facebook-logo  youtube logo  logo-insta  vk logo
logo gmi-ru

e-gov-kz-banner

  • Открытые данные

    open data logo

  • MYD Production

    MYD-logo-bl-sm

  • ҚР Президентінің ресми сайты

    banner7

  • ҚР Мәдениет және спорт министрлігі

    min-kult

  • Министрліктің жаңалықтары

    min-kult

  • Алматы қаласының Әкімдігі

    akimat-almaty

  • ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАРЫНА ҮНДЕУ ХАТ

    aikyn logo

katya shkol 1ҚР Мемлекеттік Ә. Қастеев атындағы өнер музейінде Катя Школьниктің «Жоғалған уақыттың генетикалық қоды» атты жобасы
Artwin Gallery-мен бірге дайындалды
Artbat Fest аясында өтеді
Кураторлар: Виталий Пацюков және Мариана Гогова
Баспасөз мәлімдеме – 28 тамыз, сағат 15.00
Көрме 2015 жылдың 30 тамыз – 28 қыркүйек аралығында өтеді
Виталий Пацюковтың лекциясы «Жиырмасыншы жылдардың мәдениеті және оның заманауи мәні: конструктивизм идеясынан Илья Кабаковтың «коммуналдық» стратегиясына дейін» - 29 тамыз, 13.00

Қала болатынын білемін, бақ гүлдейтінін білемін...
Владимир Маяковский

Жоспар жақсы болады, мынадай жағдайда, егер ол
адамдардың бас бостандығын барынша сақтай отырып,
бір-бірімен қарым-қатынасын қамтамассыз етсе ғана.
Ле Корбюзье

Катя Школьниктің katya shkol 2жобасы тарихты, басынан тұрақты апаттарды өткізіп келе жатқан әдеттен тыс даму жүйесі ретінде қарастырады. Оның бейнесі тек қимыл, қоғалыс барысында ғана көрінбейді, сонымен бірге тоқырап, тоқтап қалған сәттерде жылжу мен дамудың араласуы түс көрген шақтың ғажаптығын еске түсіреді. Школьниктің тұжырымында тарих өзінің дамуын баяулата, тоқтата келе бағытттардың басқа жүйесіне түседі. Ол жарақаттана қиратылу жағдайына өте отырып, тепе-теңдік пен мәдениеттің жадысымен толығу үшін өзінен метафизикалық деңгейдегі тыныштықты табады.

katya shkol 7Оның мазмұны бұл сынақты шақта Жак Дерриданың айтуы бойынша «бұзылғанда ашылады». Бұзылу технологиясы бұл жобада Катяның шығармашылық қуатының негізгі әдісіне айналады. Аңызға айналған Қаржыхалком ғимараты 1930 жылы сәулетшілер Мойсей Гинзбург пен Игнати Милинистің жобасымен тұрғызылып, социалистік тұрмыстың үлгісіндей, мінсіз қоғамның түйінді көрінісіндей ондағы барлық коммуникация «Күн қаласының» үйлесіміне бағына бір жерге жинақталғанын суретші зерттейді. 

Өзінің инсталляция жобасында Школьник идеалдардың тоқырауға душар болған katya shkol 4бейнесін, әлеуметтік мәдениеттің дағдарысының пайда болуын, Казимир Малевичтің жүзеге асырған «Күнді жеңу» метафорасын табады. Бойына «жоғалтқан уақыттың» ішкі қайшылығын сақтап қайта түлеген өмір шындығы, сондай-ақ мүлдем жаңа, арнайы нұсқауларға бағынбайтын тірі ағза ретінде көрінеді. Қаржыхалком-ның бұрынғы ғимараты өзінің жеке терең үйлесімін табу жолында оның құрамына түскен зиянды зат өзгеше генетикалық кодына айнала келе функционалдық арам ойдан адалдығымен анықталып, түс көрген шақтай жылтылдаған күйге енеді.

Катя Школьниктің үлкейткіш әйнегінде конструктивті құрылымның қиратындысы табиғи көркемдік шындықтай, ғарыш қонағының кемесіндей, болашақтан немесе ұмыт қалған тым көне мәдениетіндей ашылады. Осынау қайшылықты нүктеде, осы бір тарихтың әмбебап картасында рахат дүниенің пайдасыздықпен жарасқан, қара күш пен мазасыз әлеуметтің басқыншылығынан демалған тірлігіне мүмкіндік бере отырып, өркениет пен шынайы табиғаттың басын қосады. Школьниктің инсталляциясы бей-берекет еркіндіктің К. Малевич айтқандай «жалқаулық басынған» және табиғи пайдасыздықтың үндестігі салтанат құрғанын орыс авангарды армандаған жөйдесіз кеңістіктің әдеттен тыс әлемін жария етеді.
Виталий Пацюков