facebook-logo  youtube logo  logo-insta  vk logo
logo gmi-ru

e-gov-kz-banner

  • Открытые данные

    open data logo

  • MYD Production

    MYD-logo-bl-sm

  • ҚР Президентінің ресми сайты

    banner7

  • ҚР Мәдениет және спорт министрлігі

    min-kult

  • Министрліктің жаңалықтары

    min-kult

  • Алматы қаласының Әкімдігі

    akimat-almaty

  • ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАРЫНА ҮНДЕУ ХАТ

    aikyn logo

telyakovski 12015 жылы 10 желтоқсанда сағат 16-00-де Ә. Қастеев атындағы ҚР МӨМ-де «Әлем халықтарының киімдері. Всеволод Теляковскийдің (1894-1963) суреттері» атты бірегей көрме ашылады. Онда Санкт-Петербург мемлекеттік кітапханасының қорынан суретші туындыларының 20 электрондық көшірмесі және жеке жинақтамадан бес түпнұсқа туындысы қойылады.

Всеволод Владимирович Теляковский – театр суретшісі, Қазақ КСР Еңбек сіңірген өнер қайраткері. Оның өмір жолы қиын-қыстау мен революциялық өзгерістерге толы 20 ғасырдың басында қалыптасқан көптеген адамдардың тағдырына ұқсас болды.

Францияда Морис Дениден көркемсуреттік білім алып, оқып жүрген кезде Бірінші Дүниежүзілік соғыс басталып кетіп, оны аяқтай алмады. Театр суретшісінің еңбек жолының оңды басталуына барлық жағдай туып тұрды, себебі, ұстаздары К. Коровин мен А. Головин, әкесі Император театрларының директоры Владимир Аркадьевич Теляковский емес пе? Алайда оған революция кесірін тигізіп, оны өз мамандығынан шеттетіп тастады. Дворян тегінен шыққан Всесолод Владимирович қызметтің барлық саласынан түрлі жолдармен ығыстырылды, тіпті түп-тамырымен құртып жіберуге дейін барды...

1935 жылы Ленинградтан жер аударылған ол Қазақстанға келді. Ол қазақтың кәсіби музыкалық және драмалық театрларының іргетасы, ұлттық бейнелеу өнерінің дәстүрлері қалыптаса бастаған кезең болатын. Оның мамандығы мұнда ауадай қажет еді. Жағдайының қайғы-қасіреттілігіне қарамастан, ол дәл осы Қазақстанда республиканың ірі театрларында суретші болып толыққанды әрі тұрақты жұмыс істеуге мүмкіндік алды.

Қазақстанда енді ғана бой көтерген театр-декорациялық кескіндеме саласындағы ауқымды проблемаларға тап болған Теляковский театр суретшілеріне арнап өзінше көркемдік құрал жазуды ойластырды. Ол үшін суретші XV-XX ғасырларда Еуропадан Орта Азияға дейінгі орасан зор аумақты мекендеген халықтардың киімдерінің суретін салуды жоспарлады. Замандастарының айтуынша, ол осы кітап үшін жиырма мыңдай сурет салған.

1961 жылы Всеволод Вдадимирович айдаудан Ленинградқа қайтып оралды. Қанша талпынса да, суретшінің материалды жинап, оны telyakovski 2баспаға әзірлеуге жылдарға созылған уақыты мен маңдай терін сарп еткен көкейтесті арманы болса да, кітапты шығара алмады. Бұл суреттердің тағдыры ұзақ уақыт бойы белгісіз жатты. Осыдан бір жыл бұрын ғана олар Санкт-Петербург мемлекеттік кітапханасынан табылды. Акварельмен және тушьпен салынған 346 парақшаны суретші қайтыс болған соң туыстары кітапханаға тапсырған екен. Содан бері оны мүлдем ешкім көрмеген. Теляковскийдің графикалық жұмыстарын, осы суреттерді салуға түрткі болған, суретшінің екінші отаны болып кеткен Қазақстанда көрсетсек деген ой келді.

Жинақтама суретшінің театр өнері мен тарихи киімдер саласында білімінің молдығын, қазақ халқының төл мәдениетіне деген ықыласын, график суретшінің жоғары деңгейлі кәсіби шеберлігін көрсетеді.