facebook-logo  youtube logo  logo-insta  vk logo
logo gmi-ru

e-gov-kz-banner

  • Открытые данные

    open data logo

  • MYD Production

    MYD-logo-bl-sm

  • ҚР Президентінің ресми сайты

    banner7

  • ҚР Мәдениет және спорт министрлігі

    min-kult

  • Министрліктің жаңалықтары

    min-kult

  • Алматы қаласының Әкімдігі

    akimat-almaty

  • ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАРЫНА ҮНДЕУ ХАТ

    aikyn logo

vlasov 12015 ж. 13 қазанда сағат 16.00-де Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер мұражайында Василий Власовтың «Уақыт шытырманы» көрмесінің ашылу рәсімі болды.

Суретшінің жұмыстары А.С. Пушкин атындағы Мемлекеттік Бейнелеу өнері мұражайында, «МАРс» (Мәскеу) заманауи өнер галереясында, Калининград көркемсурет галереясында, Екатеринбург бейнелеу өнері мұражайында, Келнь заманауи өнер  мұражайында (Германия) және тағы да басқа әлем мұражайлары мен жеке коллекцияларында сақтаулы.

 

Василий Власов 1953 жылы Куйбышев облысы Безенчук селосында дүниеге келді. 

vlasov 2

1972 жылы Алматы көркемсурет училищесін тәмамдады.
1973 жылдан Мәскеуде тұрып, еңбек етеді.
1982 жылы Мәскеу полиграфия институтын аяқтады.
1984 жылдан Ресей Суретшілер одағының мүшесі.
1982-87 жж. Мәскеу полиграфия институтында сабақ берді.
1988-89 жж. КСРО Суретшілер одағының стипендиаты.

«Уақыт шытырманы» көрмесі уақыт пен кеңістік және оқиға туралы алғашқы ұғымдарды өзгертетін суретші Василий Власовтың 60-тан астам жұмысын ұсынады. Суретшінің өткен ғасырдың аяғында және 2015 жылы жазылған жұмыстары оның бейнелеу міндетіне, жеке қабылдау процесіне және ойы мен сезімін жаңа образдық-пластикалық шешімде беруіне құрылған бірегей қатынастағы біртұтас туындылар.

vlasov 3«Әсіресе оның тағы суреткерлік қырын айтқым келеді. Ол – Ресей бейнелеу өнеріндегі аса танымал емес «Суретшінің кітабы» бағытындағы алдыңғы қатарлы шебер. Менің ойымша, ол өзінің шығармашылығында кейде аса түсінікті емес, бірақ өте мәнерлі әрі бей-жай қалдырмайтын өзінің танымал пластикалық тілімен, өзінің бейнелер жүйесімен қызықты, өізіндіке бітімі бар автор толығымен ашылады» – дейді суретші К. Кузьминых.

«Уақыт шытырманы» көрмесі уақыт пен кеңістік және оқиға туралы алғашқы ұғымдарды өзгертетін суретші Василий Власовтың 60-тан астам жұмысын ұсынады. Суретшінің өткен ғасырдың аяғында және 2015 жылы жазылған жұмыстары оның бейнелеу міндетіне, жеке қабылдау процесіне және ойы мен сезімін жаңа образдық-пластикалық шешімде беруіне құрылған бірегей қатынастағы біртұтас туындылар.

Суретшінің «Ұшқыр балық» (1990), «Мұнаралар» (1998), «Сұхбат» (2013) атты кескіндемелік туындыларының композициясы дүниенің бәрі сыйып кететіндей кең, әуе кеңістігіне және өзіндік ішкі тербеліске толы. Шебердің абстрактылай білуі, оның ой-санасындағы қиялдары туындының vlasov 4идеясын барынша шынайы жеткізуге жету үшін сан түрлі көркемдік тәсілдерді пайдаланып, таңбалы бейнелерде берген. В. Власовтың зияткерлік дайындығы талдап, бейнелеу мен оқуда стереотиптерден ажырай білуге иек артады.Оның «Өздігінен тұру» (2015), «Графемалар» (2011), «Алтын концерт» (2012) триптихтары осының мысалы. Оның туындылары әрбір адамның құбылысты жинақтаудың рухани қажеттілігіне және олардың мәнін түсінуге ұмтылдырады.

С. Көбжанова, өнертану ғылымының кандидаты,
«Қазақстан бейнелеу өнері» орталығының жетекші ғылыми қызметкері