facebook-logo  youtube logo  logo-insta  vk logo
logo gmi-ru

e-gov-kz-banner

Төтенше жағдайға байланысты еліміздегі көпшілікке арналған мәдени іс-шаралардың уақытша тоқтатылғанын еске саламыз. Халықтың мәдени тынығуын ұйымдастыру мақсатында Мәдениет және спорт министрлігімен үздік спектакльдер, музыкалық қойылымдар, музейлік виртуалды экскурсиялардың онлайн көрсетілімі бойынша акция басталды. Бүгінгі күні акцияға 16 республикалық мәдениет мекемелері қосылды. Сілтемелердің тізімі Tengrinews.kz. сайтында жарияланды.

Ә.Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі сіздерді сондай-ақ «ВИРТУАЛДЫ ЭКСКУРСИЯҒА» шақырады, онда сіздер музейдің сайты, YouTube, Facebook және Instagram сияқты ресми контенттің жаңартылуын бақылап отыра аласыздар.

«ВИРТУАЛДЫ ЭКСКУРСИЯЛАР» - бұл музей коллекциясына қолжетімділіктің уақытша шектелуіне қарамастан, өнер әлемінде қалғысы келетіндер үшін арнайы жасалған музей жобасы. Жоба экскурсиялардың жүйелі түрдегі топтамасынан, сонымен қатар коллекцияның жекелеген жәдігерлерімен танысудан, музейдің тұрақты экспозициясы мен ағымдағы көрмелері бойынша онлайн серуендеуден тұрады.