facebook-logo  twitter logo  odnokl-logo  youtube logo  logo-insta  vk logo
logo gmi-ru

Насихат және экскурсиялық қызмет көрсету бөлімі – ҚР Мемлекеттік Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайының құрылымдық бөлімшесі.

Бөлімі қызметкерлері – көркемсуреттік және мәдениет жоғары оқу орындарының түлектері. Олардың мұражайдың басты міндеттерін орындауға жұмсайтын кәсіби жігері, тәжірибесі мен машығы – мұражай қызметінің барлық түрін, оның бүкіл әлемдік өнер коллекциясын экскурсиялық және дәрістік қызмет көрсетіп, кеңінен таныстыру. Орталық қызметкерлері мәдени-ағарту қызметінің әр түрлі формаларын өңдеп-жетілдіріп, соны жүзеге асырады, бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнері саласында практикалық сабақтар ұйымдастырады, Кіші Өнер академиясының жұмысын ұйымдастырады, бұқаралық ақпарат құралдарымен, жоғары оқу орындарымен, мектептермен арада байланыс орнатады. Орталықтың қызметіне мұражай жобалары мен уақытша көрмелерді әр түрлі PR-технологияны пайдалана отырып, ақпаратпен қамту да кіреді.  

Мұражай қызметкерлері серіктес телеканалдармен бірлесіп, мұражай туралы  тележурналдар мен кеңейтілген хабарлар ұйымдастырады, көпшілікті мұражай коллекциясымен және қызметімен таныстыру мақсатымен газет-журнал беттерінде сұхбаттар мен мақалалар дайындайды. 

Орталық қызметінің негізгі бағыттары: 

- Мәдени-ағарту жұмысы (лекциялар экскурсиялар ұйымдастыру, ағарту бағдарламалары мен басқа түрлі жұмыс формаларын өңдеп, іске асыру); 

- Ақпараттық-ағарту және көрме жүмысы (БАҚ-пен, барлық деңгейдегі оқу орындарымен, Жоғары көркемсурет оқу орындарымен, қорлармен және қаланың басқа ұйымдарымен байланыс орнату, көрмені ақпаратпен қамтамасыз ету, сұхбат ұйымдастыру, шақыру билетін тарату);

- Ғылыми-әдістемелік жұмыс (жаңа тақырыптағы экскурсия әзірлеу, лекцияның жаңа тақырыбын жасау, семинарлар мен конференцияларға қатысу, оларға баяндама, газет-журналдарда көрмелер және түрлі проблемалар туралы мақалалар дайындау).

Орталық жетекшісі Танская Оксана Анатольевна
Экскурсовод Нугуманова Шолпан Мухамедқызы
Экскурсовод  Крылова Карина Васильевна
Экскурсовод  Нүсіп Ақжігіт Жанұзакұлы
Экскурсовод Каирбекова Гафура Бақытқызы
Экскурсовод Айберова Айнаш Масатбекқызы