facebook-logo  youtube logo  logo-insta  vk logo
logo gmi-ru

e-gov-kz-banner

  • Открытые данные

    open data logo

  • MYD Production

    MYD-logo-bl-sm

  • ҚР Президентінің ресми сайты

    banner7

  • ҚР Мәдениет және спорт министрлігі

    min-kult

  • Министрліктің жаңалықтары

    min-kult

  • Алматы қаласының Әкімдігі

    akimat-almaty

  • ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАРЫНА ҮНДЕУ ХАТ

    aikyn logo

dieter seitz 22016 ж. 5 сәуірде сағат 16.00-де Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер мұражайында Дитер Зайттың (Германия) «Виртуалдық ландшафтар» көрмесінің ашылуы болады. Көрменің демеушісі Қазақстандағы Германия Елшілігі. 7 сәуір күні сағат 11.00-де суретшімен кездесу болып, экспозицияға экскурсия жасалады.

Дитер Зайттың «Виртуалдық ландшафтар» жобасы қазіргі Қазақстанды зерттеуге арналған. Ұзақ сапар шегіп, автор Астана, Алматы, Қарағанды, Теміртау, Өскемен қалаларында болды, еліміздің мәдени біртектестігін құрайтын мәдени-әлеуметтік үлгілерін ұғынуға тырысты. Автордың ойынша, олар – дәстүрлі қазақ мәдениеті, кеңестік социалистік мұра және капиталистік Батыстың жаһандық ықпалы. Дитердің ең қызығып зерттейтіні – қазіргі Қазақстанның мәдени алаңын қалыптастырып, қайта таныстыруда басты орын алатын осы модальдылықтардың қақтығысу нүктелері мен өзара әрекеттерінің нәтижесі.

bronze 1Гегель ойлап тапқан материяның жандану дәрежесі жөніндегі өнер түрлерін жіктеуді дамытқан Борис Моисеевич Бернштейн «кеңістіктік өнердің бірегейлігі нақ солардың өнердің барша түрінің ішіндегі жер бетіндегі үш өлшемді заттар – тасқа, балшыққа, қолаға, ағашқа барынша тереңдеп бойлауында... Олардың бәрі заттай жаратылыс болғандықтан, олар бізге зат түрінде, мысалға, храм, тостаған, қабырғаға ілінген сурет, мүсін түрінде көрінеді. Бұлар біз тұрып жатқан заттық-кеңістіктік ортаны құрайды» деді. Қатты материалды, мысалы, металды заттың шынайы мәнін ашатын рух таратушыға және Жарық дүниенің табиғатын танытушыға айналдырып, Батыс пен Шығыстың  көркемдік дәстүрінің шеберлері мүсіндік бейнелерді жасауға ерекше ықылас танытты.

"Ғажайып шам" көктемгі мұражайлық-отбасылық фестиваль
2016 ж. 29 наурыз–2 сәуір. Сағат 11.00-13. Каникулды бірге өткіземіз!

Наурыз бен 8 наурыз – көптен күткен көктемнің қос мерекесі! Табиғат жаңарған, қар еріп, бұлақтар сылдырап аққан осынау бір шақта көңілімізде бұлбұл құс сайрайды. Осындай сәттерде қиялыңа қанат бітіп, шарықтап ұшқың келеді, таңғажайып істер жасағың келе береді... Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер мұражайының шығармашылық аудиториясында Сіздер де, сіздердің балаларыңыз да өз қолдарыңызбен сәнді әшекейлер мен мерекеге керемет сыйлық жасап аласыздар. Өзіңізді де, жақын туыстарыңызды да қуантатыныңызға кәміл сенімді болыңыз!

strana sovetov 32016 жылы 29 наурызда Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің  Орталық көрме залында (Желтоқсан көшесі, 137, Жамбыл к. қиылысы) сағат 16.00-де «Кара Гюрла» антиквар салонының коллекциясынан «Кеңес елінің өнері» көрмесінің баспасөз туры, сағат 17.00-де көрменің ашылуы болады.

«Кара Гюрла» антикварлық салоны жүз жылдық дата қарсаңында КСРО-ның бұрынғы одақтас республикалары – Қазақ КСР-і, Қырғыз КСР-і, Өзбек КСР-і, Закавказье республикалары – Грузин КСР-і мен Армян КСР-інің социализм дәуіріндегі туындыларының көрмесін, дәл кеңес кезеңінде қалыптасқан ұлттық бейнелеу өнері мектептерін ұсынады.