facebook-logo  youtube logo  logo-insta  vk logo
logo gmi-ru

e-gov-kz-banner

  • Открытые данные

    open data logo

  • MYD Production

    MYD-logo-bl-sm

  • ҚР Президентінің ресми сайты

    banner7

  • ҚР Мәдениет және спорт министрлігі

    min-kult

  • Министрліктің жаңалықтары

    min-kult

  • Алматы қаласының Әкімдігі

    akimat-almaty

  • ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАРЫНА ҮНДЕУ ХАТ

    aikyn logo

yaroslaw 22016 жылы 7 шілдеде Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі «Кешкі саксофон» музыкалық вернисажына шақырады!

Саксофон – бельгиялық шебер Адольф Сакс жасап шығарған үрлемелі музыкалық аспап. 19 ғасырдың ортасынан бастап үрлемелі аспаптар оркестрінде қолданылады. Симфониялық оркестрде сирегірек пайдаланылады. Джаз және сол тектес музыканың негізгі аспаптарының бірінен саналады. Үні толықтай қуатты, әуезді тембрі бар және зор техникалық ойнақылығымен ерекшеленетін аспап.

kuindgi 12016 жылдың маусым айында ҚР Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік Өнер музейінде «Архип Куинджи және оның шәкірттері» атты көрме өттеді. Орыс пейзажы Ә. Қастеев атындағы ҚР МӨМ қорынан». 

Архип Куинджи – ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы орыс суретшілерінің ішіндегі ең жұмбақ әрі «оқыс» құбылыстардың бірі. И.Е. Репин бұл суретші туралы: «сексенінші жылдардың басына қарай жаңа туған ай тез толысып, аспанымызды өзінің жарығымен нұрландырды, сөйтіп бүкіл жер бетін тылсым жарқылымен дүр сілкіндірді» деп сипаттап жазды. Алғашқы картиналарын қойғаннан кейін-ақ бірден белігілі болған суретші шығармашылық қуатының нағыз күшіне келіп тұрған сәтінде ол өз тағдырын күрт өзгертеді. А. Куинджи қырық жасқа толғанда туындыларын көпшілікке көрсетуден бас тартып, «өзі» үшін ғана жұмыс істей бастады. Кескіндемешінің кейінгі кездері салған суреттері ол өлген соң ғана белгілі болды.

abuov 32016 ж. 7 маусым күні сағат 16.00-де Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері Тұрсын Әбуовтің туғанына 80 жыл, шығармашылық қызметіне 55 жыл, Қазақстанның Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына арналған «Ұлы Жібек жолы» мерейтойлық көрмесінің ашылу салтанаты болады.

Атлант мұхитынан Тынық мұхитының жағалауларына дейін созылып, бүкіл Азия құрылығын қиып өткен Ұлы Жібек жолы бүкіл әлемде зор маңызға ие болып, даңқы жер жарды. Бұл жай әшейін ғана жол емес, әлемге, сауда мен мәдени ынтымақтастыққа ұмтылған халықтарды біріктерген Шығыс пен Батыс арасындағы күрделі мәдени-экономикалық көпір болды. Суретшінің «Өмір-өзен» атты (1999-2006) тоғыз жұмысының бірі Ұлы Жібек жолына арналған. Нақ осы картинасы үшін ең ұзын «Өмір-өзен» картинасын жасаушы ретінде 2010-2013 жж. Қазақстан рекордтар кітабының қаһарманы болған суретшіге 2013 жылы осы кітаптың сертификаты берілді.

Мамыр айының аяғында Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің директоры, профессор Гүлмира Шалабаева мен сәндік-қолданбалы өнер орталығының жетекшісі Гүлайым Жұмабекова Бүкіл дүниежүзілік  түрікмен қолөнер кілемдерін жоғары бағалаушылар қауымдастығының XVI конференциясына қатысып, онда профессор Шалабаева «Кілем тоқу –  әлемдік мәдениет феномені. Сәндік-қолданбалы өнердің ұлттық ерекшеліктері және мәдениетаралық ортақтығы туралы мәселелер» тақырыбында баяндама жасады.

turkmen 1 turkmen 2