facebook-logo  twitter logo  odnokl-logo  youtube logo  logo-insta  vk logo
logo gmi-ru

e-gov-kz-banner

  • MYD Production

    MYD-logo-bl-sm

  • ҚР Президентінің ресми сайты

    banner7

  • ҚР Мәдениет және спорт министрлігі

    min-kult

  • Министрліктің жаңалықтары

    min-kult

  • Алматы қаласының Әкімдігі

    akimat-almaty

  • ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАРЫНА ҮНДЕУ ХАТ

    aikyn logo

Tsereteli 1Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде 8 қазан күні сағат 15.00-де баспасөз конференциясы өтеді, сағат 16.00-де Зураб Церетелидің жеке көрмесі ашылады.

Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің шақыруы бойынша көрмені ұйымдастырған Ресей Федерациясының Көркемсурет академиясы мен Мәскеу заманауи өнер музейі. Көрме Зураб Церетелидің соңғы бес жыл ішінде жасаған кескіндемелік және мүсіндік туындыларын ұсынады.

Зураб Церетелидің шығармашылығы, ой-толғаулары мен идеялары, қоғамдық қызметі оның тұлғалық қарымын айқындайды. Ол мыңдаған графикалық және кескіндемелік туындылар жазды және түрлі елдер мен континенттерде орнатылған жүздеген мүсіндік тамаша ескерткіштер жасады.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Ә. Қастеев атындағы art and factҚР Мемлекеттік өнер музейі
Алматы галереялары мен арт-салондарының көрмесін ұсынады
Art&Fact: Көркемсурет коллекцияларының көрсетілімі
Ашылуы: 2015 ж. 2 қазан сағат 16.00. Көрме 1 қарашаға дейін өтеді

art fact 1Қаланың қыз-қыз қайнаған көркемдік өмірі галерея, арт-салон, шығармашылық орталық сияқты түрлі арт-институттардың арқасында өтіп жатқан оқиғалармен толыға түседі. Ерекше шығармашылық атмосфера орнап, қызықты жобалар жүзеге асып жатқан, жаңа есімдер ашылып, Қазақстан өнері үшін жаңа ағымдар мен бағыттар дүниеге келген тәжірибе алаңдарының пайда болғанына да, міне, жиырма жылдан аса уақыт өтті. Қазақстан арт-рыногының туып, өркендеуіне нақ осы мәдениет және өнер ошақтарының маңызы аса зор болды.

Олар қазіргі заман суретшілерінің туындыларын коммерциялық талап етілетіндей дәрежеге жеткізіп, жеке коллекциялаудың дамуына үлкен үлес қосты.

«Германия мануфактурасы» фотокөрмесі

manufactur 12015 ж. 1–10 қазанда Алматы қаласындағы Герман Федеративтік Республикасының Бас Консулдығы Қазақстан-Герман ұйымдарымен және серіктестерімен бірігіп «Германия апталығын» өткізеді.

2015 ж. 1 қазанда сағат 16.00-де Ә.Қастеев атындағы ҚР МӨМ-де «Германия мануфактурасы» фотокөрмесінің ашылуы болады. Көрмеде «Nomad-Kazakhstan» журналының бас редакторы Анастасия Таукелованың 2014 ж. сәуір айында Германияға барған сапарында жасаған фотосуреттері қойылады. Сапарға қатысушылар Мюнхен, Нюрнберг, Вальдзассен, Дрезден және Берлин қалаларындағы он мануфактуралық өндіріс орнына барды.

Көрмеге келушілер ұрпақтан ұрпаққа беріліп келе жатқан дәстүрлі құндылықтар мен әдет-дағдылар әлеміне көз manufactur 2жүгірте алады, сонымен қатар адамның қол еңбегін алмастыратын неғұрлым жетілдірілген машиналар пайда болса да, осы қолөнердің әлі күнге дейін тіршілігін тоқтатпай келе жатқанына көз жеткізуге болады.

Көрме 2015 ж. 1 қазан, бейсенбі күні сағат 16.00-де Алматы қаласындағы Герман Федеративтік Республикасының Бас консулы, доктор Ренате Шимкорайт ханымның қатысуымен ашылады.

nasha epokha 52015 жылы 9 қыркүйекте сағат 17-00-де Қазақстанның заманауи қолданбалы өнері жас суретшілерінің «Біздің дәуір» көрмесі ашты.

«Біздің дәуір» көрмесі Қазақстан сәндік-қолданбалы өнері жас суретшілерінің шығармашылығымен таныстырады. Олардың туындылары киіз басу, тоқыма, кесте, ши өру, қыш, батик, флористика және зергерлік өнер сияқты техникаларда орындалған.

Сәндік-қолданбалы өнер өз жасаушыларынан аса төзімділікті, зейінділікті және жоғары орындаушылық шеберлікті талап етеді. Көптеген суретші замандастарымыз өздерінің шығармашылық жұмыстарында дәстүрлер сабақтастығын сақтай отырып, қазақ халқының сан ғасырлық тарихы мен өзіндік мәдениетіне жүгінеді.