facebook-logo  twitter logo  odnokl-logo  youtube logo  logo-insta  vk logo
logo gmi-ru

e-gov-kz-banner

  • MYD Production

    MYD-logo-bl-sm

  • ҚР Президентінің ресми сайты

    banner7

  • ҚР Мәдениет және спорт министрлігі

    min-kult

  • Министрліктің жаңалықтары

    min-kult

  • Алматы қаласының Әкімдігі

    akimat-almaty

  • ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАРЫНА ҮНДЕУ ХАТ

    aikyn logo

Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық
Өнер Академиясының «Этноөнертану»
мамандығының 2-ші курс студенті
Мұхтар М. Ғ.

museum 6Қазақстан Республикасы Әбілхан Қастеев атындағы өнер музейі 1935 жылы құрылып, бүгінгі таңда Орталық Азиядағы үлкен мәдени орталыққа айналып отыр. Оның жинағында Қазақстан, Ресей, Еуропа, Шығыс және басқа да елдердің өнер туындыларын қорғап-қоршап, қолдап, насихаттап, көпшілікке көрсетіп отыру. Мемлекттік Ә. Қастеев атындығы өнер музейі залдарында толық көлемде өзінің бай өнер мұрасын жинап, көркейте білген. Музейге келу, өнердің баға жетпес шығармаларындағы рухани байлықтан ләззат алу әр адамның өміріндегі ұмытылмас сәт болуға тиіс деп ойлаймыз. Қазақ бейнелеу өнерінің қалыптасуына мол еңбегі сіңген суретші еңбектерін, өмір деректерін жас буын қашанда ұмытпау керек және жан-жақты біле жүруі керек. Музей өте бай қорға ие. 2001 жылы олардың саны 21500 экспонатқа жетті. Бұлар Қазақстан бейнелеу өнерінің ерте және қазіргі кезеңіндегі шығармалары, кеңес өкіметі кезеңіндегі Орыс өнері, Батыс Еуропаның 16-20 ғасыр өнері, Үнді, Қытай, Жапон сәндік қолданбалы өнері шығармалары музейдің ғылыми қызметкерлері қор жинау, талдауда, экспонаттарды ғылыми өңдеу, сақтау, қайта жаңғырту ісінде мол тәжірибе жинай білді.

Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық
Өнер Академиясының «Этноөнертану»
мамандығының 2-ші курс студенті
Жақсылықова Т.Д

museum 4Ә.Қастеев атындағы өнер мұражайы 1976 жылы Алматы қаласында құрылған. Мұражайда Қазақстан, Ресей, Батыс Еуропа, Азия және Шығыс елдерінің ерте заманнан қазірге дейін сақталған біртуар туындылары орын алған. Сонымен қатар Қазақстанның еңбек сіңірген, елге өнерімен танылған бірқатар суретшілеріміздің туындылары сақталған, олар: Ә.Қастеев, Г.Исмаилова, С.Айтбаев, Е.Төлепбаев, Х.Наурызбаев сынды мүсіншілердің ерекше туындылары сақталуда. Қазіргі таңда музейде шет елдермен байланыс жақсы дамыған. Мысалы жақында Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналып ашылған фотосурет көрмесін Америка мемлекетімен бірігіп ашқан болатын. Ең бастапқы экспонаттар Ресей елінің беделді музейлерінің бірі Третьяков галереясынан 1936 жылдарда келген. Бастапқыда көршілес елдермен тығыз байланыста болып, музейдің дамуына түрлі келісім шарттарға отырған. Кейін мүмкіндіктердің жоғарылауына байланысты мекемені дамыту мақсатында шетелмен байланыстар орнатты.

Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясының «Этноөнертану» мамандығының 2–ші курс студенті Бақытжанқызы Асем

gulnar akishevaӘ.Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайы әрқашан келем деуші қонақтарға құшағын жайып қарсы алатын мұражайлардың бірі. Халықты таңғажайып өнер туындыларымен таныстырып, өнер жолында білгендерін үйретуге тырысатын мұражай қызметкерлері әрдайым күліп қарсы алады. Бізге, яғни Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясынынң «Этноөнертану» мамандығының 2–ші курс студенттеріне мемлекеттік мұражайда практика жүргізуге мүмкіндік туды. Бұл практиканың біз үшін маңызы зор еді. Себебі болашақ өнертанушы үшін осындай беделді мұражайдан тәжірибе жинақтау үлкен жетістік деп білемін. Мұражай дегенде алдымен картиналар мен көне тарихи жәдігерлерді еске аламыз. Дегенмен, мұражай ішін аралап, түрлі көрмелер мен экспонаттардан өзге мұражай ішіндегі қарбалас, күйбің тіршілігін өз көзіңмен көргенде ғана түсінетінің анық.

3 muz verӘ. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер мұражайы 3-ші «Музыкалық вернисажға» шақырады

Париж (Франция) бен Друскининкайдағы (Литва) халықаралық пианистер конкурсының лауреаты Нұргүл Нүсіпжанова мен Мәскеуде (Ресей) және Арвиетодағы (Италияда) халықаралық вокалистер конкурсына қатысушы опера әншісі Айжан Ботабекова классикалық музыка кешін ұсынады. Концерт орыс бейнелеу өнері залында өтеді. Музейдегі орыс өнері коллекциясы көрнекті орыс суретшілері Д. Левицкийдің «Чоглокованың портретін» (1760-ж топтамасы), И. Хруцкийдің «Жеміс-жидектерін» (1840), С. Щедриннің «Неополитан жағалауын» (1829), К. Брюлловтың «Гамлет роліндегі В. Самойловтың портретін», В. Тропининнің «Е.В. Мазуринаның портретін» (1844), И. Айвазовскийдің «Теңізін», Куинджидің этюдтері мен А. Саврасовтың, И. Шишкиннің, В. Поленовтың пейзаждарын және т.б. қамтиды.

nurmukh 1aАрдагерлердің өнері олардың туындыларында өлмек емес. Сәуір-мамыр айларында соғыс ардагері, көптеген әскери наградалардың иесі – Нағымбек Нұрмұхаммедовтің туғанына 90 жыл толуына, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған ретроспективті көрмесі өтті. «Уақыт келбеті» көрмесі суретшінің басты-басты туындыларын ұсынады. Нұрмұхаммедов өзінің қырық жылдық шығармашылық өмірінде артында таудай мұра қалдырды.
Оның жастық шағы соғыс уақытына тап келді. Алматы көркемсурет училищесінің 2 курс студенті Нағымбек майданға аттанады. Ол Қара теңіз және Балтық флотында қызмет етіп, Кавказды ерлікпен қорғауға қатысты Майданда көрсеткен ерліктері үшін медальдармен марапатталды. Соғыс жылдары суретшінің өмірі мен шығармашылығында өз ізін қалдырды. Ұрыс аяқталғаннан кейін оқуын Ленинградтағы И.Е. Репин атындағы көркемсурет, мүсін және сәулет институтында жалғастырды, одан кейін аспирантураны тәмамдап, А.М. Герасимовтың жетекшілігімен кандидаттық диссертациясын қорғады.