facebook-logo  twitter logo  odnokl-logo  youtube logo  logo-insta  vk logo
logo gmi-ru

e-gov-kz-banner

  • Открытые данные

    open data logo

  • MYD Production

    MYD-logo-bl-sm

  • ҚР Президентінің ресми сайты

    banner7

  • ҚР Мәдениет және спорт министрлігі

    min-kult

  • Министрліктің жаңалықтары

    min-kult

  • Алматы қаласының Әкімдігі

    akimat-almaty

  • ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАРЫНА ҮНДЕУ ХАТ

    aikyn logo

skobelevaӘ. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер мұражайының Орталық көрме залында 2015 ж. 3 желтоқсанында сағат 17.00-де суретші Галина Скобелеваның көрмесінің ашылу салтанаты болады. Көрмеге автордың гобелен техникасында жасалған 40-тан астам жумыстары қойылады. 

Галина Скобелева – Қазақстан Республикасында гобелен техникасында жұмыс істейтін жетекші суретшілердің бірі. Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі, Қазақстан Республикасы қоғамдық Көркемсурет академиясының мүшесі.

Теңіз офицерінің қызы Галина Скобелева Солтүстік Германиядағы Росток портты қаласында дүниеге келгенімен, оның балалық шағы мен өмірі Қазақстанда өтті. 1972 жылдан 1976 жылға дейін Алматы көркемсурет училищесінде оқыды. Оны тәмамдағаннан кейін төрт жыл Ленинградта тұрып, еңбек етті. Эрмитажға, Орыс мұражайына, көрмелерге жиі баруы оның шығармашылық ұстанымының қалыптасуына шешуі роль атқарып, болашақтағы шығармашылығына сәтті бастау болғаны анық. Алматы театр-көркемсурет институтын ( Т. Жүргенов атындағы Ұлттық өнер академиясы) аяқтағаннан кейін диплом қорғау кезінде КСРО Мәдениет министрлігінің комиссиясы Галина Скобелеваның «Ақсу» атты дипломдық жұмысын Францияда Канны қаласындағы фестивальға қатыстыруға ұсыныс жасады.

barbaro 1Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер мұражайында 2015 ж. 20 қарашада сағат 16.00-де суретші Кармине Барбароның «Өзімді табу – өмірлік жолым» атты көрмесінің ашылу салатаны болады. Көрмеге суретшінің алпыстан астам кескіндемелік және графикалық жұмыстары қойылды.

Барбаро Кармине Апеннин түбегінің ең оңтүстігіндегі Пальма деген шағын қалада дүниеге келді. Бірақ оның балалық шағы мен жастық кезеңі әлемдегі көне қалалардың бірі Римде өтті. Храмдар мен акведуктардың сақталып қалған қалдықтары, алып Флавиев театры, Әулие Петр соборы, атақты Лоренцо Бернинидің барокко колоннасы, Сикстин капелласы мен Ватикан сайының кешені және итальян өнерінің өзге де әйгілі ескерткіштері Карминенің көкірегінде мәңгіге терең ізін қалдырды.

.

kazakh thoughts 1Ә. Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейі Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, мүсінші Тілеуберді Бинашевтің «Қазақи қиял» және суретші Жайық Күшікбаевтің «Парыз» (ата-анама арнаймын) атты жеке шығармашылық көрмелерін ұсынады. Көрме 2015 жылдың 11 қараша күні сағат 16.00-де ашылады.

Тілеуберді Бинашев 1956 жылы Шымкент облысының Байырқұм ауылында дүниеге келген. 1981 жылы Алматы көркемсурет училищесін, мүсін мамандығы бойынша бітірген. Қазақстанның еңбек сіңірген қайтарткері, ҚР Суретшілер одағының мүшесі.

auction 1Жоба: «BonArt» халықаралық аукцион уйінің 9-шы сауда - саттық аукцион алдындағы көрме

Өтетін күні: 11-21 қараша 2015 ж.

Баспасөз-айналымы: 11 қараша с. 15:00 де

Аукциондық сауда-саттық: 22 қараша с. 16:00-де

«BonArt» аукцион үйінің сарапшылары мен оның жетекшісі Максим  Ткаченко коллекциялық және мұражайлық деңгейiдегі бейнелеу өнерінің туындыларын   осы  шара  үшiн әдейi таңдаған.

Көрмеде XIX-XX ғасырдың қазақстандық,  орыс, батыс-еуропалық өткен жүз жылдықтардың  кескiндеме мектебінің шығармалары, Дюрер және Рембрандттың нақыштары, ХVIII-XIX ғасырдағы қазақтардың тұрмысы мен киімдері  бейнеленген нақыштар және Орта Азия аймағының XVII-XIX ғ.карталары ұсынылды.

 

 

gani baynov 1Жетекшілері: Ақышева Г. Ә., «Қазақстан бейнелеу өнері» орталығы кескіндеме секторының меңгерушісі, С. Көбжанова, «Қазақстан бейнелеу өнері» орталығының жетекші ғылыми қызметкері 

Ашылуы: 2015 ж. 4 қараша, сағат 16.00
Көрме 2015 ж. 30 қарашаға дейін өтеді

«Акварель. Ғани Баян» көрмесінде автордың 40-тан аса акварельдік жұмысы қойылды, оның бәрі дерлік суретшінің шеберханасынан алынды.

Ғани Баянов 1949 жылы 24 тамызда Қостанай облысы Федоров ауданындағы Қоржынкөл ауылында дүниеге келді. 1973 жылы Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін тәмамдады, Г. Сапуговтың шәкірті. 1981 жылы КСРО Суретшілер одағына мүшелікке өтті. 1980-жылдары Байкал мен Дағыстанда жұмыс істеген акварельшілердің бүкілодақтық шығармашылық тобының құрамында болды. Қазақстанда жарық көріп, Мәскеудегі Халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесіне қатысқан «Моңғол халық ертегілеріне», «Қазақ халық ертегілеріне», «Шешендік сөздерге» жасалған иллюстрациялардың авторы. 1988 жылдан 2015 жылға дейін О. Таңсықбаев атындағы Алматы көркемсурет колледжінде ұстаздық етті.