facebook-logo  twitter logo  odnokl-logo  youtube logo  logo-insta  vk logo
logo gmi-ru

e-gov-kz-banner

  • MYD Production

    MYD-logo-bl-sm

  • ҚР Президентінің ресми сайты

    banner7

  • ҚР Мәдениет және спорт министрлігі

    min-kult

  • Министрліктің жаңалықтары

    min-kult

  • Алматы қаласының Әкімдігі

    akimat-almaty

  • ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАРЫНА ҮНДЕУ ХАТ

    aikyn logo

graphic 15 қараша күні сағат 16.00-де Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер мұражайында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған графика өнері көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі болады.

Графика өнері адамзаттың көрем шығармашылық іс-әрекетінің көне түрінің бірінен саналады. Әлемнің көптеген елдерінде ұшырасатын қола дәуіріндегі жартастағы суреттер – осының дәлелі.
Сурет пен сызық бейнелеу өнерінің негізі болғандықтан, көркемсурет аспаптарын меңгеру ісі осыдан басталары анық. 

8 muz vernissage 1Ә. Қастеев атындағы ҚР МӨМ 8-ші «Музыкалық вернисажға» шақырады.

«Жібек жолының джаз кешін» Қазақстан, Өзбекстан, Грузия, Ресей, Италияда өткен халықаралық джаз фестивальдеріне қатысушы, Алматы қаласы Биг-бенд, Apples және Jazz House топтарының әншісі – Ирэнен Аравина және Екатеринбург қаласынан Сергей Проннің джаз квартеті. Концертте Гочи Сирадзе (Батуми), Сайраш Жексенбі (Алматы), Сергей Проннің (Екатеринбург) авторлық шығармалары орындалады. Концерт SILK MUSIC FEST музыкалық оқиғасының преамбуласы болмақ.

Сергей Пронь – Америка кернейшілер гильдиясының мүшесі, Ресейдің еңбек сіңірген артисі, «Өнер саласындағы үздік жетістіктері үшін» сыйлығының иесі. Джаз жайындағы мақалалар мен оқу құралдарының авторы, фольклорлық экспедицияларға қатысушы, аңа джазды зерттеуші.

Ә. mukazhanov 2Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде 2015 ж. 30 қазанда сағат 16.00-де Амангелді Мұқажанның «Аңыз дала» атты жеке көрмесінің ашылу салтанаты өтеді. Экспозицияға суретшінің түрлі техникада орындаған зергерлік бұйымдары, кескіндеме, графика, акварель, қондырғылары қойылған.

Аман Мұқажанов 1953жылы Семей қаласында дүниеге келді. 1987 жылы Алматы Мемлекеттік театр-көркаемсурет институтының сәндік-қолданбалы өнер факультетін көркем метал мамандығы бойынша тәмамдады. 1988 ж. этнограф Өзбекәлі Жәнібековпен және қолөнер шебері Дәркембай Шоқпарұлымен бірге «Мирас» қолөнер-шығармашылық ұйымын құруға ат салысты. ҚР Суретшілер одағының және Дизайнерлер одағының мүшесі. Көптеген республикалық және халықаралық көрме жобаларына қатысушы.

2015 жылдың 27 қазан күні сағат 16.00-де Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнерatyrau 1 музейінде Атырау облыстық Ш. Сариев атындағы көркемсурет және сәндік-қолданбалы өнер музейі қорынан «Ақжайық жағалауы сыр шертеді» атты көрменің ашылу салтанаты өтті.

Атырау облыстық Шаймардан Сариев атындағы көркемсурет және сәндік-қолданбалы өнер музейі облыс әкімдігінің 1992 жылғы шешіміне сәйкес ашылды.

vlasov 12015 ж. 13 қазанда сағат 16.00-де Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер мұражайында Василий Власовтың «Уақыт шытырманы» көрмесінің ашылу рәсімі болды.

Суретшінің жұмыстары А.С. Пушкин атындағы Мемлекеттік Бейнелеу өнері мұражайында, «МАРс» (Мәскеу) заманауи өнер галереясында, Калининград көркемсурет галереясында, Екатеринбург бейнелеу өнері мұражайында, Келнь заманауи өнер  мұражайында (Германия) және тағы да басқа әлем мұражайлары мен жеке коллекцияларында сақтаулы.