facebook-logo  twitter logo  odnokl-logo  youtube logo  logo-insta  vk logo
logo gmi-ru

e-gov-kz-banner

  • MYD Production

    MYD-logo-bl-sm

  • ҚР Президентінің ресми сайты

    banner7

  • ҚР Мәдениет және спорт министрлігі

    min-kult

  • Министрліктің жаңалықтары

    min-kult

  • Алматы қаласының Әкімдігі

    akimat-almaty

  • ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАРЫНА ҮНДЕУ ХАТ

    aikyn logo

 

round tableБүгін ҚР Ә. Қастеев атындағы МӨМ «Қазіргі заман өнеріндегі еңбек тақырыбы» атты дөңгелек стол өтті. Атаулы көрме ҚР Президенті Н. Назарбаевтың «Жалпыға ортақ еңбек қоғамы» жолдауында көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру («Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: жалпыға бірдей еңбек қоғамына 20 қадам» бағдарламасы аясында) мақсатында өткен «Еңбек – Мақсат, Өмір, Озық ой...» көрмесін қорытындылады.

Дөңгелек столға «Нұр-Отан» партиясының және Алматы қалалық әкімдігінің өкілдері, қазақстандық жетекші өнертанушылар мен мәдениеттанушылар қатысты. Олар көрмеге қойылған туындылар бойынша заманауи өнердің көкейкесті мәселелері мен кешегі өткен дәуірдің кеңестік реализм бағытындағы тақырыптарды, суретшілердің жұмыстарын және ондағы ерекшелікті талқылай пікір таластырып, өз ойларын түйіндеді.

kapterev opening ҚР Мемлекеттік Ә. Қастеев атындағы өнер музейінде 2015 жылы 27 қаңтар күні орыс суретшісі, «Алматы Барбизонының негізін салушы» Валерий Всевоволодович Каптеревтің туғанына 115 жыл (1900-1981)  толуына арналған жеке көрмесі ашты. Мәскеудегі көркемдік ортада сол өңірде мүлдем белгісіз мәскеулік суретші келіп-кетіп жүріп, Қазақстанда он жылдан астам уақыт өмірін өткізді.. Каптерев Қазақстанға алғаш БКТШ-да (Бүкілресейлік көркемсурет-техникалық шеберхана) А. Шевченконың шеберханасында оқып жүрген кезінде Торғай экспедициясының құрамында келді.
Суретші 1920-жылдары қаптап кеткен «Гармония и ритм» (Үйлесім және ырғақ), «Кескіндемешілер цехы», «Бытие» («Тұрмыс»), «Общество молодых художников» (Жас суретшілер қоғамы) сияқты көптеген бірлестіктердің жұмысына араласты.  «Цветодинамос и тектонический примитивизм» («Түстік динамика және тектоникалық қарапайымдылық») (1919) деген атауының өзі ақылға қонбайтын көрмеге қатысты. Тұрмыстық жанр кейін қалды. В.В. Каптерев пен оның маңындағы суретшілер замана мұраттарын кескіндеме тәсілдерін сіңіру үшін кескіндеменің жаңа мәнердегі мүмкіндіктерін ізденумен болды.

meldibekov exhibition

12 ақпанда ҚР Мемлекеттік Ә. Қастеев атындағы өнер музейінде Орталық Азияның алдыңғы қатарлы заманауи суретшілерінің монографиялық көрсетілім циклы басталады. Бұл көрмелер топтамасын ұйымдастырушылар Ә. Қастеев атындағы өнер музейі, Acпан Галерей және Форте Банк.

Бұл циклды қазақстандық суретші Ербосын Мелдібеков ашады. Оның монографиялық көрмесі музейде 2015 жылы 12 ақпанда ашылады. Жетекшісі Венеция биенналесіндегі Орталық Азия бірінші павильонын құрған Виктор Мизиано.

1782134 849068861783002 3217748151064949664 n ҚР Мемлекеттік Ә. Қастеев атындағы өнер музейінде 2015 жылы 20 қаңтарда сағат 16.00-де ҚР Ә. Қастеев атындағы МӨМ қорынан «Дюрерден Домьеге дейінгі Батыс Еуропа гравюрасы» атты көрменің ашылу салтанаты өтеді. 80-нан астам туынды қойылған көрмені 2015 жылдың 1 наурызына дейін тамашалауға болады. Музейдегі Батыс Еуропа гравюрасының коллекциясында көркемдік деңгейі аса жоғары 500-ден астам туынды бар. Қызметкерлердің гравюра тарихын зерттеуі 1936-1939 жылдары олар алғаш түсе бастаған кезден басталған. Мәскеу мен Ленинградтың орталық музейлері – А.С. Пушкин атындағы Мемлекеттік бейнелеу өнері музейі мен Мемлекеттік Орыс музейі біздің қорға бірнеше ондаған гравюраны берді. Келесі жолы 1956-1959 жылдары Мемлекеттік Эрмитаждан көп дүние келіп түсті. Кейінгілері де бір реттік әрі коллекциялық болды.