facebook-logo  youtube logo  logo-insta  vk logo
logo gmi-ru

e-gov-kz-banner

  • Открытые данные

    open data logo

  • MYD Production

    MYD-logo-bl-sm

  • ҚР Президентінің ресми сайты

    banner7

  • ҚР Мәдениет және спорт министрлігі

    min-kult

  • Министрліктің жаңалықтары

    min-kult

  • Алматы қаласының Әкімдігі

    akimat-almaty

  • ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАРЫНА ҮНДЕУ ХАТ

    aikyn logo

gani baynov 1Жетекшілері: Ақышева Г. Ә., «Қазақстан бейнелеу өнері» орталығы кескіндеме секторының меңгерушісі, С. Көбжанова, «Қазақстан бейнелеу өнері» орталығының жетекші ғылыми қызметкері 

Ашылуы: 2015 ж. 4 қараша, сағат 16.00
Көрме 2015 ж. 30 қарашаға дейін өтеді

«Акварель. Ғани Баян» көрмесінде автордың 40-тан аса акварельдік жұмысы қойылды, оның бәрі дерлік суретшінің шеберханасынан алынды.

Ғани Баянов 1949 жылы 24 тамызда Қостанай облысы Федоров ауданындағы Қоржынкөл ауылында дүниеге келді. 1973 жылы Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін тәмамдады, Г. Сапуговтың шәкірті. 1981 жылы КСРО Суретшілер одағына мүшелікке өтті. 1980-жылдары Байкал мен Дағыстанда жұмыс істеген акварельшілердің бүкілодақтық шығармашылық тобының құрамында болды. Қазақстанда жарық көріп, Мәскеудегі Халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесіне қатысқан «Моңғол халық ертегілеріне», «Қазақ халық ертегілеріне», «Шешендік сөздерге» жасалған иллюстрациялардың авторы. 1988 жылдан 2015 жылға дейін О. Таңсықбаев атындағы Алматы көркемсурет колледжінде ұстаздық етті.

Тамаша кескіндемеші, акварельші, график Ғани Баянов Қазақстан өнеріне 1970-жылдардың соңын ала келді. Оның Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер мұражайының қорындағы «Қысқы пейзаж», «Кеш», «Таң» (Шие гүлдеген кез)», «Жауын астындағы екеу» атты ертеректе жазылған жұмыстарының өздері-ақ сыршылдығымен ғана емес, қарапайым мотивтің өзін әлдебір көрініске айналдырып жіберетін қолға ұстатпайтын жеңілдігімен, жанға жылылығымен жүректі жаулап алды. Оған ақын-суретшінің қасиеттері, Ақиқатқа ізденіс негізіндегі философия тән. Ғани Баянов жиырма жылдан бері акварельмен айналысып келеді. Акварель – қондырғылы кескіндемедегі ең бір күрделі де нәзік техника. Көрер көзге оңай болып көрінгенімен, ол мұқияттылық пен ықтияттылықты, нәзік талғам мен шамалай білуді талап етеді. Акварель – қылқалам шеберінің рухы әрекетінен пайда болатын «қылқаламның екпінді қимылына» аса сезімтал материал. Материалдың ерекше күш беретін қасиеті мен әсемдігі – оның аса маңызды қасиеттерінің бірі. 

Ғани Баянов акварельмен жұмыс істеу үшін ерекше рухани күш-қуат керек әрі ол кезде кескіндемені қоя тұрған жөн деп есептейді. Майлы бояуда көрсете алмағаныңды акварельде күңгірт түстермен беруге болады. Суретшінің акварельдері мүлтіксіз түстік шешімімен және фактуралары мен сызықтарын аса шеберлікпен тамаша қоса білуімен ерекшеленеді. Ол акварельдің әсерлі болып шығуын алдыңғы орынға қоймайды, оның дербес және мықты материал екендігін көрсеткісі келеді.

Ғани Баяновтың акварельдері бірнеше топтамаға бөлуге болады. «Шомылушы әйелдер» – кез келген ер азамат үшін gani baynov 2ойландыратын тақырып, ал шығыстық Ғани Баянов үшін ол – табиғи нәрсе. Бәрінен де бұл дала культі – айдың толысуы мен қайтуы. Оның сахараға арналған жұмыстары алыстағы 1950-жылдарға, балалық естеліктеріне қайта-қайта мойын бұрғызады. Ғани анасынан ерте айырылғандықтан, ол кілең әйелдердің, әпке-апаларының ортасында өсті... Бәрі кешке бас қосатын. Әйелдердің ақырын күбірі, керосин шамы, от, отырған қариялар мен олардың қасындағы балалар. Отбасының бірлігі осында көрініс тапты. Содан бері Ғани Баяновтың жұмыстарында сопылық философияда жан сақтайтын орынға теңестірелетін шамшырақ орын табады. «Жолаушыларда», «Үргенішке қашуда» көшпенділердің мәңгілік тақырыбы көрініс тапқан. Өмірдегі оқиғаларға құрылған бұл жұмыстар түрлі дәуірлер мен дәстүрлердің сезімдері мен күйзелістерінің керемет ұқсастығын баса көрсетіп, інжілдік желілермен үндестік тапқан.
«Шеберханада», «Кездесу», «Суретшінің жұмбақ құпиясы», «Юдифь» топтамалары – батыс өнерінің ұлы шеберлеріне жүгіну, өткен дәуір кескіндемешілерімен кездесу. Осы кезде суретші суретші мен модель тақырыбының мәңгілігі мен бірлігін қуаттай отырып, уақытпен ашық әңгімеге ашық кіріседі.

Көрменің мақсаты – Ғани Баяновтың өзі айтқандай, акварельдің мүмкіндігінің молдығын көрсетіп, оның ештеңеге бағынбайтын дербес материал екенін дәлелдеу. Өкініштісі сол, акварель Қазақстан өнерінде әлі сыры ашылып бітпеген, алыстау материал болып қалып отыр. Ә. Қастеев пен Ү. Әжиев осы техниканың саусақпен санарлық хас шеберлері болды. Кеудені қытықтаған майда нәзік сезімді тек акварель ғана сыртқа шығара алады. Бұл ешкімге ұқсамайтын суретші Ғани Баяновқа ғана тән.