facebook-logo  youtube logo  logo-insta  vk logo
logo gmi-ru

e-gov-kz-banner

  • Открытые данные

    open data logo

  • MYD Production

    MYD-logo-bl-sm

  • ҚР Президентінің ресми сайты

    banner7

  • ҚР Мәдениет және спорт министрлігі

    min-kult

  • Министрліктің жаңалықтары

    min-kult

  • Алматы қаласының Әкімдігі

    akimat-almaty

  • ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАРЫНА ҮНДЕУ ХАТ

    aikyn logo

kasteev 12016 жылы 30 мамырда,  сағ. 15:00 де  Ә. Қастеевтің Музей - үйінде «Ә. Қастеев және бүгінгі қазақ кескіндемесі» атты дөңгелек үстел өтеді.

anima 1Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі 2016 ж. 2 маусым күні «Музыкалық вернисажға» шақырады!

ANIMA VOCEM (“Поющая душа») вокалдық тобы классикалық орыс өнері залында Левицкий, Хруцкий, Брюллов, Айвазовский, Саврасов, Шишкин және т.б. көрнекті орыс суретшілерінің картиналары ортасында Бах пен Гендельдің, Майерховер мен Гершвиннің және т.б. композиторлардың шығармаларын орындайды.

alma 12016 ж. 3 маусым күні сағат 15.00-де Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Алматы қаласының бас символына арналған «Алма» көрмесінің баспасөз-туры, сағат 16.00-де көрменің ашылуы болады. Экспозицияда музей қорынан кескіндемелік және мүсіндік туындылар мен Нұрлан Смағұловтың коллекциясынан тақырыптық композициялар орын алған. Көрме «Алмалы жұмақ» («Яблочный рай») Қоғамдық қорымен бірлесіп өткізіледі. 

Атауының өзінен-ақ көрініп тұрғандай баққа оранған Алматы қаласы әрдайым осы жеміспен байланыстырылады. Танымның, өмірдің, отбасының символы болған алманың сан қатпарлы түсіндірмесі оны мифтер мен аңыздарда, ауыз әдебиетінде тегіннен-тегін айтылмайтын ежелгі заманға қарай алып кетеді. Табиғаттың осы бір таңғажайып жаратылысының формасы да, түсі де, хош иісі мен дәмі де ғажап. Алма көрменің «басты кейіпкері» болмақ. Ұйымдастырушыларға музей қорындағы авторлары алмаға арнаған Қазақстан суретшілерінің үздік туындыларын көрсетудің тамаша сәті түсті.

2016 жылы 18 мамыр күнгі сағат 18.00-ден 19 мамырдағы сағат 02.00-ге дейін Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде жыл сайынғы «Музей түні» көркемдік-мерекелік акциясы өтеді. 

Тарихқа «Музейлердің ұзақ түні» деген атпен енген «Музей түні» алғаш рет 1997 жылы Берлин қаласында өтті. Мереке идеясы әлдеқайда бұрынырақ, 1970-жылдары Еуропада музейге келушілерге дәстүрлі түрде тегін аралып шығуға есік ашатын. Ол кезде ол акция «Музей көктемі» деп аталып, мамыр айында өткізілетін. Ал 2001 жылдан бастап Парижде «Халықаралық музей күні» 18 мамырда өткізіліп келеді, бұл күні көрмеге еркін кіру үшін көрмелер ашық болады. Кейіннен акцияларға тақырып бере бастады. Мереке Еуропаның басты астаналарында шапшаң өріс алды. Жыл сайын өтетін акция 2005 жылы қазіргі атауына ие болды: француздар «Музей түні» музейлік-көркемдік акциясын Халықаралық «Музей түні» деп атауға ұсыныс жасады, сол жылы Еуропалық Кеңес осы идеяны бекітті. Акцияны қолдаушы Халықаралық музейлер кеңесінің (ICOM) және Еуропалық Кеңестің қадағалауымен өткізіледі.

bonart 1Жоба: «BonArt» халықаралық аукцион уйінің 10-шы сауда - саттық аукцион алдындағы көрме

Атауы: «Бейнелеу және cәндік-қолданбалы өнері»
Өтетін күні: 13-28 мамыр 2016 ж.
Баспасөз-айналымы: 13 мамыр с. 15:00 де
Жетекші: Ә. Қастеев ат. ҚР Мемлекеттік өнер музейіндегі Экскурсиялық жұмыс орталығының басшысы Оксана Танская (8 777 29 89 049)
Аукциондық сауда-саттық: 29 мамыр с. 16:00-де

«BonArt» аукцион үйі Қазақстанда 2011 жылдан бастап жұмыс істеп келеді, осы уақыт аралығында өзін сенімді және жауапты серіктес ретінде танытты. «BonArt» аукцион үйінің сарапшылары мен оның жетекшісі Максим Ткаченко коллекциялық және мұражайлық деңгейiдегі бейнелеу өнерінің туындыларын осы шара үшiн әдейi таңдаған.