facebook-logo  twitter logo  odnokl-logo  youtube logo  logo-insta  vk logo
logo gmi-ru

e-gov-kz-banner

  • MYD Production

    MYD-logo-bl-sm

  • ҚР Президентінің ресми сайты

    banner7

  • ҚР Мәдениет және спорт министрлігі

    min-kult

  • Министрліктің жаңалықтары

    min-kult

  • Алматы қаласының Әкімдігі

    akimat-almaty

  • ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАРЫНА ҮНДЕУ ХАТ

    aikyn logo

«Өткеннің даналығы –
бүгіннің баға жетпес байлығы»

Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті –
Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев

great steppe 1«Ұлы дала жаңғырығы» көрмесі біздің жас тәуелсіз республикамыз үшін маңызды мереке – Қазақ хандығының 550 жылдығына арналады. Көрерменге ұсынылып отырған экспозицияның басты мақсаты қазақ халқының тарихындағы өзінің жеке мемлекеттігін қалыптастырудың түрлі кезеңдеріндегі көзге көрінетін және көрінбейтін байланыстарын тауып, өткен мен бүгіннің сабақтастық идеясының бейнелеу және қолданбалы өнері амалдарында көрсетілуімен тұжырымдалады

Қазақ хандығының құрылу кезеңінің басы деп есептелетін XV ғасырдағы тарихи оқиға, дәлірек айтқанда, 1465 жылғы Жәнібек және Керей сұлтандардың Моғұлстанға, Шу өзенінің жағасына көшіп баруы мерейтой көрмесін өткізуге себеп болды. Осылайша, Орталық Азияда жаңа мемлекет – Қазақ хандығы пайда болды. Керей сұлтан – бірінші қазақ ханы. Жас мемлекет жайдан-жай қалыптаса қойған жоқ. Ол үздіксіз күреспен, өзіндік ұлттық біртектестікті ізденумен, біртұтас халықтың өзін-өзі тануымен қатар жүрді. Қазақ мемлекетінің қалыптасуына зор үлес қосқан Қасым хан, Хақназар хан, Әбілқайыр хан, Абылай хан, Кенесары хан сияқты көрнекті тарихи қайраткерлер патриотизмнің, ерлік пен келер ұрпақтың рухани күшінің символы болып қалып қойды.

Ә. dina 1Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер мұражайы 4-ші музыкалық вернисажға шақырады.

Дина Хамзина, меццо-сопрано, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Астана Опера» театрының әншісі. Алматыдағы Абай атындағы опера және балет теарының бұрынғы бас суретшісі, Қазақстан кескіндемесінің классигі Гүлфайрус Ысмайылованың көрмесі өтіп жатқан залда «Вердидің «Аида» және М. Төлебаевтың «Біржан-Сара» операсынан ариялар, қазақтың халық әндерін, орыс романстары мен В. Чиараның «Испан болеросын» орындайды.

3d galeryӘ. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде 2015 жылы 22 маусым күні сағат 16.00-да ҚР МӨМ-нің ұзақ жылдық «Болашақтың музейі» бағдарламасы аясында «Виртуалдық 3D галерея» инновациялық жобасын таныстыру мақсатында баспасөз конференциясы өтті. 

Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі – Қазақстанда ғана емес, коллекциясында бүкіл Орта Азия бойынша жиырма төрт мыңнан астам баға жетпес сан алуан өнер объектісі бар жетекші көркемсурет музейі. Ол Қазақстанның, Европа мен Азия елдерінің көркем мәдениетінен, өткен дәуірлер мен қазіргі заман шеберлерінің өнерінен хабар береді.

islam 1Ә. Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейі «Исламдық діни сәулет өнері» атты көрмесін ұсынады. Көрме 2015 жылдың 18 маусым күні сағат 16.00-де ашылады.

Биылғы жыл еліміздің мақтанышына айналған Алматы қаласы Ислам ұйымы ұйымдастырған шара аясындағы бағдарлама бойынша «Ислам мәдениетінің астанасы – 2015» болып жарияланды. Әлемдік қауымдастықта Алматы тек қаржы орталығы ғана емес, сонымен қатар түрлі мәдениет тоғысқан орын екендігін әрі мегаполистің діни, ұлттық, этникалық толеранттық үлгісін көрнекі түрде көрсетіп келе жатқандығы белгілі. Осы бағдарлама аясында биыл көптеген іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр.

Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі осы «Алматы - Ислам мәдениетінің астанасы» жылы қарсаңында «Исламдық діни сәулет өнері» атты көрме ұймдастырып отыр. Экспозицияға мұражай қорынан 40 жуық графика, кескіндеме және сәулет өнері фрагменттері қойылған.

yussup 12015 жылы 12 маусым күні сағат 16.00-да Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер мұражайында суретші Зайнитдин Юсуповтың ретороспективті көрмесі ашылады.

Көп ұлтты Қазақстан өнерінде ұйғыр суретшілерінің шығармашылығы лайықты орын алады. Олардың арасында Зайнетдин Юсупұлы Юсупов та бар. 60-жылдардың орта тұсында көптеген республикалық көрмелерде оның қылқаламынан ерекше мәнерлі портреттер туындады. Олардың ішінде ұйғыр интеллигенциясының өкілдері – композитор Қ. Қожамияров, жазушы З. Самади, суретші А. Шамси және тағы басқалардың бейнелері бар. Дәл осы портреттер суретші З. Юсуповтың есімін мәлім етті.