facebook-logo  youtube logo  logo-insta  vk logo
logo gmi-ru

e-gov-kz-banner

  • Открытые данные

    open data logo

  • MYD Production

    MYD-logo-bl-sm

  • ҚР Президентінің ресми сайты

    banner7

  • ҚР Мәдениет және спорт министрлігі

    min-kult

  • Министрліктің жаңалықтары

    min-kult

  • Алматы қаласының Әкімдігі

    akimat-almaty

  • ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАРЫНА ҮНДЕУ ХАТ

    aikyn logo

skobelevaӘ. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер мұражайының Орталық көрме залында 2015 ж. 3 желтоқсанында сағат 17.00-де суретші Галина Скобелеваның көрмесінің ашылу салтанаты болады. Көрмеге автордың гобелен техникасында жасалған 40-тан астам жумыстары қойылады. 

Галина Скобелева – Қазақстан Республикасында гобелен техникасында жұмыс істейтін жетекші суретшілердің бірі. Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі, Қазақстан Республикасы қоғамдық Көркемсурет академиясының мүшесі.

Теңіз офицерінің қызы Галина Скобелева Солтүстік Германиядағы Росток портты қаласында дүниеге келгенімен, оның балалық шағы мен өмірі Қазақстанда өтті. 1972 жылдан 1976 жылға дейін Алматы көркемсурет училищесінде оқыды. Оны тәмамдағаннан кейін төрт жыл Ленинградта тұрып, еңбек етті. Эрмитажға, Орыс мұражайына, көрмелерге жиі баруы оның шығармашылық ұстанымының қалыптасуына шешуі роль атқарып, болашақтағы шығармашылығына сәтті бастау болғаны анық. Алматы театр-көркемсурет институтын ( Т. Жүргенов атындағы Ұлттық өнер академиясы) аяқтағаннан кейін диплом қорғау кезінде КСРО Мәдениет министрлігінің комиссиясы Галина Скобелеваның «Ақсу» атты дипломдық жұмысын Францияда Канны қаласындағы фестивальға қатыстыруға ұсыныс жасады.

 Бүгінде Галина Захаровна «Сымбат» дизайн және технология академиясының жетекші оқытушысы. «Бәрі де гобелен туралы» кітабын жазды. Осынау бір көп еңбек етуді талап ететін әрі құны да жоғары, қалыптасқан қоғамдық ахуалға қарамастан, жаңадан қалыптасып келе жатқан дегдар жанрда жұмыс істейтін суретшілердің экспозициясының авторы.

Оның жұмыстарының қолмен жасалуы, өру пластикасы, түс пен фактурадан жаңа мүмкіндіктерді табуы, образдар тудыру үшін оларды түрлі сипатта біріктіру – оның жұмысының негізгі арқауы.

Экспозицияда гобелен бірінші орында, ал батикте орындалған жартылай мөлдір нұсқасы мен аздап кейінгі орындағы графикасы мен қарындашпен салған суреттері гобеленге үстеме береді. Бұл жерде сурет істің қорытындысы емес, тәсілі. Галина шынайы өмірді материалға көшіру үшін алдымен заттарды «байқап көреді», оның мәнісін түсінуге тырысады.
Көрменің тақырыбы – мәңгілік және өтпелілік. Балалық шақ табиғатта жаратылыстың негізгі екпінін анықтайды. Тұйық, жарасымы кеткен сағыныш бар. Мұншалық тез жаһанданған әлемдегі уақыттың шақыруына суретшінің берер жауабының ішіне оның қамтылғанына көрініп тұр.

ХХІ ғасырдың басы, визуалдық ақпараттың молдығы замандастың бейнені қабылдауын жұтып жібереді. Галина Скобелева өз туындыларында бейненің сезілуін білдіретін ырғаққа, фактура мен даққа басымдық береді.
Суреттің сыбдыры, батиктің үйлесімі, гобелендердің жарасым табуы . Осы қойылған экспонаттардан әдемі сазды естуге бола ма?

Оны көрермен шешеді.Мерейтой иесі экспозицияны өз жұмысының қорытындысы есептемейді, жай ғана өмірі мен шығармашылығының бір белесі деп қарайды. Көрме 2015 ж. 23 желтоқсанына дейін өтеді.