facebook-logo  twitter logo  odnokl-logo  youtube logo  logo-insta  vk logo
logo gmi-ru

e-gov-kz-banner

  • Открытые данные

    open data logo

  • MYD Production

    MYD-logo-bl-sm

  • ҚР Президентінің ресми сайты

    banner7

  • ҚР Мәдениет және спорт министрлігі

    min-kult

  • Министрліктің жаңалықтары

    min-kult

  • Алматы қаласының Әкімдігі

    akimat-almaty

  • ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАРЫНА ҮНДЕУ ХАТ

    aikyn logo

union 2019 12019 жылдың 12 - 28 қараша күндері аралығында Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейінде Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының ұйымдастыруымен «Қазақстан суретшілерінің жылдық есептік көрмесі» өтуде.

Көрмеге қазақстандық суретшілердің кескіндеме, графика, мүсін, қолөнер туындылары (гобелен, киіз паннолар, шым ши, кушкон) қойылды. Республикалық көрмеге Алматы, Талдықорған, Қарағанды, Петропавл, Ақтөбе, Атырау, Қызылорда, Өскемен өңірінен 130 суретші қатысып отыр.

pigmalion 12019 жылдың 22 қараша күні, сағат 11.00-де Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде «Pygmalion галереясының раритеттері: еуропалық баспа графикасы мен жапон гравюрасының үздік үлгілері» көрмесі бойынша баспасөз туры өтеді. Көрме ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің белсенді қолдауымен ұйымдастырылған. Көрме 2020 жылдың 26 қаңтарына дейін жалғасады.

Бұл көрме – кемеңгер шеберлердің уақыт пен кеңістіктегі символдық сұхбаты. Pygmalion галереясының коллекциясы әлемдік деңгейдегі суретшілердің авторлық баспа графикасын ұсынады. Өткен шақ пен қазіргі кезең, Шығыс пен Батыс экспозицияның біртұтас кеңістігінде үндесе үйлесім табады.

young 12019 жылы 7 қарашада сағат 16.00-де Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің Орталық көрме залында Жас суретшілер одағының «Алматы жас суретшілері» көрмесінің ашылу салтанаты өтті.

Жастар – болашаққа апаратын алтын көпір

Елбасы жарлығымен 2019 жыл Қазақстанда жастар жылы болып жарияланды. Осыған орай, Алматы қаласы әкімдігінің Мәдениет басқармасы мен ҚР Суретшілер одағының қолдауымен, Жас суретшілер ұйымы «Алматы жас суретшілері» көрмесін ұсынып отыр. Жас суретшілер одағы елімізде алғаш рет бейнелеу өнері саласындағы шығармашыл жастардың ұйымы ретінде 2014 жылы құрылып, өз жұмысын бастаған болатын. Бүгінде олардың қатары көбейіп, көптеген қалалық, республикалық, халықаралық көрмелерге қытысып, түрлі жобалар ұйымдастырып, өздерінің көркем туындыларымен танылып, белсенді жұмыс жасап келеді.

kaz dream 12019 жылдың 6 қарашасында сағат 16:00-де Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде "Арманымдағы Қазақстан" талантты суретшілер байқауының ашылу салтанаты өтті.
2019 жылдың жазында ERG компаниясының қолдауымен "Алаш медиа групп" ұйымдастыруымен өткен жобаның үздік 30 жұмысы сурет өнерін сүйетін қауымға ұсынылады. Туындылар "Цифрлық өнер" мен "Бейнелеу өнері" деп аталатын екі санатта көрсетіледі. Жұмыстардың барлығы artdream.kz сайтында жарияланған.

restoration 12019 жылдың 21 қазан күні Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде реставрациялық есеп беру кеңесі өтті, онда музейдің реставраторлары Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейінің қорынан реставрацияланған 40 туындының жұмысы жайлы есеп берді.
Молдахмет Кенбаев, Сабыр Мәмбеев, Нағымбек Нұрмұхаммедов, Владимир Эйферт, Александр Риттих, Леонид Леонтьев, Абрам Черкасский, Гүлфайрус Ысмаилова, Әбдірашит Сыдыханов және басқа да белгілі суретшілердің кескіндеме және графикалық туындылары реставрацияланды. Бұл жұмыстардың кейбірі бүлінген және жарылған, лактың көп мөлшерде ыдырауы, бояу қабатының жойылуы кездеседі, басқаларында – пішінінің өзгеруі, қатты қабыршықталған бояу қабаты, жарықтар, сызаттар, сырылулар, түсу қаупі, ал кейбіреулері тіпті жылу желілеріндегі апат салдарынан қайнаған су тиіп күйген.