facebook-logo  youtube logo  logo-insta  vk logo
logo gmi-ru

e-gov-kz-banner

  • Открытые данные

    open data logo

  • MYD Production

    MYD-logo-bl-sm

  • ҚР Президентінің ресми сайты

    banner7

  • ҚР Мәдениет және спорт министрлігі

    min-kult

  • Министрліктің жаңалықтары

    min-kult

  • Алматы қаласының Әкімдігі

    akimat-almaty

  • ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАРЫНА ҮНДЕУ ХАТ

    aikyn logo

muz-vernissage 44 сәуір күні Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер мұражайының Қазақстан бейнелеу өнері залында «Музыкалық вернисаж» аясында «Тұран» және «Арқайым» этнографиялық-фольклорлық топтарының концерті зор табыспен өтті.

Қазақстан суретшілерінің бейнелеу өнері жұмыстарының арасындағы біздің музыкалық кештеріміздің топтамасын Қазақстаннан да тысқары жұртқа танымал «Тұран» фольклорлық ансамблі мен «Арқайым» этнографиялық-фольклорлық тобы бастады. «Тұран» ансамблі Түркия, Қытай, Оңтүстік Корея, Венгрия, Германия, АҚШ пен Францияда өткен көптеген конкурстар мен фестивальдардың лауреаты, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының грантын жеңіп алған. «Тұран» Нью-Йорктегі Карнеги-холда, Вашингтондағы Кеннеди орталығында, Берлиндегі Концерт-хаузда және т.б. әлемдік концерт залдарында өнер көрсетті. «Арқайымның» музыкасы – «Тұранның» фольклорлық эпикасы мен модерндік үннің синтезі.

bazar zhok26 наурызда Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер мұражайында жас суретшілер Диас Мырзабеков пен Радина Батпенованың көрмесі ашылды.

Диас Мырзабеков – Almaty Print Club-ты құрушы әрі оның директоры. Лондондағы Central Saint Martins-тің түлегі. Графикалық дизайн мамандығы бойынша тәмамдаған. Батпенова Радина – кескіндемеші-суретші, ҚР Суретшілер одағының мүшесі, көптеген республикалық және халықаралық көрмелер мен конкурстарға қатысушы.

Bazar Zhoq көрмесі – Almaty Print Club пен Радина Батпенованың жұмысының жылдық қорытындысы. Енді ол толық құқықты серіктес, сондай-ақ клуб курсындағы балалармен жасалатын жұмыстарға жауап береді. Almaty Print Club-тың мақсаты – Алматы суретшілеріне графикалық техниканың барлық түрлерімен жұмыс істеп, тәжірибе жасауға, сондай-ақ өз жұмыстарын басып, шығаруға мүмкіндік беру. Клуб Қазақстандағы графика және иллюстрация өнерін өркендетуге, иллюстратор-суретшілердің веб-сайттарды, журналдар мен кітаптарды коммерциялық иллюстрациялауда қолданыс тауып, оларды көркемдік қызметтің аса қажетті және кәсіби саласы етуге тырысады.

gazeyev twoӘ. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі «Тәңірі-Ұмай» заманауи өнер галереясының қатысуымен Николай Газеевтің «Зүбәржат-жасыл..» атты кескіндеме көрмесін сынады. Көрме 2015 ж. 4 наурыз күні сағат 16.00-де ашылып, 31 наурызға дейін көрсетіледі. Николай Газеевтің «Зүбәржат-жасыл..» жеке көрмесі 30 шақты туындыны қамтиды, олар су-ретшінің бұрынырақ және кейінгі кезде жазған жұмыстарының аз ғана бөлігі. Көрменің «Зүбәржат-жасыл» атауының өзі Газеев 2009 жылы өзі барған Каспий аймағының көркемдік се-зінуін анықтаған негізгі түстік басымдылық беріп, бөле-жара көрсетеді.

 

     spring exhibition 2 «Март» шығармашалық тобын көрмесінің ашылуы. КӨКТЕМ

Көрмеге 1928 жылы құрылған, отандық педагогика ғылымы мен мәдениет орта-лықтарының бірі,
Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогика университетінің түлектері қатысады. 1969 жылы
көркемсурет-графика факультеті ашылды. Көрменің көптеген қатысушылары осы жоғары оқу
орнында графика және дизайн, академиялық сурет және кескіндеме кафедрасында сабақ береді.
Олардын арасында: Абишева Онал, Бекова Гульнар, Ибрагимова Гульнар, Келденова Купан,
Кырғызбекова Светлана, Михайлова Наталья, Мурзабекова Меруерт, Назарова Нина,
Овчинникова Людмила, Рабилова Зоя, Татаева Асель, Ульданова Наталия, Шайгозова Жанерке,
Щерблюк Людмила.

national games two ЮНЕСКО-ның 70 жылдық мерейтойын мерекелеуге байланысты өтетін іс-шаралар аясында 2015 жылы 5 наурыз Ә. Қастеев атындағы ҚР МӨМ-де «Ұлттық ойындар – халық мұрасы» көрмесінің ашылуы болады. Көрме ЮНЕСКО-ның қолдауымен өтеді. Қазақ халқының дәстүрлі мәдениетіндегі қызықты да айқын құбылысқа арналған көрме Қазақстанның кескіндеме, графика және мүсін жұмыстарымен таныстырады. Бұлардың ішінде Қ. Телжанов, Е. Сидоркин, Н. Гаев, А. Гурьев, С. Айтбаев, Ә. Сыдыханов, Т. Тоғысбаев, Е. Төлепбаев, О. Нұржұмаев, К. Мамақов және басқалардың туындылары қойылды.

Ұлттық сипат ерекшеліктерін, рухының күшін, халықтың тапқыштығын көрсететін қазақ ойындарының зияткерлік және басқа спорттық түрлерінің тәлім-тәрбиелік және танымдық мәні бар.