facebook-logo  youtube logo  logo-insta  vk logo
logo gmi-ru

e-gov-kz-banner

  • Открытые данные

    open data logo

  • MYD Production

    MYD-logo-bl-sm

  • ҚР Президентінің ресми сайты

    banner7

  • ҚР Мәдениет және спорт министрлігі

    min-kult

  • Министрліктің жаңалықтары

    min-kult

  • Алматы қаласының Әкімдігі

    akimat-almaty

  • ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАРЫНА ҮНДЕУ ХАТ

    aikyn logo

azat akim 1azat akim 12015 жылы 2 желтоқсанда Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер мұражайында сағат 15.00-де Азат Әкімбектің «Ұйғыр сәндік-қолданбалы өнерінің коллекциясы» атты көрмесінің баспасөз-туры, сағат 16.00-де ашылу салтанаты болады. Князь Азат Әкімбек – көне ұйғыр князьдық тегінің өкілі, Орта Азиядағы антиквариаттардың үздік жеке коллекцияларының бірінің иесі.

Азат коллекция жинауды 1970 жылдардың басынан бастап қолға алды. Бәрі де оған әжесі берген құмырадан басталды. «Егер ұйғыр шеберлері мұншалық сұлу құмыра жасаса, яғни басқа да ыдыстар осындай болуы тиіс» деп ойлады Азат. Дәл осы ескі құмыра оны антиквариаттан коллекция жасауға итермеледі. Азат сол ұйғыр сәндік-қолданбалы өнерінің ең қомақты коллекциясы өзінің туған нағашы атасы, атақты Жаркент мешітінің негізін салған Валибай Юлдашевтікі екенін ол кезде білген жоқ.

azat akim 2Азат ауылдарға барып, үй-үйді аралап, ауыл ақсақалдарынан өз халқының ескілікті заттарын сұрастырды. Ол үй иелерінің рұқсатымен сарайларға кіріп, ерекше бір сүйсініспен ескі құмыраларды, арба дөңгелектерін, қамыттарды тауып алды. Азаттың осы бір әуес ісіне оның шыққан тегі көп көмек болды. Ескі заттарды іздестіріп, бөтен үйге кірген кезде ол өзінің төрт бабасын – ұйғыр әміршілері мен князьдарын үй иелерінің естеріне салатын. Үлкен кісілер оларды жақсы біліп, құрметтейтіндіктен Азатқа ешқашан да «жоқ» демеді. Жұрт Азатқа біртіндеп кәсіби жинақтаушы ретінде қарап, оған ұсталардың ескілікті жұмыстарын өздері әкеліп беретін болды. 1977 жылы Азат Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер мұражайының жаңа ғимаратының қабырғасында тарихта тұңғыш рет ұйғыр халқы өнерінің көрмесін өткізді.

azat akim 445 жыл ішінде Азат Әкімбек бірнеше антикварлық коллекция жинады, олар Түркия, Жапония, Франция, Ресей, Венгрияда, Қазақстанның түрлі қалаларында өткен 64 көрмеге қойылып, халыққа ұсынылды.

Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер мұражайында1000-нан аса экспонат қойылады, бұл коллекцияда ұйғыр сәндік-қолданбалы өнерінің барлық түрі дерлік қамтылған. Ерекше күмістей жылтырайтын биязы жүнді ешкі жүнінен тоқылған қотан және тұрпан кілемдерінің жинағы; мыс ыдыстар; қабақтар, музыка аспаптары, қыш ыдыстар, кесте, зергерлік әшекейлер және т.б. бар.

Азат Әкімбек – ҚР Еңбек сіңірген өнер қайраткері. ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен, «Қазақстанға 10 жыл» мерекелік azat akim 3медалімен (2001), Ресей-Швейцария бизнес клубының «Мінсіз іскерлік беделі үшін» Алтын медалімен (Женева, Швейцария, 2004), Италияның «Бейбітшілік жолындағы рыцарлық крест» орденімен марапатталған. Әдебиет және өнер саласындағы Халықаралық Сократ сыйлығының лауреаты (Оксфорд, Ұлыбритания, 2008).

Исабаева Клара Кәмілқызы – қоғаммен байланыс жасау жөніндегі маман