facebook-logo  twitter logo  odnokl-logo  youtube logo  logo-insta  vk logo
logo gmi-ru

e-gov-kz-banner

  • MYD Production

    MYD-logo-bl-sm

  • ҚР Президентінің ресми сайты

    banner7

  • ҚР Мәдениет және спорт министрлігі

    min-kult

  • Министрліктің жаңалықтары

    min-kult

  • Алматы қаласының Әкімдігі

    akimat-almaty

  • ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАРЫНА ҮНДЕУ ХАТ

    aikyn logo

netske 42019 жылы 12 наурызда сағат 16.00-де Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Алматыда тұңғыш рет Жапонияның «Ағаштан жасалған заманауи нэцкэлер» атты көшпелі көрмесі ашылады. Осы көрнекті оқиғаның ұйымдастырушылары «Japan Foundation» компаниясы, Жапонияның Қазақстан Республикасындағы Елшілігі, Досым Сәтпаевтың жеке қоры, Қазақстан-Жапония достық қоғамы, Қазақстан-Жапония адам ресурстарын дамыту орталығы және Қазақстан-Жапония Жібек жолы қауымдастығы өзінің ыстық ықыласы мен достық пейілінің асқақ сыйы ретінде, көктем мерекелеріне тартымды тосын сый ретінде алпыстан астам нэцкэ туындыларын жария етеді. Бұл шағын ғана символикалық ойма мүсіндер піл сүйегінен немесе ағаштан жасалады. Ертеректе жапондар нэцкэні кілтті, әмиянды кимононың белдігіне бекіту үшін және сонымен қатар киімді сәндеп безендіру үшін де пайдаланған.

a isa 12019 жылдың 7 наурыз күні, сағат 16.00-де Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде белгілі заманауи ұйғыр суретшісі Әбдікәрім Исаның 70-жылдық мерейтойына орайластырылған «Жолбарыс каллиграфиясы. Шығармашылық кезеңдер» жеке көрмесінің ашылуы өтеді. Экспозицияда суретшінің әр түрлі жылдардағы 60 аса кескіндемелік туындылары ұсынылған. Заманауи Қазақстан және ұйғыр бейнелеу өнерінде Әбдікәрім Иса «жолбарыс каллиграфиясының» негізін қалаушысы әрі авторы ретінде танымал. Ол ойлап тапқан бұл ерекше көркемдік стиль, Шығыстың көне зооморфты бейнелі символикасын және заманауи айқын білдіру мәнерлілігін өзінде үйлесімді біріктіреді.

Female images 12019 жылдың 1 наурызынан 26 наурызына дейін музейде (ресми ашылусыз) Халықаралық әйелдер күніне және Қазақстан бейнелеу өнеріндегі әйелдер бейнелеріне арналған «Жүзінен шуақ шашқан асыл жандар» көрмесі өтеді.

Әйел бейнесі барлық уақыттарда да суретшілерді шығармашылық туындылар жазу үшін шабыттандырып келді. Әлемдік бейнелеу өнерінде өте сұлу ханымдардың кескіндемелік, мүсіндік және графикалық бейнелері ғасырлар, тіпті мыңжылдықтардан аман қалып ұлы жауһарға айналған мысалдар аз емес.

Ә. Қастеев атындағы ҚР МӨМ қорынан жинақталған «Жүзінен шуақ шашқан асыл жандар» көрмесі 8 Наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне және символы нәзік, жылулық пен нұрға толы әйел бейнесі болып табылатын көктемнің келуіне арналады.

shestidesyatniki 12019 жылдың 5 наурызында Ресей Көркемсурет академиясының музейлік-көрме кешенінде, Мәскеудегі Зураб Церетелидің өнер галереясында сағат 16.00-де баспасөз-туры және 17.00-де Ә. Қастеев атындағы өнер музейінің (Алматы, Қазақстан) «Алпысыншы-жылғылар. Түркі романтизмі» көрмесінің салтанатты ашылуы өтеді.

ХХ ғасырдың 30-50-ші жылдары, барлық жердегідей Кеңес Одағында, Қазақстанда социалистік реализм екпінді дамыды. Бірақ 60-шы жылдардың соңында жас әрі өршіл суретшілер тобы постимпрессионизм және мексикалық монументалистердің әсерімен ұлттық кескіндеме және бейнелеу өнері мектебінің өз бағдарламасымен алға шықты. «Алпысыншы-жылғылар» - өздерін 60-шы жылдардың соңы мен 70-ші жылдардың басында таныта білген топтың шартты аты. Оған Салихитдин Айтбаев, Мақым Қисамединов, Шаймардан Сариев, Тоқболат Тоғысбаев, Бахтияр Табиев, Әбдірашит Сыдыханов, Еркін Мергенов, Төлеген Досмағамбетов, Вагиф Рахманов, Исатай Исабаев, Оралбек Нұржұмаев және басқалары жатады.

kireyev 12019 жылдың 5 наурыз күні, сағат 16.00-де Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Владимир Киреевтің ретроспективті жеке кескіндеме көрмесі өтеді. Көрме суретшінің 75-жылдығына және оның шығармашылық қызметінің 45-жылдығына арналады. Экспозиция әр түрлі жылдардағы портреттер мен пейзаждарды ұсынады, олардың көп бөлігі көрмеге тұңғыш рет қойылады. Көрме 31 наурызға дейін жалғасады.

Владимир Киреев – өнердегі академиялық дәстүрге шексіз берілген кескіндемеші. Реалистік кескіндеменің негіздері КСРО Көркемсурет академиясының 1973 жылы бітірген И. Е. Репин атындағы кескіндеме, мүсін және архитектура институтындағы оқуы аясында салынды. Дәл реализм шығармашылық стиль және көркемдік әдіс ретінде Владимир Киреевтің ізденісін айқындап берді. Монументалды кескіндемеде мамандануда, Киреев ауқымды кенептердің шебері және камералық композициялардың жасаушысы ретінде танымал.