facebook-logo  youtube logo  logo-insta  vk logo
logo gmi-ru

e-gov-kz-banner

  • Открытые данные

    open data logo

  • MYD Production

    MYD-logo-bl-sm

  • ҚР Президентінің ресми сайты

    banner7

  • ҚР Мәдениет және спорт министрлігі

    min-kult

  • Министрліктің жаңалықтары

    min-kult

  • Алматы қаласының Әкімдігі

    akimat-almaty

  • ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАРЫНА ҮНДЕУ ХАТ

    aikyn logo

barbaro 1Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер мұражайында 2015 ж. 20 қарашада сағат 16.00-де суретші Кармине Барбароның «Өзімді табу – өмірлік жолым» атты көрмесінің ашылу салатаны болады. Көрмеге суретшінің алпыстан астам кескіндемелік және графикалық жұмыстары қойылды.

Барбаро Кармине Апеннин түбегінің ең оңтүстігіндегі Пальма деген шағын қалада дүниеге келді. Бірақ оның балалық шағы мен жастық кезеңі әлемдегі көне қалалардың бірі Римде өтті. Храмдар мен акведуктардың сақталып қалған қалдықтары, алып Флавиев театры, Әулие Петр соборы, атақты Лоренцо Бернинидің барокко колоннасы, Сикстин капелласы мен Ватикан сайының кешені және итальян өнерінің өзге де әйгілі ескерткіштері Карминенің көкірегінде мәңгіге терең ізін қалдырды.

.

Жаратылысынан романтик Барбаро сурет салуды, әдебиет және бейнелеу өнері ескерткіштерін зерттеуді, barbaro 2романтик ақындардың өлеңдерін оқып-жаттауды ерте бастады. Карминенің он бес жасында салып сақталып қалған суреттерінің бірінен романтик ақын Джакома Леопардидің бейнесін табасыз. Ол суретте бәрінен бұрын көңіл аудартатыны – ақынның қайғы-мұңғы толған үлкен көздері. Леопарди Наполеон Бонапарт әскері Италияның басып алған кезде өмір сүріп, өз отанының барлық бақытсыздығына қатты күйінді. 

Кармине Барбароның дүниетанымы елдің тұрмыс салтындағы дағдарысты сипаттайтын жиырмасыншы ғасырдың ортасында Италияда қалыптасты. Алайда суретші сол Италияның сүйікті ақыны сияқты өз отанын жанындай сүйеді, Италия Республикасының флотында 20 жыл теңізші болып қызметін өтеп, оған өзінің барлық сый-құрметін көрсетеді. Теңіз академиясында оқып жүрген кезінде, одан кейінгі әскери қызметте Кармине әрбір бос минутын өткінші әсерлерді еске түсіруге жұмсады. Өзінің достарымен бірге тұрған бөлмесінің қабырғасында оның суреттері ілулі тұратын, ал басшылық суретшінің жұмыстарынан жиі көрме жасайтын. 1999 жыл Барбароның өмірі мен іс-әрекетіне үлкен өзгеріс әкелген жыл болды: ол итальяндық фирманың шақыруымен Алматыға келеді. Осында жүзінен жылу, көзінен күлкі шашқан сүйікті жары Шараны, достары мен суретшілерді кездестіреді, көп уақытын өз армандарын жүзеге асырған шығармашылыққа арнайды.

barbaro 3Барбаро Карминенің есімі Қазақстанда өнер сүйер қауымға кеңінен таныс. Барбароның картиналарының жанрлық қатарын, оның жазудағы көркемдік тәсілін бір қарағаннан-ақ білуге болады. Кейіпкерлерінің образдары даралықтан, жеке бастаудан ада. Кейде оларда адам бойында анда-санда болатын шиеленіскен эмоционалдық әлеуметтік мінез-құлық көрініп қалады. Кармине дәл осы Қазақстанда өз тақырыбын, өзіне тән стилін тапты. Барбаро принципшіл әрі қатаң талғампаз суретші ретінде өзі меңгерген, таныған, өз Қазақстанын тапқан жолымен жүріп келеді. Ол ел ішін көп аралайды, 20 жылдан аса уақыт бойы саяхат жасап келеді. Қайда болса да, қашан болса да үйге қайтып келіп, көрген көріністерінен түйген ойлары мен сезімдерін қосып, солардан алған әсерін қағаз әлді кенеп бетіне түсіреді.