facebook-logo  twitter logo  odnokl-logo  youtube logo  logo-insta  vk logo
logo gmi-ru

 

Ұлттық мәдениеттің өркен жаюы аса өзекті болып тұрған осы шақта ҚР Ә. Қастеев атындағы МӨМ қызметінің маңызды бағыттарының бірі – халықтык-қолданбалы өнердің дәстүрлерін зерттеп, көпке таныту. Өнердің осы түрін насихаттап, елге тарату ісімен ҚР Ә. Қастеев атындағы МӨМ-нің құрамдас бөлімшесі болып есептелетін «Қазақстанның халықтык және заманауи қолданбалы өнерін зерттеу бөлімі» айналысады.

Орталық қызметінің басты мақсаттары мен міндеттерінің бірі –Қазақстан халықтық өнері туындыларын көпке танытып, насихаттау. Орталық осы қызметі арқылы мынадай жұмыстарды іске асырады:

Ғылыми-зерттеу жұмысы – Қазақстанның халықтық қолданбалы және заманауи сәндік өнері мен мәдениеті саласында таңдап алынған тақырып бойынша ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізеді. Мұражай еңбектерінде, каталогтарда, арнаулы мәдениеттанушылық, ғылыми-көркем және т.б. басылымдарда зерттеу нәтижелерін жариялайды.

Ғылыми-экспозициялық жұмыс – тұрақты және уақытша көрмелердің тақырыптық-экспозициялық жоспарын өңдеп-жетілдіреді; орталықтың тақырыбы бойынша тұрақты экспозициялар жасайды, уақытша және сыртқа алып шығатын көрмелерді құрастыруға араласады. Орталықтың көрмелері жөнінде жарнамалық материалдар аннотациялар, буклеттер, баспасөзге мәлімдемелер және т.б.) әзірлейді.

Ғылыми-таныстыру және әдістемелік жұмыс. Экскурсияға, лекцияға және т.б. бағыттарға арнап ғылыми-әдістемелік құралдар дайындайды.

Тақырыптық лекциялар мен экскурсия жүргізеді. Білім беру мекемелеріне барып лекция оқиды.

Қызметкерлер:

Орталык жетекшісі

Жұмабекова Гүлайым Мұсагұлқызы
Ғылыми қызметкер Ажарова Нұржамал Бекбосынова 
Ғылыми қызметкер  Жұваниязова Гүлнар Қуандыққызы
Ғылыми Қызметкер  Баженова Наталия Александровна