facebook-logo  youtube logo  logo-insta  vk logo
logo gmi-ru

e-gov-kz-banner

  • Открытые данные

    open data logo

  • MYD Production

    MYD-logo-bl-sm

  • ҚР Президентінің ресми сайты

    banner7

  • ҚР Мәдениет және спорт министрлігі

    min-kult

  • Министрліктің жаңалықтары

    min-kult

  • Алматы қаласының Әкімдігі

    akimat-almaty

  • ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАРЫНА ҮНДЕУ ХАТ

    aikyn logo

9 muz ver 13 желтоқсанда Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер мұражайы 9-шы «Музыкалық вернисажға» шақырады.

Қазақстанның Тәуелсіздігі күні қарсаңында болатын кеште қазақтың көне саз аспабы қылқобыз бен еуропалық саз аспабы виолончель екеуінің керемет өнер жарысы болады. Қобыз – әлемдегі ең көне ішекті аспап. Ол есте жоқ ескі заманда түрік тайпаларында пайда болған. Ол батысқа түрік-оғыз тайпалары және басқа да халықтар арқылы тарап, музыка туралы өздерінің ұғымдарына, көркемдік-эстетикалық дәстүрлері мен табиғи материалдарға сай формасы мен атқаратын қызметін өзгертті.

Алайда қазақ қобызы өзінің ежелгі түрі мен сипатын сақтап қалды. Оның иілген формасы аңшылық немесе әскери садақ (адырна) арасындағы байланысты ұстап тұр.9 muz ver 2 Болгар оқымыстысы Слави Дончев қылдан жасалған екі адырнаның бір-бірімен үйкелісін ыспалы аспаптарды тартудың түп бейнесі деп айтты. Қобыз күйлеріне қасқырдың ұлуы, аққудың сұңқылы, аттың шапқаны, атылған оқтың дыбысы сияқты дыбыстық бейнелер тән.

Виолонче́ль – XVI ғасырдың алғашқы жартысынан белгілі, құрылымы скрипка мен альтқа ұқсас, тек көлемі әжептәуір үлкен ішекті ыспалы аспап.

Көне түрік аспабында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының оқытушысы, Түркия, Молдавия, АҚШ, Италия, Испания, Франция, Корея, Жапония, Қытай, Иордания және тағы басқа елдерде өткен халықаралық және республикалық фестивальдар мен конкурстарджың лауреаты Ақерке Тәжібаева өнер көрсетеді. Ақеркенің ең белгілі концерттерінің бірі біздің «Мәңгілік қобыз сарыны» деп аталады.

9 muz ver 3Виолончельге арналған шығармаларды Новосибрирскіде, Орскіде, Алматы мен Астанада, Ақтөбе және тағы да басқа қалаларда өткен халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты Салауат Кәрібаев орындайды.
Олар халық күйі «Аққуды», Қорқыттың «Қоңырын», Ықыластың «Кертолғауын», Қ. Шілдебаевтың «Қаракемерін», А. Қазақбаевтың «Жаппас-қобызын», И.С. Бахтың «Бірінші сюитасының прелюдиясын», Д. Поппердің «Венгер рапсодиясын», П.И. Чайковскийдің «Менестрельдің әнін» және т.б. орындайды.

Бағдарламаның концертмейстері – пианист әрі композитор, Корея, Ұлыбритания және Қазақстанда өткен халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты, өнертану магистрі, ҚР Халық артисі Жәния Әубәкірованың шәкірті Зарина Гафиатуллина.

Кешті жүргізуші – белгілі музыка зерттеуші Юрий Петрович Аравин. Жобаның жетекшісі – Клара Исабаева - мұражайдың 9 muz ver 4қоғаммен байланыс жасау және сыртқы байланыс жөніндегі маманы

Билеттің бағасы – 2500 теңге.

Анықтама телефондары – 394-57-18, 8-705-888-6562.

2015 ж. 3 желтоқсан сағат 19.00.