facebook-logo  twitter logo  odnokl-logo  youtube logo  logo-insta  vk logo
logo gmi-ru

e-gov-kz-banner

  • Открытые данные

    open data logo

  • MYD Production

    MYD-logo-bl-sm

  • ҚР Президентінің ресми сайты

    banner7

  • ҚР Мәдениет және спорт министрлігі

    min-kult

  • Министрліктің жаңалықтары

    min-kult

  • Алматы қаласының Әкімдігі

    akimat-almaty

  • ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАРЫНА ҮНДЕУ ХАТ

    aikyn logo

asylkoz 12019 жылдың 23 тамыз күні сағат 18.00-де Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің Орталық көрме залында дизайнер Асылкөз Тенгізбайдың авторлық әшекейлерінің аукционалды «ФЛОРА және ФАУНА» көрмесінің салтанатты ашылуы өтеді.
Асылкөз Тенгізбай – жоғары экономикалық білімі бар, шығармашылығы ерекше және оны енді ғана бастап келе жатқан әшекейлі бұйымдар дизайнері. Ол өз туындыларын жүрек қалауымен, табиғатттан шабыт алып, заманауи сән трендтерін негізге ала отырып жазады. Автор әр шығармасына белгілі бір мағына береді.

zhang bi 12019 жылы 9 тамызда сағат 16.00-де Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде «Бір белдеу – бір жол. Чжан Би Юйдің кескіндемесі» көрмесінің ашылуы болады. Қытай Халық Республикасының кескіндемешісі қоршаған ортаны өзінше қабылдауымен бізді таңғалдыра отырып, біздің музейге екінші мәрте келгелі отыр. Дәстүрлі «гохуа» кескіндемесінің классикасын Шығыс және Батыс Еуропа бейнелеу өнеріне жаңаша сәнді ықыласпен тығыз байланыстыра отырып, өз жұмыстарына барынша қызықты қолтаңба қалыптастырды. Экспозицияда 75 жұмыс бар.

almaz 12019 жылдың 1 тамыз күні, сағат 16.00-де Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде жас суретші Нұрғожаев Алмастың DEBUT атты жеке шығармашылық көрмесінің ашылу салтанаты өтеді. 

Нұрғожаев Алмас – бүгінгі қазақ бейнелеу өнеріндегі белсенді жас суретшілердің бірі. Суретшінің туындылары – оның ішкі әлемі мен жан-толғаныстарының көрінісі. Оның шығармаларын тамашалаған кезде бірінші болып көзге түсетіні – күрделі қозғалыс пен ракурсқа құрылған экспрессияға толы композициялар. Қылқалам шебері натураны жалпылау мен монументализациялауға жақын. Ол негізгі бейнені шынайы жазу үшін ғана емес, сонымен қатар оның жасырын ішкі мағынасын көрсетуді мақсат етіп қояды.

patterns 12019 жылдың 2 тамызынан 30 тамызына дейін Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде, музей қорынан "Ұлы дала өрнектері" көрмесі өтеді.

Орталық Азия көшпенділерінің доңғалақты, тар ұршықты тоқыма білдегі мен киіз үйді ойлап табуы адамзат қызметінің көптеген салаларының: машина жасау, жеңіл өнеркәсіп, сәулет және тағы басқаларының дамуына ықпал етті. Сонымен қатар, көшпенділер өркениеті «сақ-аң стилі», геометриялық, полихромды сияқты соны көркемдік стильдерді қалыптастырған ежелгі өнердің алтын бесігі болып табылады. Көшпенділер мәдениеті дәстүрлерінің сабақтастығы қазақ ою-өрнегінде және өзіндік халық қолданбалы өнерінде сақталған.

anniversary 12019 жылдың 15 шілде мен 31 тамыз аралығында Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде «МЕРЕЙ ЖАСТАҒЫ СУРЕТШІЛЕР-2019» көрмесі өтеді.

Экспозицияға 2019 жылы мерейжасқа келген Александр Риттих, Леонид Брюммер – 130, Владимир Эйферт, Всеволод Теляковский, Регина Великанова, Елена Карасулова – 125, Алексей Бортников, Мария Лизогуб, Загрутдин Назыров – 110, Нағымбек Нұрмұхаммедов – 95, Гүлфайрус Ысмайылова, Анатолий Мотузко, Александр Исаев – 90, Александр Лаптев, Евгений Умысков, Анатолий Гордеев – 85, Марис Хитахунов - 80 суретшілердің туындылары қойылды. Олардың есімдері өз елімізде де, шет елдерде де мәлім. Қылқалам шеберлерінің шығармашылық жолдары Қазақстан көркемсурет мектебінің қалыптасу кезеңі болған ХХ ғасырмен тұспа-тұс келді. Олардың әрқайсысының өнер тарихында қалдырған жарқын іздері ұлттық игілігіміздің мұрасына айналды.