facebook-logo  youtube logo  logo-insta  vk logo
logo gmi-ru

e-gov-kz-banner

  • Открытые данные

    open data logo

  • MYD Production

    MYD-logo-bl-sm

  • ҚР Президентінің ресми сайты

    banner7

  • ҚР Мәдениет және спорт министрлігі

    min-kult

  • Министрліктің жаңалықтары

    min-kult

  • Алматы қаласының Әкімдігі

    akimat-almaty

  • ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАРЫНА ҮНДЕУ ХАТ

    aikyn logo

zhienbai 12016 жылдың 15 сәуірінде, сағ. 16.00-де Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік Ә. Қастеев атындағы өнер музейінің Орталық көрме залында ҚР Суретшілер одағының мүшесі Жиенбай Орынбаевтың «Туған жер әуені» атты жеке шығармашылық көрмесі ашты. Экспозицияда суретшіні 30-дан астам кескіндеме туындылары қойылған.

Жиенбай Баирұлы Орынбаев 1962 жылы ОҚО Сарыағаш ауданында туған. 1982-1987 жылдары Ташкент қаласындағы Мемлекеттік педагогикалық институтының Көркем-графикалық факультетінде дәріс алып, бітіргеннен кейін 1987 жылы Сырдарья Педагогикалық училищесіне көркем-сурет пәндерінің мұғалімі ретінде жіберілді. 2003 жылы туған жері Сарыағашқа қайтып оралды. Қазіргі уақытта ЮНЕСКО клубының А. Қастеев атындағы Өнер және техникалық дизайн мектебінде сабақ береді.

I am nomad 12016 ж. 6 мамыр күні сағат 16.00-де Ә. Қстеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде екі ұрпақтың суретшілері – Вагиф Рахманов (Қазақстан) пен Наргис Рахманова-Дресслердің (Қазақстан-Германия) «МЕН – КӨШПЕНДІМІН» көрмесінің ашылуы болады. Келушілерге екі суретшінің жұмыстарын қарап шығып, олардың жеке көзқарастары мен идеяларының тоғысқан жерлерін қадағалау мүмкіндігі беріледі.

Екі суретші де ДЫБЫС пен КЕҢІСТІККЕ ерекше орын бере отырып, объектілердің формасын әр қырынан жасауды қарастырады да, әлемге деген басқа адами көзқарасты ілгері жылжытады.

beskonechnost 1Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде 2016 жылдың 14 сәуір күні сағат 18.30-да суретші Асемқұл Бейбіттің / BEISEBALA «SHEKSIZDIK» атты жеке көрмесінің ашылу салтанаты болады. Көрмеге суретшінің отыздан астам графикалық туындылары қойылды. Көрме 2016 жылдың 5 мамырына дейін өтеді.

Бейбіт Асемқұл 1985 жылы Алматы обл., Ұзынағаш ауылында дүниеге келген.
ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы қорының лауреаты
ҚР «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты
2004 жылы Ә. Қастеев атындағы Республикалық көркемсурет колледжін тәмамдады.
2009 жылы Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясын бітірген, Жұмақын Қайрамбаевтің шәкірті.
2012 жылдан ҚР Суретшілер одағының мүшесі
2012 жылдан бері Астана қаласындағы Қазақ Ұлттық өнер университетінде ұстаздық қызмет атқарып келеді.

double line 1Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде 2016 жылдың 13 сәуір күні сағат 16.00-де Гүлнар Асқарова (Қазахстан) мен Бақыт Қарашевтың (Қырғызстан) «Қос жол» атты көрмесінің ашылу салтанаты болады. Көрме 2016 жылдың 4 мамырына дейін өтеді.

«Қос жол» көрмесі суретшілер Гүлнар Асқарова мен Бақыт Қарашевтың шығармашылық дуэті мен отбасылық одағын құрайтын кескіндемелік туындыларын біріктіреді. Отыздан аса авторлық жұмыс өмір бойы бірге келе жатқан екі суретшінің негізгі шығармашылық ізденісін көрсетеді. Әрқайсысының өздеріне тән танымал қолтаңбасы бола тұра, оларды дүниенің сұлулығы мен жарасымын кескіндеме тәсілдерімен бейнелеуге ұмтылысы түйістіреді.

wopswede 12016 жылдың 15 сәуір күні сағат 18.00 Ә. Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер мұражайында

Паула Модерзон-Бекер және Ворпсведе суретшілері
Суреттер мен гравюралар / 1895 – 1906 көрмесінің ашылу салтанаты өтеді.

Паула Модерзон-Бекер мен оның Ворпсведелік әріптестерінің алпыстан астам суреттері
мен гравюраларынан және Модерзон-Бекердің өмірінен алынған деректі фотографиялардан құралған көрме XIX–ХХ ғ. неміс өнерінің ең маңызды тарауларының бірі туралы сыр шертеді.

1880 жылдардың соңында бірнеше жас суретші Бремен қаласына жақын орналасқан Ворпсведе деген кішкентай ауылға қоныс теуіп, суретшілер қауымдастығын құрады. Олар өз туындыларын сол шалғай өлкенің таза табиғаты мен тұрғындарына және олардың патриархалдық сипаттағы тұрмыс салтына арнайды.