facebook-logo  youtube logo  logo-insta  vk logo
logo gmi-ru

e-gov-kz-banner

  • Открытые данные

    open data logo

  • MYD Production

    MYD-logo-bl-sm

  • ҚР Президентінің ресми сайты

    banner7

  • ҚР Мәдениет және спорт министрлігі

    min-kult

  • Министрліктің жаңалықтары

    min-kult

  • Алматы қаласының Әкімдігі

    akimat-almaty

  • ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАРЫНА ҮНДЕУ ХАТ

    aikyn logo

yussup 12015 жылы 12 маусым күні сағат 16.00-да Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер мұражайында суретші Зайнитдин Юсуповтың ретороспективті көрмесі ашылады.

Көп ұлтты Қазақстан өнерінде ұйғыр суретшілерінің шығармашылығы лайықты орын алады. Олардың арасында Зайнетдин Юсупұлы Юсупов та бар. 60-жылдардың орта тұсында көптеген республикалық көрмелерде оның қылқаламынан ерекше мәнерлі портреттер туындады. Олардың ішінде ұйғыр интеллигенциясының өкілдері – композитор Қ. Қожамияров, жазушы З. Самади, суретші А. Шамси және тағы басқалардың бейнелері бар. Дәл осы портреттер суретші З. Юсуповтың есімін мәлім етті.

azhiev 1

ҮКІ ӘЖИЕВ
Өмірі мен шығармашылығы (1924-2015 жж.)

Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер мұражайы 2015 ж. 10 маусым күні сағат 16.00-да бейнелеу өнері мен мәдениет қауымдастығы өкілдерін ізет тұтушыларды көрнекті Қазақстан суретшісі, Қазақстан акварелінің хас шебері, ҚР Еңбек сіңірген өнер қайраткері, мәдениет және өнер саласындағы Ш. Уәлиханов атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Парасат» орденінің иегері, ҚР Тұңғыш Президенті стипендиясының лауреаты, Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының лауреаты, Ұлы Отан соғысының ардагері, Ленинград блокадасына қатысушы Үкі Әжиевті еске алуға арналған шығармашылық кешке шақырады.
Үкі Әжиев өзінің көп қырлы шығармашылығында ұлттық акварель мектебінің тұтас бір қалыптасу дәуірі мен өркен жайған шағын бейнеледі. Тынымсыз шығармашылық ізденістің, адам баласына деген, оны қоршаған ортаға деген адал махаббаттың иесі болған ол Қазақстандағы көркемдік процестің дамуында шоқтығы биік белеске айналды. Шебердің сексен жылдық шығармашылық жолы Қазақстан бейнелеу өнеріне адал қызмет етті. Өз кезегінде қазақстандықтар оның еңбегі мен шығармашылық мұрасына ерекше құрметпен әрі ризашылықпен қарайды.

firsov 12015 жылы 9 маусым күні сағат 16.00-да Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер мұражайында суретші Алексей Фирсовтың жеке көрмесі ашылады.

Алексей 1966 жылы Мәскеу қаласында дүние есігін ашқан уақыттан бастап сонда тұрып, еңбек етеді. Фирсов Мәскеу сәулет институтында білім алып, кейінгі жиырма жыл бойы Арт-Манеж, «Винзавод» заманауи өнер орталығы, Рерих мұражайы, Орталық суретшілер үйі сынды Мәскеудің жетекші көркемсурет алаңдарындағы таңдаулы көрмелерге қатысып келеді.

Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық
Өнер Академиясының «Этноөнертану»
мамандығының 2–ші курс студенті
Кабылова Ж.С.

fond 1Мемлекеттік Ә.Қастеев атындағы өнер мұражайы Қазақстан Республикасының үлкен мәдени орталықтарының бірі.1984жылы музейге Қазақстанның халық суретшісі, елімізге танымал кескіндемеші өзінің бір туар еңбектерімен ел есінде қалған Әбілхан Қастеевтің есімі берілді. Музейде әр ұлттың сан ғасырлық тарихы бар мәдениетінен және оның түрлері мен жанрларын сипаттайтын экспонаттардан жинақталған әлемдік өнер туындыларымен кеңінен танысуға болады. Музей кез келген уақытта келем деуші көрерменін құшағын ашып қарсы алуға дайын тұрады. Осындай қонақжай музейге практикадан өтуге барған біздей Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясының «Этноөнертану» мамандығының 2–ші курс студенттерінде арман жоқ. Өзімізді дәп бір Луврда жүргендей сезіндік. Мемлекеттік мұражайда практика жүргізуге мүмкіндік туа бермейді. Бұл практиканың біз үшін, болашақ өнертанушылар үшін алатын орны ерекше.

Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық
Өнер Академиясының «Этноөнертану»
мамандығының 2-ші курс студенті
Мұхтар М. Ғ.

museum 6Қазақстан Республикасы Әбілхан Қастеев атындағы өнер музейі 1935 жылы құрылып, бүгінгі таңда Орталық Азиядағы үлкен мәдени орталыққа айналып отыр. Оның жинағында Қазақстан, Ресей, Еуропа, Шығыс және басқа да елдердің өнер туындыларын қорғап-қоршап, қолдап, насихаттап, көпшілікке көрсетіп отыру. Мемлекттік Ә. Қастеев атындығы өнер музейі залдарында толық көлемде өзінің бай өнер мұрасын жинап, көркейте білген. Музейге келу, өнердің баға жетпес шығармаларындағы рухани байлықтан ләззат алу әр адамның өміріндегі ұмытылмас сәт болуға тиіс деп ойлаймыз. Қазақ бейнелеу өнерінің қалыптасуына мол еңбегі сіңген суретші еңбектерін, өмір деректерін жас буын қашанда ұмытпау керек және жан-жақты біле жүруі керек. Музей өте бай қорға ие. 2001 жылы олардың саны 21500 экспонатқа жетті. Бұлар Қазақстан бейнелеу өнерінің ерте және қазіргі кезеңіндегі шығармалары, кеңес өкіметі кезеңіндегі Орыс өнері, Батыс Еуропаның 16-20 ғасыр өнері, Үнді, Қытай, Жапон сәндік қолданбалы өнері шығармалары музейдің ғылыми қызметкерлері қор жинау, талдауда, экспонаттарды ғылыми өңдеу, сақтау, қайта жаңғырту ісінде мол тәжірибе жинай білді.