facebook-logo  youtube logo  logo-insta  vk logo
logo gmi-ru

e-gov-kz-banner

  • Открытые данные

    open data logo

  • MYD Production

    MYD-logo-bl-sm

  • ҚР Президентінің ресми сайты

    banner7

  • ҚР Мәдениет және спорт министрлігі

    min-kult

  • Министрліктің жаңалықтары

    min-kult

  • Алматы қаласының Әкімдігі

    akimat-almaty

  • ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАРЫНА ҮНДЕУ ХАТ

    aikyn logo

tan sholpan 12020 жылдың 20 ақпан күні сағат 16.00-де Ә. Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейінде «Таң-шолпан» Халықаралық тәуелсіз әйел суретшілері қоры көрмесінің ашылу салтанаты өтеді. «Таң Шолпан» қорының атауы кездейсоқ таңдалған жоқ, өйткені бұл – қайта туылу, таңғы жұлдыз және әйелдің шығармашылық қуатымен байланысты. Қорда Қазақстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Австралия, Германия, Канада, АҚШ елінен кәсіби суретшілер біріккен.

yerema 12020 жылдың 18 ақпан күні сағат 16.00-де Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Қазақстан Республикасындағы Украина Елшілігінің және «Т. Шевченко ат. Просвита Жетісу» Украина мәдени орталығының қолдауымен белгілі қазақстандық суретші, 1970 жылдан КСРО Суретшілер одағының мүшесі Ирина Яреманың шығармашылығына арналған «Алғыс айтамын» көрмесінің ашылуы өтеді. Көрме 27 ақпанға дейін жалғасады.
Көрмеде 40 аса авторлық туындылар ұсынылады. Олар шығармашылығының әр түрлі жылдарында жасалған гобелендер, кескіндемелік шығармалар, графикалық суреттер мен этюдтер.

mergenov 12020 жылдың 14 ақпан күні сағат 16.00-де Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Еркін Мергеновтің «Ретроспектива» мүсін көрмесінің ашылуы өтеді. Көрме Халық суретшісі, Қазақстан Республикасының  еңбек сіңірген өнер қайраткері, «Платиналы Тарлан» тәуелсіз сыйлығының лауреаты, профессор Еркін Мергеновтің (1940-2015) 80-жылдық мерейтойына арналып ұйымдастырылды. Еркін Тілекұлының мүсіндік туындылары – Қазақстан өнеріндегі, тұтастай алғанда халықаралық көркем практикадағы ерекше құбылыс. Ол посткеңестік кеңістіктегі және әлемнің көптеген елдерінде мүсін өнерінің білгірлері мен әуесқойлары үшін танымал. Оның жеке көрмелері Ригада (Латвия), Киевте (Украина), Бішкекте (Қырғызстан), Мәскеуде және Санкт-Петербургте (Ресей), Алматыда және Астанада (Қазақстан) өткен.

26 january2020 жылдың 26 қаңтарында Ленинград қоршауы бұзылған күнді еске алу қарсаңында, Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде ІІ дүниежүзілік соғыстың 75-жылдығына арналған Еске алу және даңқ жылының ашылуы өтті. Салтанатты ашылу петербург график-суретшісі Клим Лидің көрмесінде өтті. Ә. Қастеев атындағы ҚР МӨМ Ресей консулдығының бастамасын және іс-шараны қолдады, Ресей Бас консулдығының консулы Ирина Переверзева сөз сөйледі, ол өз сөзінде әрбір адамның, әрбір отбасының, әрбір қаланың өз соғысы болғанын атап өтті. Біздің біртұтас Отанымыздың әрбір азаматы Жеңісті бар күшімен жақындатты,- деді.

crystal garden 012020 жылдың 6 ақпан күні сағат 10.00-де Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Иржи Пачинектің «Шыны бағы» чех көркем әйнегінің бірегей көрмесі көпшілікке әйгілі шебердің қатысуымен ашылады. Көрме Нұр-Сұлтандағы Чехия Республикасының Елшілігі және Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің бірлесуімен ұйымдастырылды. Бұл дәстүрлі чех шыны мектебінің мысалы болып табылады