facebook-logo  youtube logo  logo-insta  vk logo
logo gmi-ru

e-gov-kz-banner

antikor-banner

arbeit macht frei ru


2021 жылдың 12 мамырынан бастап Ә. Қастеев атындағы ҚР МӨМ " Әсем Әлем" өнер академиясының дәрістер циклі басталды. Эстетикалық білім беру бағдарламасының курсы "Өнерді қабылдаудан қабылдау өнеріне" деп аталады.
Бағдарламаның негізгі курсы бір жарым сағаттан 32 сабаққа арналған. Бір реттік сабақтың құны — 1 500 теңге, студенттер, оқушылар мен зейнеткерлер үшін-500 теңге. Дәріске алған билетке мұражайға еркін барып, экспозицияларды көре аласыз.
Алғашқы дәрістер бейнелеу өнерінің негізгі жанрларына арналады. Келесі кезекте, сіздер өнертанушылардан Ежелгі Мысыр елінің, Антикалық дәуірдің, Қайта өрлеу дәуірінің және басқа да маңызды кезеңдер жайында сабақ аласыздар.
Дәрістер әр сәрсенбі күні сағат 19:00-ден 20:30-ға дейін және сенбі күні сағат 14:00-ден 15:30-ға дейін орыс тілінде өтеді. Билеттерді музей кассасынан алуға болады.