қыш маймылдың дербес әрі қайталанбас бейнесін жасаңыздар да, ырыс-құт кіргізу үшін үйіңіздің төріне немесе ең көрнекті жеріне қойыңыз.

4 қаңтар – қазақтың ескілікті ши өнерін қолданып, естелік сыйлықтар жасаймыз. Бұл жаңа, ерекше өнерді үйренудің ең жақсы тәсілі әрі келе жатқан жылға тұмарлар мен тұмаршалар жасаудағы дизайнерлік тәсіл.

5 қаңтар – киіз моншақ тіземіз. Бұл стильді аксессуар сіздің мерекелік бейнеңіздің көркіне айналады. Киіз моншақтар бұдан өзге де жаңажылдық аруды безендіретін эксклюзивтік әшекей тізбегі болып шығады.

6 қаңтар – Аққала жасаймыз. Досыңызға сыйлық жасап үлгермедіңіз бе? Ал онда бәріміз бірігіп сіздің сол досыңыз үшін ғажайып Аққала жасасақ қайтеді? Аппақ қардан қолмен жасалған Аққалаңыз Жаңа жылға тілеген тілектеріңізді жүзеге асырады деп біліңіз.

7 қаңтар – открытка жасаймыз. Акварельдік қысқы пейзаж жылдың кез келген мезгілінде кез келген интерьердің ажарын ашады, ал мерекелік аптада адамның өзіне жасаған керемет сыйлығы болары күмәнсіз.

Фестивальдың әрбір күні экскурсиялық бағдарлама жұмыс істейді, сондай-ақ тілек тілеп, мұражайдың «ғажайып шамының» жанында тұрып суретке түсуіңізге де болады.

Фестивальға қатысу – 2500 теңге. Фестивальдың барлық шеберлік сабақтарына қатысам деушілерге абонементтік жүйе қарастырылған.

Шеберлік сабақтарына қатысуға алдын-ала жазылу жүргізіледі.

Анықтама телефондары: + 7 727 394 57 15

www.gmirk.kz

Барлық бұйым мұражайдың әлеуметтік желілерінде интерактивті көрмеге қатысуға мүмкіндік алады, ал әрбір қатысушы естелік сертификатқа ие болады.
Ұйымдастырушы бағдарламаны өз қалауынша ауыстыра алады.