facebook-logo  twitter logo  odnokl-logo  youtube logo  logo-insta  vk logo
logo gmi-ru

Көрме және экспозиция орталығы ҚР Ә. Қастеев атындағы МӨМ-нің құрылымдық бөлімшесі. Орталықтың негізгі мақсаты мен міндеттері:

- Ғылыми-экспозициялық жұмыс;

- тұрақты және уақытша көрмелердің тақырыптық-экспозициялық жоспарларын (ғылыми орталықтармен бірігіп) жасап-өңдеу;

- Мұражай залдары мен галереялардағы экспонаттардың сақталуын қамтамасыз ету;

- Мұражай қараушыларымен жұмыс; 

- Мерекелік ұрандар, газеттер, хабарламалар мен безендірулерді, тақталар жазу;

Орталық құрамы:

Аты-жөні

Байланыс

Көрме және экспозиция орталығыңың жетекшісі

Акилбекова Анжелика Руслановна 

т. 395-88-40, e-mail: madira84Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Тұрақты экспозициялар секторының меңгерушісі

Ли Галина Ивановна

 

Қор сақтаушы

Бисембаева Динара Қайырбайқызы

 

Суретшілер:

 Цейтлин Вячеслав Юрьевич (кескіндемеші)  
 

Мұхамеджанов Мұрат Сыдықұлы (график)

 

 

Заманбеков Абильсейт Бейбитович

 

 

 

 

Экспозиция – мұражайдың коммуникациялық негізін құрайды, ол ең алдымен келушілердің нақты бір кеңістікте орналасқан экспозициялық материалды көріп қабылдауы арқылы  жүзеге асады. МӨМ экспозициялары  11 зал мен 10 галереядан, ғимараттың екі қабатында орналасқан. Оның ауқымды бөлігін алып жатқан тұрақты экспозицияны құрайтын Қазақстанның көркем мәдениеті, кеңес өнері, Батыс Еуропа және Шетелдік Шығыс өнері жайлы жарқын көрініс беретін әр түрлі бай коллекциясы өткен дәуір мен замануи бейнелеу өнері шеберлерінің шығармашылығымен таныстырады.

Мұражай экспозициясын құру – ғылыми қызметкерлер мен суретшілердің дизайнерлер мен инженерлердің ортақ күшімен жасалатын күрделі зерттеу, шығармашылық және өндірісті-техникалық үрдісті қажет етеді. Мұражай экспозициясын құру алдын-ала оның жүйеге түсірілген ғылыми мазмұнынан және сәулеттік-көркемдік шешімі мен техникалық жабдықтаудан басталады.  Сондықтан экспозиция жобасының құрамдас бөліктеріне экспозицияның негізгі идеясы мен оның нақты мазмұнын өңдейтін ғылыми жобалаутақырыбын ашуда бейнелілік жағын қарастыратын көркем жобалау; әрбір жәдігердің орнын, мәтінін, техникалық құралдарын реттейтін техникалық және жұмыс жобалаулары жатады. Көрме және экспозиция орталығы ғылыми бөлімдермен бірігіп, мұражай қорындағы тұрақты экспозицияларды жасауда үлкен ғылыми жұмыс атқарады.

Көрме және экспозиция орталығы басқа да ғылыми орталықтармен бірігіп ғылыми тұжырымдамалар (мұражай экспозициясындағы заттарды іріктеу мен оларды орналастыру қаншалықты   мұражай ұжымы жасаған ғылыми тұжырымдамаға негізделсе де, олардың ғылыми-ұйымдасқан өзіндік құны бар) жасап әзірлейді. Ғылыми тұжырымдама экспозицияның мәнін ашып, болашақ экспозицияның жалпы көрінісін анықтай кетуі керек. Бұл жерде экспозицияның мақсат-міндеттері, негізгі мәселелері мен тақырыптық құрылымы, экспозициялық материалдарға сипаттама беріліп, оларды  көрсету тәсілдері ұсынылады. Ғылыми тұжырымдамада суретшінің қатысуымен тақырыптық-экспозициялық жоспарлардың жасалу жұмысы анықталады. Заңға сәйкес ТЭЖ-ға: бөлімдер мен тақырыптардың, тақырыптық кешендердің атаулары, негізгі атрибуттық мағлұматтары көрсетілген бас мәтіндер мен аннотациялар кіреді.  Этикетаж да тақырыптық-экспозициялық жоспарға кіреді  (қандай болмасын экспозицияның керекті бөлігі – этикетка; ол заттың аты мен атрибуттық мағлұматтарды беретін мәтін). 

Орталық тек тұрақты экспозициямен жұмыс істеп қана қоймай, сондай-ақ уақытша  экспозициялы көрмелер, қалыпты немесе жылжымалы көрмелер жасайды. Көрмелерде басқа мұражайлардың немесе жеке коллекционерлердің заттары қойылады, авторлық дербес көрмелер мен тақырыптық көрмелер, қор сақтаушылар көрмесі, есеп беру көрмелері өтеді. 

МӨМ Британ кеңесімен, Гете институтымен, тәжірибие жүзінде барлық елшілермен, консулдықтармен белсенді қызмет алмастырады. Сондықтан да, біздің жыл сайын келушілерге арнап жоғарыда аталған ұйымдармен бірігіп өткізетін, қызық көрмелер ұйымдастыруымызға мүмкіндігіміз бар.

Орталықтың жұмысы тұрақты экспозиция құрумен шектеліп қалмайды, уақытша экспозиция құрумен де айналысады, олар стационар және жылжымалы көрме болып екіге бөлінеді. Көрмелерде басқа мұражайлардың немесе жеке жинақтамалардың бұйымдары да жиі көрсетіледі, жеке авторлық көрмелер, тақырыптық көрмелер, қордан алынып ұйымдастырылған көрмелер, есептік көрмелер өткізіліп тұрады.