facebook-logo  youtube logo  logo-insta  vk logo
logo gmi-ru

e-gov-kz-banner

  • Открытые данные

    open data logo

  • MYD Production

    MYD-logo-bl-sm

  • ҚР Президентінің ресми сайты

    banner7

  • ҚР Мәдениет және спорт министрлігі

    min-kult

  • Министрліктің жаңалықтары

    min-kult

  • Алматы қаласының Әкімдігі

    akimat-almaty

  • ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАРЫНА ҮНДЕУ ХАТ

    aikyn logo

grigorian 12016 жылы 10 мамыр күні сағат 16.00-де Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Елена, Владимир және Эльвира Григорьяндардың "Уақыт өрнектері" көрмесінің ашылуы болады.

Уақыт пен кеңістік өмірде бардың бәрін дәйектейді. Адам – уақыттың мәнін біліп, оның өтетінін жете ұғынып, өмірдегі барлық құбылыстарға ықпал ететінін түсінген табиғаттың дара жаратылысы. Ол иллюзияға келіп, оның есебін шығару үшін жоспарлар мен жұмыс кестесін меңгеруге болатын хронометрді ойлап шығарады. Болатын жағдайларға байланысты уақытқа түсінігі өзгереді, сонда біз оны асықтырамыз немесе оның соншалықты шапшаң қарқынмен өтіп бара жатқанына қынжыламыз. Адамның көзі объектінің өзгерген сәтін – қауыздың гүлге айналғанын немесе баланың өскенін сезуге қабілетті емес, бірақ адам баласының сана-сезімі олардың айқындығына қайран қалып, бұл өзгерістерді белгіліп қояды. Тұрмыстың осы түйінді категориясының көркемдік және философиялық ұғымы Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейіндегі Григорьяндар отбасы ұйымдастырған «Уақыт өрнектері» көрмесінің басты тақырыбына айналған.

minelli 12016 жылы 17 мамыр күні сағат 18.30-да Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Лугано мэрі Марко Боррадори мен Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек арасындағы сауда, ғылым және технологиялардағы ынтымақтастық меморандумына қол қоюына орайластырылған швейцарлық фотосуретші Жан Паоло Минеллидің «Қалалардың терісі, қалалықтардың терісі» атты көрмесінің ашылуы болады. Көрмені ұйымдастырушы Қазақстан мен Тәжікстандағы Швейцария Елшілігі мен «Еуразия мәдени альянсы» ҚҰ, қаржылық қолдау жасаған «Қазақмыс» ЖШС.

Экспозицияға Буэнос-Айресте, Парижде, Брнода және Өскеменде жасалған суреттер кіреді. 2014 жылының қазан айында «Kazzinc» компаниясының шақыруымен Жан Паоло Минелли Өскемен қаласынаралады.

violin 1

Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі 2016 ж. мамыр күні 5 «Скрипканың бесінші ғасыры» атты музыкалық вернисажға шақырады!

Скрипка – ішекті-ыспалы музыка аспабы. Профессор Мациевский «Жануарға қарсы бағытталған садақ – аңшылық, садаққа қарсы бағытталған садақ – соғыс, садақ пен садақ айқасса – махаббат пен музыка!» деген. Қорқыт ата ойлап тапты дейтін ысқы осылай пайда болған. Ал скрипканың арғы тегі – қобыз. Арабтың ребеб, испанның фидель, ағылшынның кроттасы да скрипканың арғы аталары саналады, олардың бірігуінің нәтижесінде виола аспабы дүниеге келді. Скрипканың итальянша виалано атауы осыдан келіп шыққан. XVI ғасырда қазіргі түріне келіп, XVIІ ғасырда кеңінен тараған.

deti 12016 ж. 30 сәуірде сағат 15.00-де Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде «Игіліктің бастауы – балалар/Дети творят добро» атты бірінші қайырымдылық фестивалі өтеді. Фестивальды Динара Машкееваның және музейдің бастауымен «Өнерленд» қоғамдық қоры ұйымдастырды.

«Игіліктің бастауы - балалар/Дети творят добро» бірінші қайырымдылық фестивалі Алматы қаласының мың жылдығына орайластырылды. Атаулы жоба бүгінгі күні өзекті болып отырған балалар мен жасөспірімдерді өзін-өзі шығармашылық жағынан танытуға ынталандыру – жеке тұлғаны қаалыптастыру тақырыбына қоғамның назарын аудару үшін құрылған көркемдік-мәдени шаралар кешені болмақ.

sabina 12016 жылдың 20 сәуірінде, сағ. 16.00-де Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің Орталық көрме залында Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының кескіндеме факультетінің студенті Сабина Рамазанованың «Әйеді қошеметтеу өлеңі» атты жеке шығармашылық көрмесі ашылады.

«Сен - әйелсің және сен -көктемсің» формуласын Сабина Рамазанова осы Алматыда өтетін үлкен көрмесінің арқауы деп санайды. Экспозицияда жас суретшінің 100-ден астам туындылары қойылады. Олардың көбісі әйелдер портреті.
Бұл жас суретшінің бесінші шығармашылық көрмесі. Сабина бірінші көрмесін 2011 жылдың көктемінде 17 жасында өткізді.