facebook-logo  twitter logo  odnokl-logo  youtube logo  logo-insta  vk logo
logo gmi-ru

e-gov-kz-banner

  • Открытые данные

    open data logo

  • MYD Production

    MYD-logo-bl-sm

  • ҚР Президентінің ресми сайты

    banner7

  • ҚР Мәдениет және спорт министрлігі

    min-kult

  • Министрліктің жаңалықтары

    min-kult

  • Алматы қаласының Әкімдігі

    akimat-almaty

  • ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАРЫНА ҮНДЕУ ХАТ

    aikyn logo

children 12019 жылы 1 маусым күні сағат 15.00-де Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің «Арт-зертханасында» балалар шығармшылығы көрмесінің салтанатты ашылуы болады. Экспозицияда балалардың түрлі жанр мен техникада орындаған 50-ден астам жұмысы қойылады. Шараның серіктесі – RАartGallery.

bead 12019 жылы 7 маусым күні сағат 16.00-де Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің Орталық көрме залында «Маржан жыры-2019» атты ІІІ Республикалық көрмесінің ашылу салтанаты болады.

Майда моншақ – қазіргі заманғы сәндік-қолданбалы өнер мен дизайндағы өзекті де танымал материал. «Маржан жыры-2019» көрмесінде 20 шебердің көпшілік назарына моншақты қолданып, әшекей, киім аксесуарлары, авторлық қуыршақтар, интерьерді сәндеу бұйымдары сияқты шығармашылық жұмыстары ұсынылған.

caravan 12019 жылдың 23 мамыр күні Art Caravan Almaline 2019 халықаралық жобасы вернисажының ашылуы өтті.


Almaline халықаралық шығармашылық тобы – классикалық жанрда жұмыс істейтін кәсіби кескіндемешілердің бейресми шығармашылық бірлестігі.

Almaline әр түрлі елдер мен қалалардағы халықаралық жобалардың ұйымдастырушысы мен қатысушысы болып табылады.

employees exh 1ҚР Ә. Қастеев атындағы өнер музейі 2019 жылы мамырдың 18-і күні, жыл сайынғы музей қызметкерлерінің қатысуымен өтетін «Көктем нұры» атты көрмесін ұсынады. Бұл көрме 18 мамыр дүниежүзілік музей күніне арналады. Көрмеге кескіндеме, графика, сәндік қолданбалы өнер туындылары қойылады.

Көрме қатысушылары: Күләтай Смағұлова, Анжелика Ақылбекова, Гүлжан Қалдыбаева, Амир Жадайбаев, Өндірбай (Тастан) Қаратаев, Ғалым Оспанов, Меруерт Мырзабекова, Аида Елеуова, Галина Сырлыбаева, Наталия Баженова, Гүлнар Жұбаниязова, Айсұлу Үсентаева, Вечеслав Цейтлин, Бахтияр Ділдәбеков, Анна Степенко, Карина Крылова, Ғафура Қайырбекова, Әсел Момбекова, Алмат Оспанов, Темірәлі Нәжімеденов.

night at museum 12019 жылғы 18 мамырда сағат 12.00-ден 24.00-ге дейін Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Халықаралық музей күні мерекесіне арналған жыл сайынғы ауқымды жоба өтеді. Халықаралық ICOM музейлер кеңесінің тұжырымдамасына сәйкес биылғы жылғы іс-шараның тақырыбы - «Музейлер мәдениет орталығы ретінде: дәстүрдің келешегі».

Арнайы шақырылған қонақ - «Lumiere» табиғат құбылыстарының шоуы
Түнгі Headliner – «Портреттер шеруінің» теңдессіз шоуы