facebook-logo  twitter logo  odnokl-logo  youtube logo  logo-insta  vk logo
logo gmi-ru

e-gov-kz-banner

  • MYD Production

    MYD-logo-bl-sm

  • ҚР Президентінің ресми сайты

    banner7

  • ҚР Мәдениет және спорт министрлігі

    min-kult

  • Министрліктің жаңалықтары

    min-kult

  • Алматы қаласының Әкімдігі

    akimat-almaty

  • ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАРЫНА ҮНДЕУ ХАТ

    aikyn logo

sec mus vernissage 1

2015 жылы 2 мамыр күні сағат Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер мұражайында 2-ші «Музыкалық вернисаж» өтті. Бұл жолы музыкалық кештердің жүргізушісі Юрий Петрович Аравин музей қонақтарын ешкімге ұқсамайтын, музыка өнерінің жаңалықтарына табынушыларының арасында беделі жоғары, заманауи композитор Сайрашпен таныстырды. Сонымен қатар концерттік бағдарламада қазақтың бүкіл этникалық аспаптарында ойнайтын белгілі мульти-инструменталист Еділ Құсайынов, Ұлттық консерваторияның аспиранты Анна Антипова, импровизатор, джаз өнеріне табынушылардың бәріне белгілі Виктор Хоменков қатысты.

sidorkin 1

Ә. Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер мұражайы ҚазКСР Халық суретшісі, ҚазКСР Еңбек сіңірген өнер қайтаркері, Ш. Уәлиханов ат. ҚазКСР Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Евгений Сидоркиннің (1930-1982) туғанына 85 жыл толуына арналған көрмесін ұсынады. 

Қазақстан графикасы жайлы сөз қозғағанда алғашқылардың бірі болып Е. Сидоркиннің туындылары көз алдымызға келетіні сөзсіз. Суретшінің шығармашылық мұрасы - қазақтың ұлттық өнері мен дәстүрін, тарихы мен әдебиетін терең зерттеп, алған тағылымының көрінісі. Ол еліміздің ертедегі және жаңа тарихын бейнелеуде шалқыған шабытының қайнар көзін халық аңызынан, көркем әдебиеттен алды. Нәтижесінде қазақ халқының өзіндік мәдениеті Сидоркин өнерінің ажырамас негізіне айналды.


mergenov 13 сәуірде Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер мұражайында Халық суретшісі, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген өнер қайраткері, Тәуелсіз «Платина Тарлан» сыйлығының лауреаты (2000) Еркін Мергеновтің «Еркіндік» атты жеке көрмесі ашылды.

Е. Мергеновтің мүсіндік туындылары – Қазақстан өнеріндегі, тұтастай алғанда халықаралық көркем практикадағы ерекше құбылыс. Оның өнеріндегі пластикалық-образдық жүйе өте-мөте өзіне ғана тән. Ондағы заттылығының басымдығы мәнерлі әрі айқын дәрежедегі күрделі апелляциялар сыртқы жағдайлармен, бүгінгі күннің үндеулерімен тектес деңгейде бастан кешкен тарихи қайшылықтармен шарттастырылған адам баласының рухани өміріне үстеме болады.

1960-1980-жылдар – Қазақстан графика өнеріндегі алтын кезең болып есептеледі. Борис boris pakПетрович Пактың шығармашылық жолы осы алтын кезеңге қатар келді. Өнердің осы бір өркендеген шағы еліміздің саяси өміріндегі жылымыққа байланысты болды. Алматыда жоғары деңгейдегі шығармалар тудыру әркімге дем берген мықты кәсіпқой шеберлерден құралған орта қалыптасты. Суретшілердің осы тұтас бір тобы Қазақстан гравюрасын алдымен бүкілодақтық, сонан кейін халықаралық деңгейге шығарды. Көрмелерге қатысу, конкурстарда қол жеткен жеңістер – осының бәрі Қазақстан графикасын танымал етті.

muz-vernissage 44 сәуір күні Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер мұражайының Қазақстан бейнелеу өнері залында «Музыкалық вернисаж» аясында «Тұран» және «Арқайым» этнографиялық-фольклорлық топтарының концерті зор табыспен өтті.

Қазақстан суретшілерінің бейнелеу өнері жұмыстарының арасындағы біздің музыкалық кештеріміздің топтамасын Қазақстаннан да тысқары жұртқа танымал «Тұран» фольклорлық ансамблі мен «Арқайым» этнографиялық-фольклорлық тобы бастады. «Тұран» ансамблі Түркия, Қытай, Оңтүстік Корея, Венгрия, Германия, АҚШ пен Францияда өткен көптеген конкурстар мен фестивальдардың лауреаты, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының грантын жеңіп алған. «Тұран» Нью-Йорктегі Карнеги-холда, Вашингтондағы Кеннеди орталығында, Берлиндегі Концерт-хаузда және т.б. әлемдік концерт залдарында өнер көрсетті. «Арқайымның» музыкасы – «Тұранның» фольклорлық эпикасы мен модерндік үннің синтезі.