facebook-logo  twitter logo  odnokl-logo  youtube logo  logo-insta  vk logo
logo gmi-ru

Бөлімнің негізгі міндеттері мен мақсаттары Қазақстан бейнелеу өнері туындыларын ғылыми зерттеу, атрибуцилау, тізімдеу және сараптау.  Бөлімнің қызметкерлері Қазақстан өнері туындыларының алғашқы қалыптасу сатысынан бастап барынша толық жинағын алып қарап,  олардың түрлері мен жанрларының ерекшеліктерін, Қазақстан ұлттық көркемсурет мектебін қалыптастырған қылқалам шеберлерінің шығармашылығын, тарихи кезеңдердің сипаттамасын  зерттеп-зерделейді. Қазақстан бейнелеу өнері тарихын жасау орталықтың ғылыми-зерттеу тақырыптарының ішіндегі басымдылығы бар. Бұл өнер түрі ұлтымыздың мәдениетінде дәстүрлі болмағанымен, өзінің қалыптасу процесінде қазіргі заман жағдайында жаңа ұлттық діл мен жаңаша бейнелеудің дамуына  әсер етеді. Зерттеудің нәтижесі ­– альбомдар, каталогтар, танымал журналдар мен Ә. Кастеев атындағы МӨМ еңбектерінде жарияланған  ғылыми мақалалар.  

Уақытша және жылжымалы көрмелерге жетекшілік ету орталық қызметінде маңызды орын алады. Көрме жетекшісінің көрме жобасына көрмені жүйелі түрде өңдеуден өткізіп, экспозицияны орналастыруға дейінгі іс-шаралары кешені кіреді.   

Орталықтың қызметкерлері бейнелеу өнерінің түрлі тақырыбына лекция оқып, мұражай экспозицияларына қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде экскурсия жүргізеді.   

Орталық құрылымында екі бөлімше жұмыс істейді, олар ­ кескіндеме секторы, графика және мүсін секторы.

Орталық қызметкерлері:

Орталық жетекшісі

Мамытова Самал Мұхтарқызы

Аға қызметкер Мукажанова Кульжазира
Аға қызметкер Джадайбаев Амир Жалынұлы

Ғылыми қызметкер

Мырзабекова Сандуғаш Көпболсынқызы

Ғылыми қызметкер Абильдаева Лаура Оракбайқызы 

Ғылыми қызметкер

Жубанова Гүлнур Аспысбайқызы 

Ғылыми қызметкер

Мусін Алмат Жумабекұлы