facebook-logo  youtube logo  logo-insta  vk logo
logo gmi-ru

e-gov-kz-banner

  • Открытые данные

    open data logo

  • MYD Production

    MYD-logo-bl-sm

  • ҚР Президентінің ресми сайты

    banner7

  • ҚР Мәдениет және спорт министрлігі

    min-kult

  • Министрліктің жаңалықтары

    min-kult

  • Алматы қаласының Әкімдігі

    akimat-almaty

  • ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАРЫНА ҮНДЕУ ХАТ

    aikyn logo

astana 12019 жылдың 5 шілде күні сағат 15.00-де Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Ә. Қастеев атындағы өнер музейі Нұрсұлтан қаласы күніне арналған, «Уақыт және суретші. Заманауи суретшілердің туындыларындағы тәуелсіздік дәуірі» атты көрмесін ұсынады. Көрмеде Ә. Қастеев атындағы ҚР МӨМ-нің қорынан алынған 40-тан астам туынды қойылады.

Тәуелсіздік жылдарында ұлттық мәдениет пен өнер еліміздің әлеуметтік жаңаруының маңызды тұтқасына айналып, ол рухани жағынан байыған азаматтарды қалыптастыруда шешуші орын алып келеді.

karlygash 12019 жылы 5 шілдеде сағат 16.00-де Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Қансейіт Қарлығаштың «Үндестік» атты жеке көрмесінің ашылуы болады. Экспозицияға автордың 30-дан аса жұмысы қойылады.

Табиғаттың сұлулығы, қазақ тұрмысының жанға жылылығы, балалық шақ тақырыбы Қарлығашты кескіндемелік композицияларды жасауға қанаттандырады. "Текелі", «Қызыл өлке», «Сайрам суы», «Таң» атты туындыларында туған өлкенің саф таза түсі берілген.

kazakh art 12019 жылдың 27 маусым күні, Алматыдағы Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде «Қазақстан бейнелеу өнерінің жұлдыздары» шағын альбомдар топтамасының тұсаукесері өтті. Олардың мақсаты – Батима Заурбекова, Вячеслава Люй-Ко, Алексей Уткин, Анара Абжанова, Шоқан Төлеш сияқты қазақстандық суретшілердің брендингін арттыру.

zhusip 12019 жылы 11 маусым күні сағат 16.00-де Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің Орталық көрме залында Дана Жүсіпованың «Шабыт» атты жеке көрмесі ашылады. Экспозицияда суретшінің 26 кескіндемелік және акварельдік жұмыстары болады.
Суретші шығармашылығының басты бағыты – пейзаж бен натюрморт. Оның шығармашылығындағы аспан кеңістігі, таулар мен су романтикалық аураға толы. Табиғат пен сәулетке деген құштарлықты суретші өзінің әрбір жұмысына түстік палитра арқылы ғана емес, ауамен де береді. Дана Жүсіпова майлы бояуға қандай шебер болса, акварельге де сондай шебер.

children 12019 жылы 1 маусым күні сағат 15.00-де Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің «Арт-зертханасында» балалар шығармшылығы көрмесінің салтанатты ашылуы болады. Экспозицияда балалардың түрлі жанр мен техникада орындаған 50-ден астам жұмысы қойылады. Шараның серіктесі – RАartGallery.