facebook-logo  youtube logo  logo-insta  vk logo
logo gmi-ru

e-gov-kz-banner

  • Открытые данные

    open data logo

  • MYD Production

    MYD-logo-bl-sm

  • ҚР Президентінің ресми сайты

    banner7

  • ҚР Мәдениет және спорт министрлігі

    min-kult

  • Министрліктің жаңалықтары

    min-kult

  • Алматы қаласының Әкімдігі

    akimat-almaty

  • ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАРЫНА ҮНДЕУ ХАТ

    aikyn logo

afisha 22019 жылдың 23 қазан күні сағат 16.00-де Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде театр жылы мен А.С. Пушкиннің туғанына 220-жыл толуына арналған жыл сайынғы «Әрқашан біргеміз» халықаралық авторлық интерьерлік қуыршақтар көрмесінің баспасөз конференциясы, ал 30 қазан күні сағат 16.00-де көрменің салтанатты ашылуы өтеді. Көрмені ұйымдастырушылар – Алматыдағы Ресейдің Бас Елшілігі, Қазақстан Республикасындағы Ресей ынтымақтастығының өкілдігі, Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі, Қазақстанның «Центр Вселенной Кукол» қуыршақшылар қоғамдастығы. Көрме 2019 жылдың 30 қазан мен 10 қараша аралығында өтеді.

«ӘРҚАШАН БІРГЕМІЗ» атты үшінші халықаралық авторлық интерьерлік қуыршатар көрмесі бір экспозициялық кеңістікте Ресей, Түркия, Франция, Бельгия, Қырғызстан және Қазақстанның ең үздік қуыршақшы шеберлерінің басын қосады. Биылғы жылы көрме аясында қуыршақ шеберлері өздерінің жұмыстарымен және әдіс-тәсілдерімен бөлісе алатын сондай-ақ басқа елдерден келген шеберлердің шығармашылығымен таныса алатын көрме, таныстырылым, шеберлік сағаттарына қатысушы қуыршақ шеберлерінің Қуыршақ форумы өтеді.

caucas 1Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде «Закавказье республикаларының өнері: Әзірбайжан, Армения, Грузия» атты жаңа экспозиция ашылды. Бұл көрме – бір кезде өмір сүрген алып ел – Кеңес Одағын таныстыратын мемлекеттердің қылқалам шеберлерінің көрмесін ашып, туындыларын көрсетуді мақсат еткен, 2017 жылы бастау алған үлкен жобаның жалғасы. Зор табыспен өткен Орта Азия және Балтық бойы республикаларының кескіндеме және мүсін коллекциялары көрерменге ұсынылғаны баршаға мәлім.

baktygerei 12019 жылы 11 қазанда сағат 16.00-де Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде суретші Әли Бақтыгереевтің шеберханасының «АЛАУ» көрмесі ашылады.

Әли БАҚТЫГЕРЕЕВ – өзіндік этноромантикалық стильде жазатын сан бояулы көрнекті суретші. Кескіндеменің пластикалық-образдық жүйесін және алуан түрлі композициялық шешімдерді жете меңгерген. Суретшінің шығармашылығында ұлттық тақырып маңызды орын алады. Қылқалам шебері Ұлы дала халықтарының дәстүрлеріне, мәдениетіне, тұрмысына ден қояды. Ол суретші ретінде де, педагог ретінде де Қазақстан заманауи кескіндеме мектебінің дамуына зор үлес қосты.

sterligov 12019 жылы 9 қазанда Автономиялық бейкоммерциялық «Диалог культур» ұйымының (Спб) және «Жауһар» картиналар галереясының қолдауымен Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде «Владимир Стерлигов пен Татьяна Глебованың графикасы. Алматы кезеңі (1942-1945) (жеке коллекциядан)» көрмесі ашылды.

Көрмеге В.В. Стерлигов пен Т.Н. Глебованың соғыс жылдарында Алматыда жазған тамаша графикалық жұмыстары (акварельдер, қарындашпен, тушьпен, қаламұшпен салынған суреттер) қойылады.

building museum 12019 жылы 4 қазанда Ұлттық сәулет музейінде (Вашингтон, АҚШ) Смитсон институты Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің жетекші ғалымдары мен зерттеушілері баяндама жасайтын «Қазақстанның сәндік-қолданбалы өнері және креативтік экономика» атты симпозиумын өткізеді. АҚШ-тағы Қазақстан Елшілігінің белсенді қолдауымен симпозиумды ұйымдастырушылар – профессор Гүлмира Кенжеболатқызы Шалабаева (Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі) және доктор Пол Майкл Тэйлор (Смитсон институты).

Өзінің қайнарбұлағын көшпелі скиф-сақ мәдениеті мен Ұлы Жібек жолынан алатын Қазақстанның қол өнері немесе сәндік-қолданбалы өнері әлемнің ғылыми және музей қауымдастығының қызығушылығын оятады.